Жұрт жүрген баламын мақтап, Тақпақты аламын мен жаттап



бет15/20
Дата07.02.2022
өлшемі5,44 Mb.
#82271
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
жумыс!!!!!

«Түтікше арқылы үрлеу»
Анам маған түтікше берген,
Қызық екен оны үрлеген.
Сипаттама: ауыз ашық, ерін күлімсіреген, тілді түтікше тәрізді бұрып, мұрыннын үстіне қойылған жіңішке қағазға үрлеу қажет. Көтерілген қағазды ұзақ үрлейді.
«Ат шауып келеді»
Ат қандай тамаша,
Мінемін мен атқа,
Шапшаң шабады шабандоз
Шабандозға ат дос .
Сипаттама: тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу.
«Сылақшы»
Сылақшы мамандығына қарашы.
Қабырғаны сипап, сылайды,
Әдемі бояп кең үйді,
Қуанышты солай сыйлайды!
Сипаттама: ауыз кең ашық, тілді шығарып ауелі жоғарғы ерінді,сосын төменгі ерінді жалау.Бағытын өзгертіп отырып қайталау
«Тәтті тосап»
Қайнатты апам тосап,
Қант пен алманы қосып,
Қарындасым кішкентай
Қайнағанын отыр тосып.
Сипаттама: жалпақ тілмен жоғарғы ерін мен төменгі еріндегі «тосапты » жалап ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау.
«Саңырауқұлақ»
Саңырауқұлақтар әлемі,
Неткен қандай әдемі,
Қоңыр, қызыл бастары,
Түзу екен саптары!
Сипаттама: ауызды кең ашып тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру қажет.
Гармошка
Ойнаймын мен аспапта
Әндетіп берем апама,
Әуен шықты тамаша,
Апам қуанды балаша!
Сипаттама: ауыз ашық, ерін күлімсіреген.Жалпақ тілді таңдайға тақап, таңдайдан тілді алмай ауызды ашып, жауып тұру қажет. Жаттығуды жасау барысында ауызды кең ашып, бастапқы қалыпты сақтап тұру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет