0-16 ұпай. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрысқалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз;
16-30 ұпай. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек;
30-39 ұпай. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз;
5. “Сурет салайық”
Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?
I топ. “Менің баламның жүрегі” бұл жүрекке не керек? IIтоп. Өмірде сіздер үшін не маңызды? III топ. Бала келешекте белгілі бір маман иесі болу үшін.
“Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім... деген ойды жалғастыру керек.
7. “Түйінді сөзді мен айтамын”
“Бала көңілін қалай табуға болады?”
Ата – аналарға кеңес
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, береке -бірлік – оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала ата-анасының физиологиялық, психо-әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата-анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата-анамен қарым-қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Қорытынды
Ата – аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз-өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алды деп ойлаймын.
Гүлденіп ой-өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылып тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық дегім келеді.