Жоспары Металдардың периодтық жүйедегі орыны, атом құрылысындағы ерекшеліктер

бет10/14
Дата22.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#192768
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Лекция 12 d -элементтер. Металдар

Барлық металдар жемірілуге бірдей ұшырамайды. Кернеу қатарында күмістен кейін тұрған бекзат металдар деп аталатын металдар мүлдем жемірілуге ұшырамайды. Кернеу қатарында магнийдің сол жағында орналасқан металдар қарама- қарсы қасиеттерге ие. Олар кәдімгі жағдайларда қоршаған ортадағы көптеген заттармен (ең алдымен, оттекпен және сумен) оңай әрекеттеседі, сондықтан олар конструкциялар мен аппараттар дайындауда қолданылмайды. Кернеу қатарының орта бөлігінде баяу жемірілетін металдар орналасқан.

Металдардың қоршаған ортаға байланысты жемірілуі химиялық және электрохимиялық деп екіге бөлінеді.

Металдардың қоршаған ортаға байланысты жемірілуі химиялық және электрохимиялық деп екіге бөлінеді.

Химиялық жемірілу электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен пайда болады. Ол металдардың әртүрлі бейэлектролиттермен, газдармен, сұйықтармен әрекеттесуінен жүреді. Бұл кәдімгі тотығу- тотықсыздану процесі.

Электрохимиялық жемірілу жиірек кездеседі. Электрохимиялық жемірілу жүруінің басты себебі- электролит ерітінділерінің болуы. Жемірілудің бұл түріне атмосферада металдық конструкцияның таттануы, өзен мен теңіз суларындағы кеме корпустары мен гидроқондырғылардың болатты арматураларын тат басуы, жер астындағы құбырлардың күйреуі мысал бола алады.

Жемірілумен күресу жолдары

1. Металдарды қорғаныштық беттік қаптамалармен қаптау.

2. Жемірілуге қарсы қасиеттері бар құймалар әзірлеу.

3. Сүйенішті қорғаныш пайдалану.

4. Орта құрамын өзгерту.

5. Металдарды жаңа қазіргі конструкциялық материалдармен алмастыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет