Жүрек қан тамырлар аурулары



бет8/10
Дата18.12.2022
өлшемі280,79 Kb.
#163128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
20Б

 Электрокардиограмма жүректе қозудың таралуының бұзылу сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Р—Q ( Р тісінің басынан Q тісінің басына дейін) интервалының шамасы бойынша жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен таралуы туралы жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0,12—0,2 с- қа тең. QRS жиынтығының жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу жылдамдығын білдіреді және ол 0,06—0,1 с (сурет 5) құрайды.

  •  Электрокардиограмма жүректе қозудың таралуының бұзылу сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Р—Q ( Р тісінің басынан Q тісінің басына дейін) интервалының шамасы бойынша жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен таралуы туралы жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0,12—0,2 с- қа тең. QRS жиынтығының жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу жылдамдығын білдіреді және ол 0,06—0,1 с (сурет 5) құрайды.
  • Деполяризация және реполяризация үрдістері миокардтың әртүрлі бөліктерінде бір уақытта пайда болмайды, сондықтан жүрек бұлшықетінің түрлі бөліктері арасындағы потенциалдар айырмасының шамасы жүрек циклі бойы өзгереді. Әрбір берілген мезеттегі потенциалдар айырмасы аса жоғары болатын екі нүктені қосатын шартты сызық жүректің электрлік осі деп аталады. Әрбір берілген мезеттегі жүректің электрлік осі белгілі бір шамамен және бағытпен сипатталады, яғни векторлық шаманың қасиеттеріне ие. Миокардтың әр бөліктерінің қозуымен бір уақытта қамтылмауы салдарынан осы вектор өзінің бағытын өзгертеді. Тек жүрек бұлшықетінің потенциалдар айырмасын ғана тіркеу пайдалы болған жоқ (яғни ЭКГ-ғы тістердің амплитудалары), сонымен қатар жүрек қарыншаларының электрлік өсінің бағытының өзгерісін тіркеу де пайдалы болды. Потенциалдар айырмасы шамасының өзгеруі мен электрлік осьтің бағытының өзгерісін біруақытта жазу векторэлектрокардиограмма (ВЭКГ) деген атқа ие болды.
  •  

Жүрек қызметі ырғағының өзгеруі.

  •  Электрокардиография жүрек ырғағының өзгерісін тыңғылықты талдауға мүмкіндік береді. Жүректің қалыпты жиырылу жиілігі минутына 60—80 рет, аса сирек ырғақта- брадикардия кезінде - 40—50 рет, ал аса жиі ырғақта - тахикардияда - минутына 90—100-ден асады және 150- ге жетеді, одан да жоғары болады. Брадикардия спортшылардың тыныштық күйінде жиі тіркеледі, ал тахикардия — интенсивті бұлшықет жұмысы мен эмоционалды қозу кезінде тіркеледі.
  • Жастарда тыныс алумен- тынысты аритмиямен байланысты жүрек қызметінің ырғағының үнемі өзгеруі байқалады. Оның мәні әр дем шығарудың соңында жүректің жиырылу жиілігі сирейді.
  • Экстрасистолалар. Жүректің кейбір патологиялық жағдайларында дұрыс ырғақ эпизодты не үнемі кезексіз жиырылуымен (экстрасистола) бұзылады. Егер кезексіз қозу синусты –жүрекше түйіншегінде рефрактерлік период аяқталған мезетте пайда болса, бірақ кезекті автоматты серпініс әлі пайда болмаса, жүректің ерте жиырылуы басталады- синусты экстрасистола. Осындай экстрасистоладан кейінгі үзіліс әдеттегі систола уақытындай созылады. Қарыншалар миокардында пайда болатын кезексіз қозу синусты-жүрекше түйіншегінің автоматиясына әсер етпейді. Осы түйіншек кезекті серпіністі уақытында жібереді, ол қарыншалардың экстрасистоладан кейін әлі рефрактерлік күйде болған моментте қарыншаларға жетеді, сол себепті қарыншалар миокарды жүрекшеден келетін кезекті серпініске жауап бермейді. Содан кейін жүрекшелердің рефрактерлік периоды аяқталады және олар қозуға қайтадан жауап бере алады, бірақ синусты-жүрекше түйіншегінен екінші серпініс келгенше, біраз уақыт өтеді. Сөйтіп, қарыншаның бірінде пайда болған қозумен туған экстрасистола (қарыншалы экстрасистола) жүрекшелердің өзгермеген ырғақты жұмысы кезіндегі қарыншаның ұзақ компенсаторлы үзілісіне әкеліп соғады.
  • Адамда экстрасистолалар миокардтың өзінде тітіркену көздері болған кезде, жүрекше немесе қарынша ырғағын басқарушы аймағында пайда болуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесінен жүрекке келетін әсерлер экстрасистолаға ықпал ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет