Жоспары Металдардың периодтық жүйедегі орыны, атом құрылысындағы ерекшеліктер



бет11/14
Дата22.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#192768
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Лекция 12 d -элементтер. Металдар

Металдардың қолданылуы

  • Қазіргі кезде адам өмірінде металдың рөлі ерекше. Металдар техникада маңызды конструкциялық материалдар болып табылады. Олар автомобильдің, ұшақтың, зымыранның, станоктың, нақты аспаптың, электрондақ техниканың негізі.

Металдар – бұл құрылыс конструкциясы, химиялық реакторлар, құбырлар, мұнай мұнарасы және т.б. Қазіргі техникада қырықтан астам металл қолданылады.

  • Металдар – бұл құрылыс конструкциясы, химиялық реакторлар, құбырлар, мұнай мұнарасы және т.б. Қазіргі техникада қырықтан астам металл қолданылады.
  • Бірақ адам үшін қандай да бір пайдалы қасиеті болса да металдарда бүгін ғалымдар мен конструкторларға қажет қасиеттердің жиынтығы жоқ. Мысалы, алюминий электр тогын жақсы өткізеді, жеңіл, бірақ өте жұмсақ. Сондықтан таза металдар сирек қолданылады. Көп жағдайларда қазіргі машиналарды, аспаптарды және конструкцияларды жасау үшін құймалар қолданылады.

Металл құймалары

  • Құймалар – қатты ерітінділер, олар металдарды немесе металл мен басқа элементтерді бірге балқытқанда түзіледі. Металдар таза күйінен гөрі құймалар күйінде көбірек қолданылады. Мысалы:қола, жез, шойын, болат т.б.

Жиі қолданылатын құймалар:

1. Шойын – Fe, (ω(С)>1,7 % Мn, Sі, Р, S) машиналардың қозғалмайтын бөлімдерін жасауда, болат өндіруде қолданады.

2. Болат. Болатта Fe және ω(С)<1,7 % болады, оған асылдандырушы қоспалар (Cr, Mn, Ni, W) қосылады, машина жасау мен құрылыста пайдаланылады.

3. Мельхиор – 80 % Cu, 20 % Ni – тұрмыстық және әсемдік бұйымдар жасау үшін қолданылады.

4. Жез - 50 % Cu, 10-50 % Zn, моторлар жасауда қолданылады.

5. Нихром - 60 % Ni, 40 % Cr қыздыру құралдарын жасауда қолданылады.

6. Қола- Қоланың негізі - Cu, оған әртүрлі металдар қосылған.

Қоланың түрлері:

І. Қалайылы қола, (10 % Sn)

ІІ. Алюминийлі қола, (11 % Al)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет