Жоспары: Тәрбие жұмыстарын жоспарлау. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері



Дата04.03.2023
өлшемі5,06 Mb.
#171053
Байланысты:
Elegant and Professional Company Business Proposal Presentation


МЕКТЕПТЕ, СЫНЫПТА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
ОРЫНДАҒАН: РАХИМГАЛИЕВА ДИАНА
ХБҚ-211
ЖОСПАРЫ:
    • Тәрбие жұмыстарын жоспарлау. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
    • Педагогикалық моделдеудің қағидалары – сынып жетекші іс-әрекетінің негізі.
    • Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрлымы мен мазмұны.
    • Тәрбие жұмыстарын жоспарлау процесінде педогогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекеттестігі.

Жоспарлау – бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.
Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді.
Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды:
1) Тәрбиелік іс-шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру;
2) Ата-анамен жүргізілетін жұмыс бағытын нақты айқындау, жүйелендіру;
3) Қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру;
4) Тәрбиеленушілердің даралық ерекшеліктеріне байланысты жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру;
5) Тәрбиленушілердің тәрбиелік сапалық деңгейлеріне бағалау өлшемдерін қалыптастыру.
Content
Department
NEIL
TRAN
    • Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
    • Өмірмен тығыз байланысты.
    • Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
    • Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
    • Жоспардың нақтылығы.
    • Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
    • Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.
    • Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.
    • Тәрбиеленушілердің жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар:
2
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі тәжірибесін талдаудың негізінде жоспарға төмендегідей талаптар қоюға болады:
1) Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;
2) Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы;
3) Тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету;
4) Жоспардың нақтылы болуы;
5) Жұмысты келісіп жоспарлау.
Тәрбиеші тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі қажет?
1) Тәрбиеленушілердің жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын, мектептің педагогтар ұжымының мүмкіндігін ескере отырып, мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.
2) Тәрбиеленуші мен сынып ұжымын, сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс.
3) Тәрбиеленушілерді жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар, ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.
4) Барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсиялар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу, т.б. қажеттігін анықтау.
3
Тәрбиеші тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегідей ұстанымдар жиынтығын ескеруі қажет:
1) Мақсат;
2) Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері;
3) Сынып ұжымының қызығушылықтары;
4) Жоспарланатын істің жүйелігі;
5) Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану;
6) Жоспарлаудың шығармашылық сипаты.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегілерді ескеру қажет:
    • Талдау барысында тәрбие жұмысының нәтижесі мен тұжырымын білу;
    • Тәрбиелік және ұйымдастырушы-педагогикалық міндеттерді білу;
    • Тәрбие жұмысы бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің сипаттамасы мен кеңестерін, материалдарын білу;
    • Әр елдің, қаланың, мектептің озық тәжірибелерін білу;
    • Ата-аналар мен көпшіліктің мүмкіндіктерін;
    • Кәсіпорын, мәдениет мекемелерінің тәрбиелік қуаты;
    • Оқу жылының дәстүрлі мерекелерін;
    • Ел, қала, ауыл өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;
    • Ұлы адамдардың өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;
    • Мектептің дәстүрін;
    • Педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың ұсыныстары.

Тәрбиешінің ата-ананалмен жұмысында берілетін кеңесі:
1) Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу;
2) Тәрбиеленушілердің бойында саламатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, саламатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну;
3) Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру;
4) Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, ем шара қабылдау, түзету жаттығулары, таза ауада болып, қимыл қозғалыс ойындарын ойнау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет