Жсатармен јлеуметтік жўмыс


Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар



бет15/19
Дата01.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#147902
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ақәділұлы диплом

3.1 Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар

Қандай да болмасын қылмыстық істі қозғауға себептер мен негіздер керек. Жеке айыптау істерін қозғау қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады. Қылмыстық істерді қозғаудың себебі мен негізіне мыналарды жатқыза аламыз:


- азаматтардың арызы;
- кінәсін мойындап келу;
- мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамдардың хабарламасы;
- лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы жатады.
Бұл атап өткен негіздер қылмыстық істерді қозғаудың себептері болса, енді қарастырылатын мәселе қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған ретте тоқтатылуға тиісті жағдайлар. Қылмыстық істі қозғауда тергеушінің, прокурордың, анықтау органының міндеттерін анықтағанда бұлардың әрқайсысына заңмен белгіленген құқықтарының шегі анықталған. Бұл органдардың әрқайсысы осы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көрсетілген жағдайлардың біреуі болмаса, қылмыстық істі тоқтатуы және қылмыстық ізге түсуді тоқтату керек. Бұл бапта аталған жағдайлардың көбісі қылмыстық құқық нормаларымен тікелей байланыста. Бұл баптағы аталған жағдайлар бір мезетте қылмысқа қатысушыларға, қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға және қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға негіз болып табылады [29,25б].
Қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс жағдайларға:
1. Қылмыс оқиғасының болмауы;- қылмыс оқиғасының болмауы келіп түскен арызда немесе келіп түскен материалды тексергенде қылмыс оқиғасы анықталмаса, мәселен, өлікке байланысты сот-медициналық сараптамасын тағайындағанда, өліктің өлу себебі болып, өзін-өзі өлтіру фактісі анықталса немесе қылмыс оқиғасын дәлелдей алмаса.
2. Әрекетте қылмыс құрамының болмауы; - әрекетте қылмыс құрамының болмауы деп, белгілі бір адамның қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде қылмыстың орны және оқиғасы бола тұра, бірақ оның әрекетінде қылмыс құрамының белгілі бір элементінің болмауын айтамыз. Осы жерде қылмыс құрамына анықтама беріп өтер болсақ, қылмыс құрамы деп, бұл қылмыстық іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын ғана түрі. Қылмыс құрамы 4 элементтен тұрады. Олар: қылмыстың субьектісі, қылмыстың обьектісі, қылмыстық обьективтік жағы, қылмыстың субьективтік жағы. Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да осы элементтердің біреуі болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіздің де жоқ екенін көрсетеді. Қылмыс құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт элементтермен сипатталады.
Осы аталған қылмыс құрамының элементтерінің бірі болмаған жағдайда қылмыстық іс қозғалмайды немесе қозғалған іс болса қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқталады немесе қылмыстық ізге түсуді тоқтатады. Қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылатын жағдайларға:
- қылмыс жасаған адамның әрекетінде, қылмыс құрамы дәлелденбесе;
- егер, адам қылмысты ақырына дейін жеткізуден бас тартса, яғни қылмыс істеуден өз еркімен бас тартса, егер адамның жасаған іс әрекетінде қылмыс құрамы болмаса;
- егер, адамның әрекетіндегі қылмыстың құрамы жаңа қабылданған қылмыстық заңға сәйкес жойылса;
- қажетті қорғану, аса қажеттік жағдайында жасалса, егер оның әрекетінде қылмыс құрамы болмаса;
- сезіктіні немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген жағдайда, егер, қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік таусылса, қылмыстық іс осы Кодекстің 37-бабының 1 бөлігінің 1 немесе 2 тармақтарының негізінде қысқартылады. Бұл жағдайда тергеуші, прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өтеу жөнінде заңдарда көзделген барлық шараны қолдануға тиіст.;
3. егер, ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары; - түсіндірер болсақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 54 бабының 6-тармағына сәйкес Республика Парламенті адамдардың Жеке айқындалған тобы жөнінде рақымшылық туралы заң шығаруға құқылы. Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген. Істеген қылмысының қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады [30,11б]. Кешірім беру мен рақымшылық актісінің айырмашылығы мынада: кешірім беру актісі әр уақытта да нақты бір адам немесе бір топ адамдар жөнінде қабылданады, яғни бұл актінің Жеке-дара мәні бар. Ал, рақымшылық болса, рақымшылық туралы заңның талаптары мен шарттарына сәйкес келетін барлық сотталғандарға қолданылады, яғни рақымшылық актісінің нормативті мәні бар.
4. Мерзімнің ескіруіне байланысты; - түсіндірме. Қылмыстық заңға сәйкес мерзімнің ескіруі деп, қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жоюды, сондықтан да, ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп ескірген қылмысты тергеу оған дәлелдерді жинау, істі сотта қарау кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де көптеген қиындықтарды туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Қылмыстық заңда мұндай жауаптылықтан босатудың негіздеріне, істелген қылмыстың ауырлығына байланысты:
1. Кішігірім қылмыс істегеннен кейін 2 жыл өтсе;
2. Орташа ауырлықтағы қылмыс істегенне кейін 5 жыл өтсе;
3. Ауыр қылмыс істегеннен кейін 10 жыл өтсе;

  1. Аса ауыр қылмыс істегеннен кейін 15жыл өтсе.

Ескірудің мерзімі қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін есептеледі. Ал, өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыстар құрамын істегендерге қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімін қолдану жөніндегі мәселені тек қана сот шешеді. Сот, ескіру мерзімін мұндай адамдарға қолдану мүмкін емес деп тапса, өлім жазасын қолдануға болмайды. Бұндай ретте 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуға жазаланады.
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 33, 34 баптарының 1-ші бөліктерінде көзделген қылмыстар туралы стер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушінің күдіктімен немесе айыпталушымен татуласуына байланысты; - Қылмыстық кодекстің 67-бабында бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адам егер, ол жәбірленушімен татуласса немесе жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін деп көрсетілген.
Мұндай негізде қылмыстық жауаптылықтан босату үш түрлі негіз болған жағдайда жүзеге асырылады [31,39б].
Біріншісіі, кінәліінің істеген іс-әрекеті ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек.
Екіншісі, кінәлі адам жәбірленушімен өзара татуласып, мәмілеге келуі қажет. Мұндай татуласу қорқытудан, тәуелділіктен емес шын өзара түсіністікпен ғана болуы қажет.
Үшіншіден, жәбірленушіге келтірілген зиянның орны толтырылуы қажет. Осы белгілердің жиынтығы орын алған кінәлі адамға осы 67-бапта көрсетілген жазаны қолдануға негіз бар. Көрсетілген белгілердің кем дегенде біреуі болмаса, онда айыптыға бұл көрсетілген заң нормасын қолдану арқылы қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз жоқ.
6. Жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуы; - бұл жерде прокурордың әрекетке дәрменсіз немесе өз құқықтарын өз бетіне жүзеге асыруға қабілеті жоқ немесе қоғамның, мемлекеттің елелі мүдделерін қорғау үшін шағымдану әрекеттерін қоспаған ретте.
7. Өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың заңды күшін қаулысы бар адамға қатысты;
8. Белгілі бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;
9. Қылмыстық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысы;
10. Әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеуі мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты; - қылмыстық заң қылмыстық жауапқа 16 жастан, ал кейбір заңда арнаулы көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан бастап тартылатынын белгілегенімен, кейбір әрекеттің мәнінің ерекшелігіне және субьектінің ерекше белгілеріне қарай, қайсібір қылмыстардың субьектісі болып жасы кәмелетке толған адамдар ғана тартылады.
11. Іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажет жағдайларды қаспағанда қайтыс болған адамға қатысты; - сондай-ақ, егер қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс әрекеті қайтыс болған адамға қатысты болса, келтірген зиянды өтеттіру құқығы белгіленген тәртіппен оның мұрагерлеріне ауысады.
12. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамдарға қатысты болса; - бұл ережелерді атап өатер болсақ,
- Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
- Қажетті қорғану кезінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату;
- Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
- Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
- Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
- Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
- Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен аыстыру;
- Жүкті әйелдердің немесе жас балдары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру;
- Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату;
- Төтенше мән-жайлардың салдарынан, жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру;
- Айыптау үкімінің ескіру мерзіміне байланысты жазаны өтеуден босату;
- Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.
Қылмыстық іс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамы жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшін барлық мүмкіндіктер сарқылса, олардың бар екендігі дәлелденбеген кезде де осы баптың 1-бөлігінің 1,2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қысқартылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, жәбірленушінің айыпталушымен және күдіктімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқарту тек қана жәбірленушінің немесе айыпталушының келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Егер, бұлардың біреуі қарсы болса, онда қылмыстық іс қысқартылуға жатпайды. Бұл жағдайда іс бойынша іс жүргізу жалғастырылады [32,52б]. Сондай-ақ оған негіз болған кезде сотталған адамды жазадан босату арқылы айыптау үкімінің қаулысымен аяқталады. Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейін сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор істі соттың басты сот талқылауында қарау басталғанға дейін оны соттан кері қайтарып, алуға және осы бапта көзделген негіздер бойынша қысқартуға да құқылы. Сотта қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайды байқаған мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тарту туралы мәлімдеуге міндетті. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлімдемесі, егер Жеке айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық істі қараудың әрі қарай жалғастыруына кедергі келтірмейді. Қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот қылмыстық істі қысқарту туралы мәселені шешуге міндетті.
Сот бойынша ақталған адам, сонымен бірге оған қатысты жоғарыда аталған негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қылмыстық ізге түсу органының қаулысы шығарылған айыпталушы немесе сезікті кінәсіз деп саналады. Оған Қазақстан Республикасының Конституциясының кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды. Сот, қылмыстық ізге түсу органының осындай іс-әрекеттерінен кейін ақталған адамына, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген моральдық немесе материалдық шығындарын өтетіп беру жөніндегі барлық шараларды қолдануға міндетті. Қорыта келгенде, сот өзінің ақтау үкімі арқылы адамды кінәсіз деп таниды. Ақтау үкімін шығаруға негіздер ретінде мыналар жатады:
- қылмыс оқиғасы болмаса;
- сотталушының әрекетінде қылмыс құрамы болмаса;
- қылмыс жасаға сотталушының қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкімі шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет