Белгıлı бıр мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу жұмысының логикасына байланысты баска ғылымдарға да, сондай-ақ ғылыми танымның жалпы күйıне бағынышты. Бұл байланыс төрт түрге бөлıнедı. Басқа ғылымдардың (философия, социология, психология және т.б.) тұжырымдарын жинақтайтын негıзгı идеяларды, теориялық, қағидаларды пайдалану; Педагогика баска ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдıстерıн пайдаланады; Кейбıр ғылымдардың (физиология, медицина, психология жене т.б.) мәлıметтерıн, олардың зерттеулерıнıң нақты нәтижелерıн пайдалану әрекетı; Кешендı зерттеулер. Кешендıлıк - қазıргı ғылымның объективтı қасиетı.
2. Педагогика ғылымының нысаны мен пәнıне, оның негıзгı мıндеттерıне сипаттама
Қазıргı уакытта ғылым әдıснамасы мамандары «ғылым нысаны» мен
«ғылым пәнı» түсıнıктерıн ажыратып қарастырады. Нысан дегенıмıз - зерттеушıнıң танымдық
бағытталган шынайы
ал пән дегенıмıз -
нысанын (объектıсıн)
әрекетı болмыс, зерттеудıң ғылыми
тұргыдан көру тәсıлıн
бейнелейтıн зерттеу субъектıсı мен объектıсı арасындағы буын.
Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет - педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған әрекет: белгілі нәрсеге (үйренуге) үйрету және тұлғаның адами қасиеттерін тәрбиелеу, кейде мұны «мәдениет трансляциясы» деп те атайды. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттін осы түрі педагогика ғылымының өз пәні болып табылады.
Педагогика ғылымының мıндеттерı
Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердıң бiрi - үздiксiз бiлiм берудıң бiрыңғай жүйесiн жасау.
Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.
Қоғам өмiрiндегi тәрбиенıң ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнıң бiрi.
Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудıң арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.
Сондай-ақ маңызды мiндеттердıң қатарына қоғамдағы мұғалiмнıң әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудıң мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.
Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жұзеге асырылу жолдарын айқындау.