Жүрг. Ақылбек Армысыздар факультетіміздің профессор-оқытушылары, студенттері! – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне Математика және Физика пән мұғалім мамандығының 2курс студенттерінің ұйымдастыруымен Елін сүйген



Дата18.12.2021
өлшемі18,6 Kb.
#103069
Байланысты:
1 желтоқсан
тест педогог, пед құзіреттілік, Курсовая работа Синонимия в английском языке

1 жүрг. Ақылбек Армысыздар факультетіміздің профессор-оқытушылары, студенттері! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне Математика және Физика пән мұғалім мамандығының 2курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты онлайн шарамызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Кеш жүргізушілері:

Аманбаев Ақылбек

Аққалиева Әсел

Қазақстан Республикасының Гимні шырқалсын
1 жүрг. Ақылбек

Бар әлемге шын танылдық міне, біз.

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаханға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!


2жүрг Жаннұр. Ендігі кезекте дайындалған - Видео роликке назар аударайық.
2 жүрг. Жаннұр

Азаттық пен елге қонды тосқанбақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа алып қиырдан

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!


1 жүрг. Ақылбек Ардақты ағайын, 1991жылы 1желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1желтоқсан - мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 жүрг. Жаннұр. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс – шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезім мен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне тағады осы мерекені тойлағалы отырмыз. Сіздерге алдымен Кім не біледі? атты Викториналық сұрақтар қою арқылы жауап алсақ дейміз. Бұл жерде стужденттер де ағай апайларымызға да қатысуға болады.

Викториналық сұрақтар: (Жүргізетін Жанатқызы Аяжан)

1. Қ. Р - ның президентті кім? (ҚасымЖомарт Тоқаев)

2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған? (6 шілде, 1940 жылы туған)

4. Біздің елбасы қалай оқыды? (4 пен 5 - ке)

5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)

6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар? (адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)

7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды? (1 желтоқсан 1991 жылы.)

8. Астананың бұрынғы аттары қандай? (Целиноград, Ақмола.)

9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер? (1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)

10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды? (өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)



Ендігі кезекті Елбасыға арнау орындайтын Аққалиева Асел, Дуанова Жаннұр
1 жүрг.Ақылбек

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсылтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
2 жүрг.Жаннұр

Азаттық теңдік әлемі,

Шаттыққа елді бөледі

Тағдыры тарих өрелі

Көк тудың желбірегені!

«Балашаққа бастар жол» атты деректі фильмді тамашалаңыздар.

(Мейрам, Нұрай, Рысгүл, Аружан)
1 жүрг. Ақылбек. - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезбеу мүмкін емес еді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерін де қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президеттік те, перзенттік те парызым » деген болатын.
2 жүрг. Жаннұр Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
1 жүрг. Ақылбек.

Бір басында кемеңгерлік, даналық

Елін сүйген елі үшін жаралып

Сол кісідей болса - болсын әр алып

Адамдықтың аласармас үлгісі

Бір өзінен жатқанышын таралып

Бүгін тұңғыш Президенттің күніне

Әсем әнді шырқата бір салалық.


Енді Құттықтау сөзді Физика математика және ақпараттық техналогиялар факултетінің деканы, жаратылыстану ғылымдарының PhD докторы, Адиева Айнагүл Жәнібекқызына сөз кезегі беріледі.
Келесі құттықтау сөз Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі физика, математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шаждекеева Нұргүл Қыдырбайқызына береміз.
1 жүрг Ақылбек.

Ел тынысын тереңінен танып кең

Шарапаты бар адамға дарып тең

Елбасының есімі бұл тарихта



Қалар анық өшпес алтын әріппен дей келе
2жүрг Жаннұр

Құрметті факультетіміздің профессор-оқытушылары, студенттер осымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» салтанатты шағын онлайн шарамыз өз мәресіне жетті. Көңіл бөліп, алтын уақыттарыңызды бөліп, онлайн болса да қатысайық деп атсалысқандарыңыз үшін көп көп рахмет. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, нанымыз көп болсын. Мына індеттен аман есен шығып жүзбе жүз кездесуге жазсын. Сау саламатта болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет