Жүрек аурулары Бүйрек аурулары


) кеуде қуысы кысымының өзгеруі



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі23,43 Kb.
#87829
1   2
Байланысты:
Артықбай Ботакөз Пропедевтика

) кеуде қуысы кысымының өзгеруі. Жүрек кеуде қуысының ішінде тамырларға ілініп үлпершектің ішінде жатыр. Сондыктан да кеуденің бір жағында қысым көбейсе ол кысымы аз жаққа ығысады. Гидро және пневмоторажүрек кысымы аз сау жаққа ығысады.Өкпе басылға(ателектазында) және оның көлемі азайғанда, жүрекжаққа (қысымы аз) ығысады. Жүрек ығыскан жаққа жүрек ушы соққысы да ығысады.
б) Іш қуысының қысымы күшейгеннен ( семіру, меризм, аҫцит және екі қабаттылық) диафрагма жоғары көтеріледі. Оған сәйкес жүректің де аздап жоғары және солға ығысқаны байқалады. Диафрагманың төмен түсуі іш қуысы қысымының азаюына (арықтау), өкпе эмфиземасына байланысты. Бұған сәйкес жүрек те, демек, жүрек ушы соққысы да төмен және ішке қарай ығысады. Жүрек ұшы соққысы орнының жүрекке байланысты өзгеруі жүрек қарыншаларының гипертрофиясы мен дилятациясына байланысты. Жүрек ұшы соққысының анағұрлым солға және төмен ығысуы жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы мен дилятациясында кездеседі. Сол жақ қарыншаның ең айтарлықтай гипертрофиясы мен дилятациясы аорталық ақауларға және артериялық гипертонияға тән.
Жүректің және жүрек ұшы соққысының солға ығысуы жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясында да кездеседі. Соңғы жағдайда жүрек ұшы соққысынын солға қарай ығысуы үлкейген оң жақ қарыншаның сол жақ қарыншаны солға қарай жылжытатына байланысты. Жүрек ұшы соққысының ауданы, жоғарыда көрсетілгендей, қалыпты жағдайда 2 см2 тең. Егер оның ауданы бұдан көп болса, оны жайылма жүрек ұшы деп атайды. Егер жүрек ұшы соққысының ауданы 2 см'-ден кем болса, оны шенеулі жүрек ұшы деп атайды. Жүрек ұшы соққысының ауданы жүректің кеуде қабырғасына тиіп жатқан ауданына байланысты. Қалыпты жағдайда жайылма жүрек ұшы демді барынша іштен шығарғанда (өкпенің шеттері жүрек үстінен сыртқа қарай ығысады) және екіқабат әйелдерде (диафрагманың көтерілуі) кездеседі.

Артықбай Ботакөз 306 Б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет