Сабақтың тақырыбы:2.10 100(1000)және көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту.
Жоспары: 1. Сандарды «баған» түрінде қосу және азайтудың алгоритмі 2. Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту жағдайлары 3. 1000 көлеміндегі сандарды жазбаша қосу және азайту.Этаптарын түсіндіру әдістемесі. 4.Көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері
1. Сандарды «баған» түрінде қосу және азайтудың алгоритмі Төрт жылдық бастауыш мектепте қосу және азайту амалдарына қатысты алғанда, 100 көлемдегі сандар мен мың көлемдегі сандарды жазбаша қосу мен азайту 2- сыныпта енгізіледі, ал көбейту мен бөлу сондай-ақ үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін қарастыру 3-сыныпта көзделеді. Әрмен қарай 4-сыныпта амалдарды орындаудың жазбаша тәсілдері көп таңбалы сандарға қолданылады да, сәйкес есептеулер жүргізу біліктері мен дағдылары қалыптастырылады.
Қосу мен азайту амалдары алгоритмдерінің мән-мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды: сандарды разряд бірліктерін бірінің астына бірін дәл келтіріп ретті жазу, амалды кіші разрядтан бастап біртіндеп орындау, амалды орындау кезінде разряд бірліктерін «ірілеу» немесе «ұсақтау», нәтижені сәйкес разряд бірліктерінің астына дәл келтіріп жазу, нәтиженің дұрыс табылғанына тексеру арқылы көз жеткізу.
Әсіресе қосу немесе азайту кезінде разряд бірліктерін «ұсақтау» мен «ірілеу» сияқты түрлендіруді айқынрақ түсіндіруге көңіл бөлінуі тиіс.
Оқушылар күнделікті тәжірбиеде қарастыру барысында сандарды разрядтар бойынша қосу мен азайту дағдысын игереді.Есептеулерді немесе жазбаша жаттыға келе оқушының екі таңбалы санды қосу мен азайтуға әрекеті деңгейіне жеткізіледі.Балалар мысалды оқығанда (есту) және жазылғанда (көру) бірден ондықтар, бірліктер разрядындағы цифрларға назар аударып, іштен есептей отырып нәтижені бірден айтады немесе жазады. Түсіндірмелер қажетіне қарай, әсіресе оқушылар қате жібергенде келтіріледі.Дегенмен әрдайым разряд бірліктерін «ұсақтау» мен «ірілеуге» қатысты жағдайларға ерекше көңіл бөліп отыру керек.
Екі таңбалы сандарды қосуға және азайтуға берілген тапсырмалардың математикалық басқа да жаттығулардың( мәтінді есептерді, теңдеулерді шешуде, геометриялық мазмұнды есептерде) құрамында енгізілуі сәйкес дағдыны тиянақтй түседі.