80—90-жылдардың халықшылдары дәріптеледі де, олардың Абайға еткен әсері асыра бағаланады.
Ақыр аяғында, Абай творчествосының орыс әдебиетіне қатынасы, әдетте, идеялық жағынан анықталады да, Абайдың орыс әдебиетімен байланыс жасауы арқасында туған жаңа көркемдік форма мен жанр мәселесі ауызға да алынбай қалады.
Біздің алдымызда қандай міндеттер тұр?
Методологиялық маңызды міндеттік, біріншісі — Абайдың орыс әдебиетіне қатынасы жайындағы мәселе даму үстінде зерттелуі керек. Абай жиырма жыл бойы орыс әдебиетінің таңдаулы дәстүрлерін творчестволық жолмен қабылдап отырды. Бұл дәстүрді игеруде оның өз жолы бар. Татьяна мен Онегин туралы назира жасаудан, Пушкин мен Лермонтовтан аударудан Абай Некрасов пен Салтыков-Щедринді зерттеп үйренуге келді. Біз осынау жолдың кезеңдерін, бірінен-бірінің сапалык ерек-шелігін, араларындағы байланыс-жалғастарын анықтауға міндеттіміз, біз мұның бәрін әр дәуірдің сипатын белгілеген саяси оқиғалармен, соның ішінде орыс және қазақ халықтарының қарым-қатынасымен тығыз байланыстырып зерттеуіміз керек.
Абайдың орыс әдебиетіне қатынасы, оның творчествосынан айқын көрінеді, әдебиетті қоғамдық сапаның өзге түрлерінен бөліп алмай, орыстың демократияшыл озат мәдениетінен Абай алған бүкіл байлықты сырдаң тартқызбай, бұл катынасты барлық шын, объективті байланыстармен зерттеу қажет.
Абай творчествосының шығыска қатынасы жайындағы проблемамен де тереңірек, сын көзімен қараңқырай шұғылдану керек, мүның өзі — өте аз зерттелген мәселелердің бірі. Бұрынғы зерттеулерде Абайдың иран әдебиетімен байланысы деп айтып жүргеніміз, шынында, тәжік, өзбек, азербайжан классиктерімен байланысы, былайша айтқанда, бүкіл совет елі таныған жазушылармен — Советтік Шьтғыс әдебиетінің қарт классиктерімен байланысы еді.
Абайдың Науаиға, Низамиға, Фзулиге катынасын және оның Қожа-Ахмет Яссауидің «Хикматы» сияқтымистикалық әдебиетке қатынасын қадағалай отырып айыру қажет. Алғашқылары Абайды өздерінің биік шеберлігімен, гуманистік ойларымен, шінара, эстетикалык көзқарастарымен тартты: Шортанбай, Мұрат, Әбу-бәкір сияқты, өзінен бұрын болған немесе өзімен тұстас кертартпа, консервативтік ақындардай емес, Абай бүкіл жердегі өмірді, оның ішінде қоғамдық өмірді қайта құру жолындағы күресті жоққа шығарған суфизмге мейлінше қарсы.
Абайдың Шығысқа қатынасы ақын творчествосының әр кезеңінде әрқилы болғанын есте ұстау қажет. Егер жас кезінде (1860—1865) жай еліктеуден бастаса, есейіп ержеткен шағында (1886—1904) Науаи мен Низамиға сырттай еліктемей, олардың дәстүрлерін творчестволық жолмен, сын көзімен қабылдады. Бұл ретте «Ескендір» поэмасында Низамидағы Қызыр пайғамбардың орнына Аристотель образын енгізгені, Ескендірді қандықол бас-қыншы етіп көрсеткенін айтсақта жеткілікті.
Бұрын араб аңыздарының шартты түрде ғана белгіленген геройлары болған Тариэль, Нестан, Дареджан, Автандилдің образдарында өзінің көзқарасын және өз кезіндегі грузин қоғамының этикалық нормаларын білдірген Шота Руставели сияқты, Абай да Шығыс классикасының сюжеттері мен образдарын пайдалана отырып, белгілі дәрежеде, Масғұт образы арқылы сол түстағы әрі өзі ортақ болған ойлар мен толғауларды бейнеледі.
Онан соң Абайдын Шығыс классиктеріне қатынасын зерттегенде, бұл байланыстың ұтымды жақтары мен қатар (форманы жетілдіру мүмкіншілігі, Абайға тән адамгершілік қасиеттің кеңірек ашылуы) классикалық Шығыс әдебиетінің: орта ғасырлық жағдайлардың әдеби стильді тежеуі, діни сарындар, фантастикалық сенуден шыққан құр қиял, бірқатар көркемдік форманың енжарлығы сияқты теріс жақтарын да естен шығармау керек.
Абайдың ислам дініне қатынасын зерттегенде, бір жағынан, оның көзқарасы мен творчествосында феодалдық идеологиялық қалдықтары бар екендігін ескерсек, екінші жағынан, Абай жақтаған шаруалардың идеологиясында діни ескі ұғымға сенушілік бар екенін де ұмытпау керек. Абайдыңкөзқарасындағы діни элементтер, сөз жоқ, оның творчествосының әлсіз жағы болды, өйткені Абайдың 90-жылдардағы, осы ғасырдың баскезіндегі революцияшыл жұмысшы қозғалысымен байланысы болмады, ол діни элементтер ақын, ойшыл Абайдың негізгі бағытына қайшы келді.
Біздің зерттеулерімізде Абайды төңіректеген ақындар творчествосының әлеуметтік сипаты ұзақ уақыт бойы даралап ашылмай келді...
Абай мұрасы зерттеушілердің алдында тұрған маңызды тақырып — қазақтың демократиялық әдебиетінің бұдан былайғы дамуындағы Абай дәстүрін тексеру. Бұл саладағы басты міндет — XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократияшыл ақындары Дөнентаевтың, Торайғыровтың Абай дәстүрін қалай жалғастырып әкеткенін анықтау, әсіресе бұл ақындардың орыс мәдениеті мен әдебиетіне көзқарастарындағы сабақтас жайларды анықтау болып табылады. Жаңа тарихи жағдайда, ең бір ұлы революцияны дайындау дәуірінде олардың Абай нәр алған орыстың революцияшыл демократтарының озат идеясын, орыс классиктерінің реализмін қандай дәрежеде қабылдап, онан әрі қалай дамытқанын айқындау қажет. Олар Абай ізімен жүргенде өз дәуірінің озат идеяларымен қаншалықты рухтана білгенін, сол дәуірді толық көрсету үшін қандайлық жаңа әдеби формалар тапқанын ашу керек.
Ақырында, қазақ совет әдебиетіндегі Абай дәстүрлерінің проблемасын жан-жақты көтерудің, қазақ совет әдебиетінің таңдаулы шығармалары негізделіп жазылған социалистік реализм әдісі мен Абай реализмі арасындағы ішкі байланысты анықтаудың терең мәні бар. Абайдан біздің ақындарымыз бен жазушыларымыз қабылдаған демократиялық элементтерді айқындаумен бірге Абайдың көркемдік формаларына, оның ақындық тіліне қазақ совет әдебиетінің қандай қатынасы бар екендігіне айрықша назар аудару керек.
Абайдыц шығармаларындағы саяси-әлеуметтік идеялар соларды туғызған экономикалық базиспен бірге құрыды. Бірақ Абайдың сол шығармалары мен көркем образдары онда суреттелген дәуірмен бірге өліп қалған жоқ. Олардың әсер етушілік қуаты — өз тұсындағы халық өмірін Абайдың мейлінше кемелденген көркем формада бейнелеуінде. Абайдың нақтылы саяси-әлеуметтік, этикалық, эстетикалық идеяларын совет жазушыларының творчествосынан іздеп жатудың қажеті жоқ, бұл жеміссіз жұмыс. Бірақ совет жазушылары социалистік
қоғамның талап-тілектеріне жауап бере отырып, Абайға тән дәстүрді — отанды, өнер-білімді сүю, өктемділікті жеккөру дәстүрін дамытады. Социалистік рухани мәдениеттің негізінде Абайдын. таңдаулы мұраттары гүлдене түсті, қазіргі дәуірге ылайық ой-сезімге айналды.
Қорыта келе айтарымыз, Абайдың өмірі мен творчествосын зерттеу проблемасы неғұрлым кең, принципиалды, жан-жақты талқыланса, оның мұрасын зерттеу нәтижелері солғұрлым жемісті, елеулі бола бермек.
Поэзияда, музыкада қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақхалқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздін ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шынарындай биік тұр. Ол казақ халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің тандаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды.
Абай ез халқының және Таяу Шығыстың қоғамдық ойының Октябрьге дейінгі тарихындағы ең прогресшіл қозғалысты басқарды. Қазақ халқының тұңғыш ағартушы қайраткерлерінің бірі болған ол қазақ қоғамының орыстың озық мәдениетіне жақындасуына бөгет жасаған кедергілерді дәйекті түрде күйретіп отырды, сөйтіп, кертартпалық құрылысқа қарсы сәулелі болашақ үшін ортақ күресте орыс және қазақ халықтарының қосылуына жәрдемін тигізді. Абай есімі бізге сондықтан да қымбат. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ұлы Одақтың барлық халықтарымен туысқандық ынтымағын өзінің күресімен, жедісімен нығайта түскен. Отанымызды қорғаған қазақ, жауынгерлері мен офицерлерінің арасында ақын елеңінің дәл бүгінгідей, соны үнмен естілгені де осыдан. Барлық рухани қазыналарды жауынгерлік сынға салған жылдардан өз Отанының таңдаулы ұл-қыздарымен бірге өтіп, Абай біздің социалистік бақытты бүгінгімізге бұрынғыдан да жақын, бұрынғыдан да қымбат бола түсті.
Қазақтың жаңа мәдениетінің негізін салушы, қазақтын классикалық поэзиясының шұғылалы шыңы — Абайдың мәңгі өшпес данқының ең аскақ айғағы міне осында.