Өлең «Шырша жыры»
Музыка қойылады:
Залға Аққала кіреді:
Менің атым Аққала
Ән саламын шаттана
Аққаланы айналып
Кел, ойнаңдар, шаттана.
Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен Аққаламын. Мен қардан жасалғанмын. Сендер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдар ма?
Балалар: ЖОҚ.
Аққала: Сендер сонда аяздан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: ЖОҚ.
Аққала: Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер?
Тәрбиеші-балалар: Біз шапалақтаймыз.
Аққала: Ал егер аяқтарың тоңса ше?
Тәрбиеші-балалар: Біз топылдатамыз.
Аққала: Ал егер мұрындарың тоңса ше?
Тәрбиеші-балалар: Біз уқалаймыз.
Аққала: Сендер бәрін біледі екенсіңдер.
Жүргізуші: Ия аққала біздің балалар ағылшын тілін де біледі.Сізге балалар ағылшын тілінде ән шырқап береміз дейді қабыл алыңыз.
ӘН Ағылшын тілінде
Жүргізуші: -Аққалажан балаларда бүгін мерекелік, әдемі шырша тұр жараса, тек Аяз ата жоқ ортада...
Аққала: -Мен сендерге көмектесейін. Жылдам хат жазыңдар, ал мен оны жедел жеткіземін. Сонда Аяз ата сендерге мүлдем жылдам келеді!
Жүргізуші: -Дұрыс, рахмет саған, Аққала! Балалар, отырайық, Аяз атаға хат жазайық.
(балалар отырады)
Жүргізуші қағаз бен қаламды алып:
-Не деп жазайын аяз атаға? «Құрметті Аяз ата, біз сізді күтудеміз. Бізге жылдам келіңіз. Өтінеміз. «Сұңқар» тобының бүлдіршіндері».
Жүргізуші: -Міне,аққалажан. (жан жағына қарап)
-Балалар, Аққаланы көрдіңдер ме? Қайда жоғалып кетті екен?(балалардың жауаптары: Ол еріп кетті)
Жүргізуші: Ендеше балалар мына жерді суытайық (Бәрі үрлейді)
Достарыңызбен бөлісу: |