Жсатармен јлеуметтік жўмыс


Жеке айыптау істерін қозғаудың түсінігі



бет6/19
Дата01.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#147902
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ақәділұлы диплом

1.2 Жеке айыптау істерін қозғаудың түсінігі
Заң шығарушылар жеке айыптау істерін қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу басталатын акты ретінде анықталған. Екі ұғымнан тұрады:
І. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің, басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушылар жеке айыптау істерін қозғаусатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;
ІІ. Қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатьш тиісті тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;

  • Жеке айыптау істерін қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да нормалардың мәні арқылы жеке айыптау істерін қозғаусатысының мәні мен мазмұнын, оның құқықтық табиғатын түсінуге болады [2,13б].

Қылмыстық іс қозғаудың заңдық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚПК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады.
Қылмыстық процестік кодексінің 7-бабының 27-тармағына сәйкес "іс бойынша іс жүргізу"-қылмыстық іс қозғау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы болып табылады. Одан әрі, осы баптың 28-тармағында "қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жургізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мынадай ойларды растай түседі:
–Жеке айыптау істерін қозғау және сотқа дейінгі дайындық әрекеттері өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі;
–Жеке айыптау істерін қозғаусекілді бастапқы іс-әрекетсіз сотқа дейінгі дайындықтың болуы мүмкін емес;
–Жеке айыптау істерін қозғаусатысының болмауы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының жоқтығын көрсетеді.

  • Сонымен, кылмыстық іс қозғау дегеніміз – бұл қылмыстық процестің ең бірінші және міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң жеке айыптау істерін қозғау жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышарттың бар-жоғын анықтайды [3,28б].

Жеке айыптау істерін қозғау фактісінің қылмыстық ізге түсумен бірдей еместігін есте сақтау қажет. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан аргга қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыс-тық іс қозгамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы-қылмыстық ізге түсу қашан да қылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысында дәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған және бұл адам corpus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын Кездердегі жеке айыптау істерін қозғау сатысы - бұл басқа мәселе. Оған қоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін керсететін белгілер кездесетін жағдайларда жеке айыптау істерін қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде "факті бойынша қылмыстық іс қозғау" деп аталады (бұл шартты атау, ресми терминологияға жатпайды - автордың ескертпесі). Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам жеке айыптау істерін қозғау сатысында анықталатын болса, онда бұл адамға жеке айыптау істерін қозғау туралы шешім қабылданады.
Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚПК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы.
Бұрын қылмыстық іс қозғаудың анықтамасын жасауда біз қылмыстық процестің бұл бөлігін дербес саты деп атағанбыз. Бұл дегеніміз, осы кезеңде пайда болған құқық қатынастары оларды өзге іс жүргізу сатылары мен кезеңдерінен оқшаулайтын өзіңдік белгілерге ие болатынын білдіреді, өйткені олар, біріншіден, осы сатының мақаттарын жүзеге асыратын іс жүргізу құралдарының мақсаттары мен міндеттері жөнінен, екіншіден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады.
Сонымен, жеке айыптау істерін қозғау сатысының маңыздылығы мынада:
- уәкілетті орган (лауазым иесі) қылмыстық іс жүргізу мүддесін туғызатын қылмыстық әрекетті оған қылмыстық жаза белгілеу қажетгігін көрсететін белгілер тұрғысынан бағалайды;
- жеке айыптау істерін қозғаутуралы шешім қабылдау қылмысты тез ашу, қылмыстың жасалу жағдайларын толық әрі әділ тергеу, қылмыс жасаған адамның кінәлылығын дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын туғызуға бағытталған.
- ҚПК-нің талаптарына сәйкес жеке айыптау істерін қозғау туралы ресімделген шешім сотқа дейінгі қызметтің барысында туатын барлық өзге құқық қатынастарын жүзеге асыру үшін бастапқы іс жүргізу құқықтық қадам болып табылады;
- уәкілетті органның жеке айыптау істерін қозғау жөніндегі дұрыс ресімделген іс жүргізу шешімі сотқа дейінгі қызметті бастау зандылығының өзіндік кепілдігі болып саналады.
Жеке айыптау істерін қозғау сатыларының мақсаттары мыналар:
- қылмысты тергеу ісін дер кезінде бастауды қамтамасыз ету;
- осы қылмысты тергеуге тиісті органды анықтау;
- екінші мақсатпен өзара байланысты
- осы сатыда сотқа дейінгі қызметке қатысатын уөкілетті органдар мен лауазым иелерін, сондай-ақ олардың уәкілетгігі ауқымын анықтау.
Заң қылмысты болдырмауға немесе оның жолын кесуге, соңдай-ақ қылмыстың іздерін сақтауға бағытталған шараларды қоддану үшін мемлекеттік оргаңдар мен лауазымды адамдардың міңдетті түрде жауап қайтаруын көздейді [4,65б].
Жеке айыптау істерін қозғаусатысының міндеттері ҚПК-нің 8-бабында көзделгеніндей, жасалған қылмысқа дер кезінде назар аударуға, оны тез әрі толық ашуға, кінәлі адамды анықтауға, одан кейін сотта істі әділ қарауға бағытталған қылмыстық процестің жалпы міңдеттерінен келіп шығады.
Бұл сатының міндеттерін дұрыс шешу бұдан былайғы алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі дер кезінде қозғамау дәлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға әкеп соқтырады, осының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша қылмыстық процестің негізгі мақсаты бойынша ақиқатты анықтау мүмкін болмай қалады.
Сонымен қатар, А.П.Рыжаковтың анықтағаныңдай, қарастырылатын сатының екі бірдей міндеті бар. Біріншіден, әрбір жасалған қылмыс фактісіне жауап беру керек, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының белгілері бар кез келген арызды (хабарламаны) дереу тіркеуге алу қажет. Екіншіден, қылмыстық процестің кейінгі кезеңдерін шектеу, атап айтқанда, алдын ала тергеу сатыларын: а) іс жүзінде болмаған; ә) ешқандай қылмысқа жатпайтын, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының ең болмағанда міндетті бір белгісі жоқ, оның ішінде маңызы шамалы (әкімшілік, тәртіптік және басқа теріс қылықтар) бірде-бір белгісі жоқ фактілерді қарастырудан сақтандыру керек. Бұл анықтаманы даусыз деуге болмайды.
Жеке айыптау істерін қозғау үшін жеткілікті мағлұматтарды анықтауда қылмысқа кінәлі адам туралы мәліметтердің болуын немесе оны әшкерелеудің нақты мүмкіндіктерін көздейтін немесе осы іс бойынша айыптау үкімі шығады деуге негіз болатын сот болашағы деп аталатын жағдайды басшылыққа алуға болмайды. Мұндай қағида заңға негізделмеген. Ол іс қозғаудан заңсыз бас тартуға, кылмыс туралы бастапқы материалдарды тексеру шегін кеңейтуге әкеп соқтыруы мүмкін.
Бұл позиция Д.Терентьевтің пікірімен сәйкес келеді, ол Жеке айыптау істерін қозғау сатысының маңызы мен міндеттерін бағалай келе, былай деп жазған: "Жасалған қылмысқа көз жетушілік дәрежесіне келетін болсақ, онда қылмыстық іс қозғауда әдебиеттерде көрсетілетініндей, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы нанымды қорытындыны басшылыққа алу міндетті емес".
Бұл мәселенің мәнін барынша терең түсіндірген М.С. Строгович былай деп жазады: "Жеке айыптау істерін қозғау үшін жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде дәлелді жорамалдың болуы жеткілікгі. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қылмыс жасалды деген белгілі бір ықтамаддық дәрежесінен басталады".
Жоғарыда баяндалған қағидалар қылмыстық іс қозғаудың осы сатысының қатысушылары болып табылатын адамдардың арасында іс жүргізу сатысында заңмен белгіленген міндеттерді қылмыстық сот ісін жүргізудің пайда болуы иен дамуына ұштасатын белгілі бір іс жүргізу өрекеттерін жасау арқылы шеіпуге болады деп анықтауға негіз болады.
1. Жеке айыптау iсi бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушi жеке айыптаушы болып табылады. 
2. Жәбiрленушi кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ жағдайда өтiнiш, сұрау бiлдiрген немесе шағым берген оның заңды өкiлi жеке айыптаушы болып саналады [5,32б].
3. Жеке айыптаушы жәбiрленушiнiң барлық құқықтарын пайдаланады және барлық мiндеттерiн алады, сондай-ақ Кодекстiң 412-бабының үшiншi, төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген құқықтарға ие болады.
4. Жеке айыптаушы оған тиесiлi құқықтарды пайдаланады және өзiне жүктелген мiндеттердi Жеке немесе, егер ол құқықтар мен мiндеттердiң сипатына сәйкес келсе, өкiл арқылы атқарады
1. Прокурордың жеке айыптау iстерiн қоспағанда, мемлекеттiк айыптаушы ретiнде бас сот талқылауына қатысуы мiндеттi. 
2. Күрделi және көп эпизодты iстер бойынша мемлекеттiк айыптауды бiрнеше прокурор қолдауы мүмкiн. 
3. Егер сот талқылауы кезiнде прокурордың одан әрi қатысуының мүмкiн еместiгi анықталса, ол алмастырылуы мүмкiн. Iске жаңа прокурордың кiрiсуi осы уақытқа дейiн сотта жасалған iс-әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды, бiрақ прокурордың өтiнiшi бойынша сот оған iстiң материалдарымен танысу үшiн уақыт бере алады. 
4. Прокурор дәлелдердi ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады.
5. Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi қорғау талап етсе, прокурор iс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды. 
6. Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және iстiң барлық жағдайларын қарау нәтижелерiне негiзделген өзiнiң iшкi көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе iшiнара) мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде жол беріледi [6,47б].
7. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi қысқартады. Ал егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот iстi талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен Жеке айыптаушы айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде iстi қысқартады, айыптаудың қалған бөлiгiндегi iс жалпы тәртiппен қаралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет