Жоспары: Сандарды «баған» түрінде қосу және азайтудың алгоритмі


Көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі93,67 Kb.
#89526
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
64934727-1b04-4316-a236-b52734f80324-Бастауыш-класта-математиканың-оқыту-әдістемесі-286726

Көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері
Осылайша көп таңбалы сандарды қосу және азайтуды түсіндіріледі.Тек тағы жаңа баған қосылады: мыңдықтар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар. Мысалдар арқылы оқушылар баған түрінде (разряд бойынша) жзуға үйренеді, «баған» түрінде қосу мен азайтудың алгоритмін жазады.Бұдан кейін қосу мен азайту жағдайлары бара –бара қиындай түседі.Бірте – бірте разрядтық бірліктерді аттап өту саны артады: азайтудың азайғышта нөлдері бар болатын жағдайлары енгізіледі; бірнеше қосылғыштарды қосу, сондай –ақ атаулы сандарға қосу мен азайту үйретіледі.

  1. Азайтуда азайғыштың кіші разрядтық санмен берілген жағдайы.Бұл жағдайда жоғарғы разряд бірліктерін төменгі разряд бірліктеріне бірте – бірте ұсақтауды көрсеткен тиімді.

53106
-49099
6077
2. Дерексіз және атаулы сандарға қолданылатын есептеу әдістерін салыстыру
12т 647 кг 12км 647м 13км 086м
5т 384кг 5км 384м 8265265м
3. Уақыт өлшеуіштерімен өрнектелген атаулы сандарды қосу және азайту біршама кешірек (3-сыныпта екінші жарты жылдықтың ақырында)қарастырылады.
13 сағ. 54мин 12сағ. 34мин
+6 сағ.46мин - 8сағ. 56мин
20сағ. 40мин 3сағ.38 мин
Уақыт бірліктерімен өрнектелген құрама атаулы сандарды қосу мен азайтуды, оларды жай атаулы сандармен алмастыруды қолданбастан орындаған дұрыс.
12жыл 10ай
-5жыл 11ай
6 жыл 11 ай
Практикалық тапсырмалар:

  1. Есепті баған түрінде шығар:

45+23 68 - 23
45 68
+ 23 -23

  1. Разрядтан бір рет аттау арқылы қосу және азайтудың жағдайлары арқылы есепті шығар:

+ 437 - 682
245 245

  1. Разрядтан екі рет аттау арқылы есепте.

+ 475 - 504
245 256
Тексеру сұрақтары:
1. Сандарды «баған» түрінде қосу және азайтудың алгоритмін түсіндіріңіз.
2. Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту жағдайларын атаңыз.
3. 1000 көлеміндегі сандарды жазбаша қосу және азайтуға мысал келтіріңіз.
4.Көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері қалай жіктеледі.
5.Разрядтан 2 рет аттау арқылы есептеудегенім не?

Студенттің өзіндік жұмыстары:



  1. «Көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері» тақырыбында әдістемелік тапсырмадар әзірлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет