3.2 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келісімімен тергеуші немесе анықтау органы тиісті жағдаяттар болған кезде жәбірленушінің сезіктімен немесе айыпталушымен бітісуімен байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің көзделген ақтамайтын өзге де жағдаяттар бойынша адамды қылмыстық жауаптан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы. Мұндай ретте сот қылмыстық жауаптан босата отырып, айыптау үкімін шығаруға құқылы болады. Жәбірленуші мен айыпталушының татуласуы туралы толық анықтаманы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 21.06.2001 жығы №4 “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын сот тәжірибесінде қолдану туралы” нормативтік қаулысында көрсетілген.
Ал, қылмыстық ізге түсудің тоқтатылу негіздеріне Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы бойынша мына жағдайлар жатады:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; - бірінші рет кішігірім неменсе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе, немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыстық жолмен келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда қылмыс жасаған адамды сот, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық /қылмыстық ұйым/ жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық / қылмыстық ұйым/ жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін делінген [33,67б].
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; - қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін;
3. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату жатады; - қылмыс белгілері бар әрекетті жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Сондай-ақ, бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды сот егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотқа қаралған уақытта, ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін
Ал, прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамның күдікті немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босатып жіберсе онда ол әрекеті үшін заңда көзделген реттер бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.