Қан айналымы жүйесі ауруларының проблемалары, атап айтқанда жүрек қантамыр аурулары соңғы кезде әлемдік індеттің сипатын алды. Қазақстан Республикасында жүрек және қан-тамыр дерттеріне шалдығушылық 5-7 есеге өсті, бұл дерттермен ауру-сырқаушылық және өлім құрылымы бойынша біздің республика алғашқы орындарда тұр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынымдары бойынша, 18 жастан асқан әр адам өз артериалдық қан қысымын білуі керек, норма көрсеткіштері 140/90 мм сынап бағанасынан жоғары болмауы тиіс. Бүгінгі күні әлемдегі өлім жағдайларының шамамен 50% жүрек қан-тамыр аурулары себебінен, еңбекке жарамды жаста болады, сондықтан, жұмыс орны — жүрек қан-тамыр аурулары қауіп-қатерін төмендетудің ұйымдасқан маңызды үлгісі. Қазақстанда артериалдық гипертонияның тұрақты өсу үрдісі байқалады. Мысалы, ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 100 мың халық санына 2007 жылы — 9577,1; 2008 жылы — 10499,6; 2009 жылы — 14673,8 жағдай тіркелді. Жыл сайын 92 мыңнан 135 мыңға дейін аурудың жаңадан алғаш анықталған жағдайлары тіркеледі.

Миокард инфарктісі - жүрек бұлшық етінің жансыздануы. Кенеттен болған физикалық, псикикалық жүктеме әсер етеді.
Жүрек аритмиясы - жүректің қозу импульсінің ритмі немесе жирылу қарқынының бұзылуы.
Ақ қан ауруы - лекоциттердің көбейуінен эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды.
Қан қысымның көтерілуі - жас ұлғайғанда артерия тамырларының қабырғасының серпімділігі төмендеп, қатайып қуысы тарылады. Қысымның көтерілуінен тамыр жарылып, миға қан кетуі мүмкін. Аяқ-қолы тартылып, сал- паралич орын алады. (200 мм сын. бағанасы) 70-80 мм сын. Бағанасына төмендесе бас ауырып, жүрек айнып, құлақ шуылдайды.

Жүрек кемістігі - жүрекше мен қарынша арасындағы қақпашалардың дұрыс жұмыс істемеуінен қан іркіліп жүректе шу пайда болады.
Қан аздық – гемоглавиннің жетіспеушілігінен эритроциттердің азаюынан болатын ауру. (қан кету, оттег жетіспеушілігінен туындайды.)
Жүрек қан-тамырлар жүйесіне кері әсер ететін зиянды заттар:

Аурудың туындауына тамақтың құрамының әсері де зор(технология пәні) Майлы, тұзды, кептірілген, қуырылған тамақтар қандағы холестеринді көбейтеді.
жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:

Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.