Өкпе 11
Бронхтардың бұтақтары 12
Өкпенің респираторлық бөлігі 14
Білім деңгейін тексеруге арналған тестілер 18
Бақылау сұрақтарының үлгісі 28
Оқиғалық есептер 28
Тыныс алу жүйесі бойынша тапсырмалар
картасы және орындау негіздері 29
Тестілердің жауаптары 31
Оқиғалық есептердің жауаптары 32
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер 33
Кіріспе
Тыныс алу жүйесінің құрамына сыртқы тыныс алу және организмге маңызды бірқатар тыныс алудан басқа қызметтерді атқаратын мүшелер кіреді. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің қалыпты жағдайдағы дамуын, құрылысын және қызметін білу, осы жүйелердің сырқаттарын алдын алу және емдеу үшін барлық мамандықтар үшін қажет. Оқу құралы 2006ж. типтік бағдарлама бойынша медицина салаларында қазақ тілінде оқитын студенттерге арналған. Оқу құралында тыныс алу жүйесі гистологиясы модулі бойынша өтетін дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың жоспарының үлгісі берілген. Студенттер осы оқу құралынан аталған тақырыптар бойынша қажетті материалдарды таба алады.
Дәрістердің тақырыптары:
Ауа өткізу жолдпрының гистологиясы. Балаларда болатын ерекшеліктері. 1 сағат.
Өкпенің респираторлық бөлімінің гистологиясы. Балаларда болатын ерекшеліктері. 1 сағат.
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары:
Мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, бронхтар, қабықшалардың тіндік құрамы. 3 сағат
Ацинус. Респираторлық және секреторлық альвеолоциттердің цитофизиологиясы. Аэрогематикалық тосқауыл. 3 сағат
Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары:
Тыныс алу мүшелерінің нәрестелердегі және әр түрлі жас кезеңіндегі балаларда болатын ерекшеліктері. 3 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |