Жсатармен јлеуметтік жўмыс


Қылмыстық ізге түсуде жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу шарттары



бет18/19
Дата01.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#147902
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ақәділұлы диплом
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
3.4 Қылмыстық ізге түсуде жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу шарттары
Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу шарттары – жедел-іздестіру әрекеттерін бұлтартпай орындау заң шығарушы нақ бір жедел-іздестіру әрекетін әзірлеуге және жүзеге асыруға жағдай жасайды, олар жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде олардың тиімділігін арттыруға және жедел-іздестіру қызметі қағидаларының сақталуын кепілдеуге шақырылған жедел-іздестіру заңдарымен белгіленген арнайы ережелер. Бұл шарттар жеке адамның мүдделерін қылмыстылыққа тиімді қарсылық көрсетуге мүдделі қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерімен теңестіруге бағытталған.
Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 12-бабына сәйкес жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу шарттары келесідей:

  1. адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жері, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, қандай қоғамдық бірлестіктерге жататындығы, дінге қатынасы мен саяси сенімі, егер заңмен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-іздестіру әрекетерін жүргізуге кедергі бола алмайды;

  2. жалпы жедел-іздестіру әрекеттерін өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жүргізеді және бұл шаралар олардың құзыреті шегінде шектеледі. Ішкі істер органдары жалпы жедел-іздестіру әрекеттерін Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша жүзеге асыруға құқылы;

  3. арнаулы жедел-іздестіру әрекеттері олар көбінесе жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қозғайтын болғандықтан, түрлері, көлемі және субъектілері бойынша шектеліп отырып жүзеге асырылады. Атап айтсақ:



ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытып келгенде, бұл жұмыста қылмыстық ізге түсу түрлері:
Жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау түрлеріне, қылмыстық заң бойынша қандай қылмыстардың жоғарыда аталған қылтыстық ізге түсу түрлеріне жататындығы, Жеке айыптау істері бойынша сотта іс жүргізу ерекшеліктеріне, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметі, құзіреті, құқықтары мен міндеттеріне тоқталып өттік. Сот практикасында, қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері болады және қылмыстық ізге түсу органдарының иммунитеттері бар адамдарға қатысты іс қозғаудың тәртіптері бекітілген.
Иммуниттері бар адамдарға:
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;
- Мұндай адамдарға қатысты қылмыстық ізге түсу органдары Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенаты мен Мәжілісіне бұл туралы мәселе қояды және бұл мәселе оң нәтиже берген жағдайда ғана жүзеге асырады.
Қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдарға – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және оның мүшелері жатады. Бұл адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеуді жүргізетін органның басшысы ғана қылмыстық іс қозғай алады және бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына хабарланады.
- шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, осы өкілдіктің дипломатиялық қызметкерлері,бірге тұраты отбасы мүшелері.
- дипломатиялық өкілдіктің әкімшілі қызметкерлері;
- дипломатиялық курьерлер және т.б. жатады.
Сондай-ақ, прокурордың алдын ала тергеу барысындағы өкілеттіктері, қылмыстық ізге түсу барысында және қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықты қадағалаудағы өкілеттіктері қарастырылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 197-бабында көрсетілген. Прокурор қылмыстық ізге түсу органдарын тексеру үшін барлық қылмыстық істерді, қаралып жатқан материалдарды және жасалған қылмыстар туралы, жедел-іздестіру қызметінің жұмыстарын, анықтау мен тергеу барысы туралы тексеруге құқылы.
Ал, тергеуші қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру үшін адамның жасаған қылмыстық әрекетінде жоғарыда қарастырғандай қылмыстың құрам белгілері, қылмыстың оқиғасы, қылмыстың орны мен зардаптары болған жағдайда істі өзіне қабылдауы және жеке айыптау істерін қозғаутуралы қаулысын шығарады. Тергеуші өзі қозғаған ісі бойынша істі тергеуге дереу кірісу қажет. Прокурор, тергеушінің тергеу амалдарын жүргізудегі заңдылықты қадағалап отырады. Бұл әрекеті арқылы, прокурор қылмыстық ізге түсудің дұрыстығы мен негізділігін жүзеге асырады.
Азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алуды жедел-іздестіру әрекеті ретінде жүргізу кезінде заң шығарушы оны жүзеге асыруға ешқандай талаптар қоймайды және шектеулер белгілемейді. Одан шыға отырып сұралушының жасы, жынысы, дене бітімі және психикалық жай-күйі азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алуды жүргізуге кедергі болмайды, ол тек тәжірибелік мақсатқа сайлылығымен талап етіледі және тек этика мен мораль нормаларымен шектелуі мүмкін.
Азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алуды жүргізу уақыты, орны, нақты мән-жайларға байланысты – ол жедел-іздестіру органдарының қызметтік бөлмесінде де, сұралушы адам орналасқан кез-келген өзге жерде де (көшеде, көлікте, жұмыс орнында немесе тұратын жерінде, оқиға болған жерде) жүргізілуі мүмкін. Азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алуды жүргізу үшін адамдарды мәжбүрлеп әкелуге жалпы тәртіпке сәйкес жол берілмейді. Оған қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдарды ұстаудың алдында болған жағдайлар қосылмайды.
Қамауда отырған сезіктіге қатысты азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу жүргізуге өндірісте қылмыстық іс бар анықтаушының, тергеушінің, прокурордың немесе соттың рұқсатымен жол беріледі.
Азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу нақ бір жағдайға байланысты алдын ала дайындалған немесе дайындалған болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда сұхбаттасу қажет адамның жеке басы, оның қызығушылықтары, зерттелуші оқиғаға қатынасы, әлсіз және күшті жақтары және т.б. зерттеледі. Осы мән-жайлар туралы ақпарат алу жария немесе жасырын жолмен болуы мүмкін. Жария жолды пайдалана отырып, қызметтік мінездемелер, еңбек кітапшасындағы жазулар, ауру тарихы, бұрынғы сотталғандары бойынша үкімдері, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың жеке істері және т.б. зерттеледі. Жасырын жол заңды әдістермен алынған деректерді байқау, телефон сөйлесулерін тыңдау және т.б. көмегімен қайта тексеруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет