Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
Жеке айыптау істері бойынша сотта іс жүргізу мынадай тәртіптерде жүзеге асырылады. Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс бір адам немесе бірнеше адамның сотқа адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағымы негіз болып табылады. Анықтау органына, тергеушіге немесе прокурорға келіп түскен шағымдар сотқа міндетті түрде жіберілуі керек. Шағымда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- шағым берілген соттың атауы;
қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, яғни іске қатысты дәлелдерді көрсете отырып;
қылмыс жасалған орны мен уақыты;
қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәліметтер;
сотқа шақырылуы тиіс куәлердің тізімі;
істі іс жүргізуге қабылдау туралы сотқа өтініш.
Шағымға шағымданушы қол қояды. Сот практикасында көріп отырғанымыздай шағымда, сондай-ақ азаматтық талапты қарау туралы өтініштерде көптеп кездесіп жатады. Шағым сотқа жеке айыптау ісі қозғалуға қатысты адамдардың санына қарай көшірмелеріменен беріледі. Сонымен қоса, іс жүргізуге қабылданбайтын шағымдар болады. Ол шағым «Домалақ» шағымдар деп аталады. Келіп түскен шағымды сот өз қарауына алса, онда шағым беруші қозғалып отырған қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы болып табылады. Жеке айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленуші жеке айыптаушы болып табылады. Ал, егер, жәбірленуші кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілеті жоқ жағдайда өтініш сұрау білдірген немесе шағым берген оның заңды өкілі жеке айыптаушы болып саналады. Жеке айыптаушы жәбірленуші қандай құқықтарға ие болса, ол да сондай барлық құқықтарға ие болады. Жеке айыптаушы өзіне заң арқылы берілген барлық процессуалдық құқықтарды пайдаланады және өзіне жүктелген барлық міндеттерді жеке немесе құқықтар мен міндеттердің сипатына қарай өкілі арқылы пайдаланады. Судья жеке айыптаушыға барлық құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Бұл туралы хаттама түзіледі. Хаттамаға судья және шағым беруші адам қол қояды [8, 21 б.].
Егер, қозғалатын қылмыстық іс бойынша шағым берушілер бірнеше адамдар болса және ол бір адамға ғана қатысты болса, онда әр шағымданушы шағымды жеке-жеке бір-бірінен тәуелсіз береді. Ал, егер бір ғана қылмыстық жазаланатын әрекетке қатысты жеке айыптау қорғауға бірнеше адам құқылы болса және олардың бірінің өтініші бойынша іс қозғалатын болса, қалған адамдар басталып кеткен іс жүргізуге қатысуға құқылы. Мұндай жағдайда аталған адамдардың әрқайсысының өтініші бойынша өз алдына іс қозғау талап етілмейді. Егер ол іс қозғалған қылмыстық жазаланатын әрекеттің мәнімен байланысты болса, айыпталушы айыптаушыға қарсы айыптау білдіруге құқылы. Айыптау және қарсы айыптау бір мезгілде шешілуге тиіс. Айыптауды қайтарып алу қарсы айыптау бойынша іс жүргізуге ықпал етілмейді. Қайтарып алынған жеке айыптау ісі бойынша қылмыстық іс қайта қозғалмайды.
Судьяның жеке айыптау ісі бойынша сот талқылауы басталғанға дейінгі мынадай іс-әрекеттерді жасауы керек:
1. Егер берілген шағымда жоғарыда аталып өткен мәліметтер толық болмаса. Бұл жағдайда судья сол талаптарға сәйкес келтіруді ұсынады және сол талаптарды орындау үшін процессуалдық мерзім белгілейді. Осы берілген мерзім ішінде берілген нұсқау орындалмаса судья қылмыстық іс жүргізуден бас тарту туралы қаулы шығарады. Қаулы дереу арада шағым берген адамға жолданады.
Келіп түскен жеке айыптау ісі бойынша шағымды қарай отырып, судья жетпіс екі сағаттың ішінде мынадай шешімге келеді:
Шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы;
Шағымды тергелу немесе сотталуы бойынша беру туралы;
Шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады;
Егер, судья шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы шешім қабылдаса, бұл туралы қаулы шығарады. Қаулының көшірмесі өтініш иесіне, сондай-ақ айыпталушыға да жіберіледі. Қаралатын қылмыстық іс бойынша сот мәжілісін тағайындау үшін негіздер болған ретте судья шағымның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәулікке дейін мерзімде үстінен шағым берілген адамды шақырады, айыпталушыны барлық іс материалдарымен таныстырады, берілген шағымның көшірмесін тапсырады, заңмен берілетін барлық процессуалдық құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сонымен қатар, осы айыпталушының пікірі бойынша сотқа қорғаудың куәгерлері ретінде кімдерді шақыру қажет екендігі туралы анықтайды және осы туралы айыпталушыдан қолхат алынады. Үстінен шағым берілген адам сотқа келмеген жағдайда, шағымның көшірмесі сотталушының құқықтары, сондай-ақ жәбірленушімен бітімге немесе ымыраға келу мүмкіндіктері түсіндіріле отырып почта арқылы жіберіледі [9,11б].
Судья міндетті түрде тараптарға бітімге келу туралы және оның мүмкіндіктерін түсіндіруге міндетті. Егер, осы мүмкіндіктерін пайдаланып, тараптар ымыраға немесе бітімге келіп жатса, онда судья қылмыстық процестік кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің 6-тармағы негізінде судьяның қаулысымен іс бойынша қылмыстық іс жүргізу тоқтатылады. Ал, тараптардың арасында өзара бітімге қол жеткізе алмаса, онда судья жоғарыда аталып өткен жағдайлардан кейін істі сот мәжілісінде қарауды тағайындайды және бұл туралы судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдайды. Қаулы шығарады. Қаулыда мыналар көрсетілуі тиіс:
1. Сотталушы болып табылатын адамды көрсету;
Оны бұзу сотталушыға есептелетін қылмыстық заңды дәл көрсету;
Бұлтартпау шарасы мен келтірілген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешім;
Процеске қатысушылардың қарсылық білдіру, өтініштер және өзге де мәлімдемелері бойынша шешімді;
Қорғаушы ретінде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешімді;
Басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тізбесін;
Заң оның ісін сырттай қарауға жол беретін жағдайда істі айыпталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешімді;
Басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәліметі;
Істі соттың жабық отырысында қарау туралы шешімді;
Сот істі қай тілде жүргізетіні туралы шешімді;
Запастағы судья туралы шешімді қамтуы тиіс.
Запастағы судья талқылауды ұзақ уақыт қажет ететін істі алқалы қарау кезінде тағайындалуы мүмкін. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы туралы шешім қабылдаған кезден бастап қатысады және судьялардың бірі шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте істі талқылау ары қарай жалғастырыла береді. Запастағы судья судьялардың бірі шығып қалған жағдайда соттың құрамына кірген кезден бастап судьяның барлық құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кірген запастағы судья кез келген сот әрекетін жаңартуды талап етуге құқылы.
Егер іс бойынша алдын ала тыңдау жүргізілсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөніндегі шешімдер баяндалуы қажет.
Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап, кемінде үш тәуліктен кешіктірілмей басталуы тиіс. Бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, егер ерекше бір жағдайлар болған ретте. Бұл туралы қаулы шығарылады және бұл ұзартылған мерзім отыз тәуліктен аспауға тиіс. Басты сот талқылауы бір ай мерзім ішінде аяқталуы тиіс, ал ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
Жәбірленуші, қылмыстың жасалғаны туралы шағым берген өзге адам, қылмыстық мән-жайлар және оны жасауға күдік келтірілген адамның кінәлілігі сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екендігін шағымда көрсетуі қажет. Қылмыстық процестік кодексінің 125-бабының 2-ші бөлігінде көрсетілгендей, тараптар өз бастамашылығы бойынша қылмыстық процесті жүргізші орган іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша белгіленген тәртіппен жауап алу үшін немесе сарапшы ретінде қорытынды беру үшін кез келген адамды шақыртуға; іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың іс үшін маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етуге талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерістер жүргізуді талап етуге құқылы [10,3б].
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер өзі немесе өкілі арқылы қандай адамдардың, сол адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жерін куәлік етумен, құжаттармен, өзге де дәлелдер арқылы өздерінің мүддесін қорғауы үшін мәні бар мән-жайларды белгілеуге болатынын іс сотта қаралғанға дейін судьяға хабарлайды. Егер шағым анықтау органына, анықтаушыға, прокурорға, тергеушіге берілсе, бұл мәліметтер шағым берілген лауазымды адамға немесе органға іс сотқа жіберілгенге дейін хабарлануы қажет. Сезікті, оның заңды өкілі, қорғаушы сезіктінің пайдасына кім (тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері) куәлік бере алатынын, қандай құжаттар мен өзге де дәлелдемелер бұл мақсатқа қызмет ете алатынын іс қаралғанға дейін судьяға хабарлауға құқылы. Заттар мен құжаттар, мүмкіндігінше, судьяға немесе шағым берілген өзге де адамға немесе органға берілуі керек. Сезікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, сондай-ақ жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері барлық жағдайларда дәлелдемелерді тікелей сотқа беруге және дәлелдемелер жинауға қызмет етуі мүмкін мәліметтерді судьяға хабарлауға құқылы. Судья тараптарға олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді жинауға жәрдемдесуге тиіс.
Жеке айыптау ісін сот мәжілісінде қарау заңмен белгіленген шеңберде жүзеге асырылуы тиіс. Сот талқылауы шағымның сотқа түскен сәтінен он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары түсіндіріле отырып, шағымның көшірмесін алған кезінен бастап үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс. Сот талқылауына жеке айыптаушы мен айыпталушының жеке өздері қатысуға немесе өз өкілдерінің өкілдік етуіне құқылы. жеке айыптау ісі бойынша шағымды қарау қарсы шағымды қараумен бір іс жүргізуге біріктіріледі. Мұндай жағдай егер айыпталушыда берілген шағымға қарсы шағым берген реттерде ғана. Қарсы шағым сот талқылауы басталғанға дейін берілуі керек. Біріктіруге судьяның қаулысы бойынша сот тергеуі басталғанға дейін ғана жол беріледі. Шағымдарды бір іс жүргізуге біріктірген кезде оларды берген адамдар іске бір мезгілде Жеке айыптаушы және сотталушы ретінде қатысады. Қарсы шағымның түсуімен және іс жүргізулердің біріктірілуімен байланысты қорғауға дайындалу үшін үстінен қарсы шағым берілген адамның өтініші бойынша іс үшін үш тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін. Өздерінің шағымдарында баяндалған мән-жайлар туралы бұл адамдардан жауап алу жәбірленушіден жауап алу ережелері бойынша, ал қарсы шағымдарда баяндалған мән-жайлар туралы сотталушыдан жауап алу ережелері бойынша жүргізіледі. Жеке айыптаушы немесе оның өкілі сот отырысында айыптауды қолдайды.
Төрағалық етуші сот тергеуі басталғанаға дейін тараптардың бітімге немесе ымыраға келтіру шараларын қолдануы тиіс. Тараптар бітімге немесе ымыраға соттың кеңесу бөлмесіне кетуіне дейін ғана келуі керек. Ал, бітімге немесе ымыраға келе алмаса сот тергеуі басталады.
Сот тергеуі жеке айыптаушының немесе оның өкілінің шағымын баяндаумен басталады. Жеке айыптау ісі бойынша қарсы шағымды бір мезгілде қарау кезінде, оның дәлелдері негізгі шағымның дәлелдері баяндалғаннан кейін, нақ сол ретпен баяндалады. Айыптаушы дәлелдерін ұсынады, ол оларды зерттеуге қатысуға, сотқа айыптаудың мәні бойынша сотталушыға қылмыстық заңды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезінде тындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін білдіруге құқылы. Айыптаушы сот мәжілісінде, егер мұнымен сотталушының жағдайы нашарламайтын және оны қорғауға деген құқығы бұзылмайтын болса, айыптауды өзгерте алады, сонымен қатар айыптаудан бас тартуға құқылы.
Жеке айыптаушы немесе оның заңды өкілі мынадай дәлелді себептермен сот тергеуіне келе алмаса іс кейінге қалдырылады:
Жеке айыптаушының немесе оның заңды өкілінің сот тергеуіне келуіне мүмкіндік бермейтін ауруы болса;
егер, жеке айыптаушының немесе оның заңды өкілінің жақын туыстары қайтыс болса;
дүлей апаттар орын алса; (су тасқыны, жер сілкінісі, өрт, қатты дауыл т.б. табиғи апаттар).
Жеке айыптаушының немесе оның заңды өкілінің қолына сот тергеуіне келуі туралы шақыру қағазы дәлелсіз себептер тимей қалса;
Жеке айыптаушының немесе оның заңды өкілінің белгіленге мерзімде келуіне мүмкіндік бермейтін өзге де жағдайлар туындаса.
Егер де, жеке айыптаушының немесе оның заңды өкілінің іске дәлелсіз себептермен келмей қалған жағдайда оларды айдап әкелінуі мүмкін. Жеке айыптаушының немесе оның заңды өкілінің сот отырысына келмей қалған ретте, сотталушының өтініші бойынша істі мәні бойынша олардың қатысуынсыз судья қарай алады. Жеке айыптау жөніндегі істі қарай отырып судья заң ережелері сақтай отырып, мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1.жеке айыптау ісі бойынша сотталушыға қатысты айыптау немесе ақтау үкімі шығарылады;
2.жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан және тараптар бітімге келген жағдайда істі тоқтатады;
3.іс бойынша анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу туралы мәселені шешу үшін істі прокурорға жібереді. Сонымен қатар, судья бұл туралы қаулы шығарады. Қаулыда қандай негіздер бойынша іс анықтау немесе алдын ала тергеу үшін қайтарылып отырғандығын көрсетуі қажет. Бұл ретте сот айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқылы[11,24б].
Жеке айыптау жөніндегі қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 37-бабында көзделген мән-жайлар болған ретте, сондай-ақ, жәбірленушінің немесе айыпталушының жақын туыстары істі қарауды талап еткеннен басқа жағдайларда, жеке айыптаушының қайтыс болуымен байланысты қысқартады. Істі қысқарту туралы шешім қабылдағаннан кейін судья айыпталушыға қатысты қолданған бұлтартпау шарасын алып тастайды және азаматтық талапты және мүлкін тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселені шешеді. Судьяның істі қысқарту туралы қаулысының көшірмесі міндетті түрде прокурорға жіберілуі тиіс. Сонымен қатар, қаулының көшірмесі қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбірленушіге тапсырылуы керек.
Жеке айыптау қылмыстық iсi адам (бiрнеше адам) сотқа адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғалады. Анықтау органына, тергеушiге немесе прокурорға шағым берген кезде ол сотқа жiберiлуге жатады. Шағымда ол берiлген соттың атауы, қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, дәлелдерi көрсетiле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, iстi iс жүргiзуге қабылдау туралы сотқа өтiнiш, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәлiметтер, сотқа шақырылуы қажеттi куәлердiң тiзiмi қамтылуы қажет. Шағымға оны берген адам қол қояды. "Домалақ" шағымдар iс жүргiзуге қабылданбайды. Шағымда сондай-ақ азаматтық талапты қарау туралы өтiнiш болуы мүмкiн.
Шағым сотқа жеке айыптау iсi қозғалуға қатысты адамдардың санына қарай көшiрмелерiмен берiледi. Сот шағымды өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаған кезден бастап оны берген адам Жеке айыптаушы болып табылады және оған құқықтар түсiндiрiлуге тиiс, ол туралы судья және шағым берушi адам қолдарын қойған хаттама жасалады. Егер айыптауды бiрнеше адам бiр адамға қатысты қозғаса, олар шағымды бiр-бiрiнен тәуелсiз бередi. Егер бiр ғана қылмыстық жазаланатын әрекетке қатысты жеке айыптау қорғауға бiрнеше адам құқылы болса және олардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша iс қозғалса, қалған адамдар басталып та кеткен iс жүргiзуге кiруге құқылы. Бұл жағдайда аталған адамдардың әрқайсысының өтiнiшi бойынша өз алдына iс қозғау талап етiлмейдi.
Егер ол iс қозғалған қылмыстық жазаланатын әрекеттiң мәнiмен байланысты болса, айыпталушы айыптаушыға қарсы айыптау бiлдiруге құқылы. Айыптау және қарсы айыптау бiр мезгiлде шешiлуге тиiс. Айыптауды қайтарып алу қарсы айыптау бойынша iс жүргiзуге ықпал етпейдi. Қайтарып алынған жеке айыптау бойынша қылмыстық iс қайта қозғалмайды.
Егер берiлген шағым заңның талаптарына сәйкес келмесе, судья оны берген адамға шағымды сол талаптарға сәйкес келтiрудi ұсынады және бұл үшiн мерзiм белгiлейдi. Нұсқау орындалмаған жағдайда судья өзiнiң қаулысымен шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартады және оны берген адамды бұл туралы хабардар етедi.
Жеке айыптау iсi бойынша шағымды қарап, судья үш тәулiк iшiнде:
1) шағымды өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы;
2) шағымды тергелуi немесе сотталуы бойынша беру туралы;
3) шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Шағым бойынша қабылданған шешiм туралы қаулының көшiрмесi өтiнiш иесiне және айыпталушыға жiберiледi. Сот мәжiлiсiн тағайындау үшiн негiздер болған ретте судья шағымның сотқа келiп түскен күнiнен бастап жетi тәулiкке дейiн мерзiмде үстiнен шағым берiлген адамды шақыруға, оны iс материалдарымен таныстыруға, берiлген шағымның көшiрмесiн тапсыруға, отырысындағы сотталушының құқықтарын түсiндiруге және осы адамның пiкiрi бойынша сотқа қорғаудың куәгерлерi ретiнде кiмдi шақыру қажет екендiгiн анықтауға мiндеттi, ол туралы қолхат алынады. Үстiнен шағым берiлген адам сотқа келмеген жағдайда, шағымның көшiрмесi сотталушының құқықтары, сондай-ақ бiтiмге келу мүмкiндiктерi түсiндiрiле отырып почтамен жiберiледi [12,61б].
Судья тараптарға бiтiмге келу мүмкiндiктерiн түсiндiруге мiндеттi. Олардан бiтiмге келу туралы өтiнiш түскен жағдайда судьяның қаулысымен iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылады. Егер тараптардың арасында бiтiмге келуге қол жеткiзiлмесе, судья осы баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерiндегi талаптар орындалғаннан кейiн, iстi сот мәжiлiсiнде қарауды тағайындайды.
Жәбiрленушi, қылмыстың жасалғаны туралы шағым берген өзге адам, қылмыстық мән-жайлар және оны жасауға күдiк келтiрiлген адамның кiнәлiлiгi сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкiн екендiгiн шағымда көрсетуi қажет. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер өзi немесе өкiлi арқылы қандай адамдардың (тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi) куәлiк етумен, құжаттармен, өзге де дәлелдермен өздерiнiң мүддесiн қорғауы үшiн мәнi бар мән-жайларды белгiлеуге болатынын iс қаралғанға дейiн судьяға хабарлайды. Егер шағым анықтау органына, анықтаушыға, прокурорға, тергеушiге берiлсе, бұл мәлiметтер шағым берiлген лауазымды адамға немесе органға iс сотқа жiберiлгенге дейiн хабарланады.
Сот тергеуi басталудан бұрын төрағалық етушi тараптарды бiтiмге келтiруге шара қолдануға мiндеттi. Тараптардың бiтiмге келуi соттың кеңесу бөлмесiне кетуiне дейiн бола алады. Сот тергеуi жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң шағымын баяндаумен басталады. Жеке айыптау iсi бойынша қарсы шағымды бiр мезгiлде қарау кезiнде, оның дәлелдерi негiзгi шағымның дәлелдерi баяндалғаннан кейiн, нақ сол ретпен баяндалады. Айыптаушы дәлелдерiн ұсынады, ол оларды зерттеуге қатысуға, сотқа айыптаудың мәнi бойынша сотталушыға қылмыстық заңды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге құқылы. Айыптаушы сот мәжiлiсiнде, егер мұнымен сотталушының жағдайы нашарламайтын және оның қорғауға деген құқығы бұзылмайтын болса, айыптауды өзгерте алады, сондай-ақ айыптаудан бас тартуға құқылы. Жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң дәлелдi себептерсiз сот отырысына келмей қалуы iстiң тоқтатылуына әкеп соғады, алайда сотталушының өтiнiшi бойынша iс мәнi бойынша олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкiн [13,77б].