1.3 Қылмыстық ізге түсуді жеке түрде жүзеге асыру. Жеке айыптау.
Қылмыстық ізге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105, 111, 112, 123, 129, 136, 144-бабының (1, 2 бөліктерінде, 145-бабының 1 бөлігінде, 188 бабының 1 бөлігінде, 300 баптың 1 бөлігінде) көзделген қылмыстық істер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс тек қана жәбірленушінің шағымы болған жағдайда ғана қозғалады. Бұл қылмыстық істер бойынша шағымданушы яғни, жәбірленушіге тікелей моральды, мүліктік зиян немесе дене жарақаты т.б. зиянның орны болуы керек. Бұл іс бойынша, егер жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмаса немесе дене кемтарлығы болса, не созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзін-өзі қорғай алмаса онда, жәбірленушінің заңды өкілдерінің арызы немесе шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Ал, жәбірленуші мен айыпталушы татуласқан ретте жәбірленушінің заңды өкілінің келісімімен қылмыстық іс тоқтатылады [7,54б].
Қылмыстық процестік кодексінің 410 бабының 2,4,6 бөліктерінде көрсетілгендей жәбірленушінің арыздары жазбаша болуы керек. Арызда соттың атауы, қылмыс оқиғасы, орны, уақыты, осы іске қатысты дәлелдемелер, куәлердің тізімі, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам туралы толық мәліметтер тағы басқалар жазылуы тиіс. Арызға, оны беріп отырған адам қол қояды.
Шағымды сондай-ақ, азаматтық талапты қарау туралы өтініш болуы мүмкін. Шағым сотқа беріледі. Жәбірленушіге барлық құқықтары түсіндіріледі және қылмыстық істі қозғау тәртібі мен жағдайлары, Жеке айыптау істері бойынша істі тоқтату тәртібі түсіндіріледі. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін алдағы тарауларда қамтимыз.
Жеке-жариялы айыптау істері жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалады. Шағымда жәбірленушінің қылмыстық іс әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы талабы болуы тиіс. Қылмыстық іс бойынша жеке – жариялы айыптау ісі жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Жеке-жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабында /бірінші бөлігінде/, 104 бабында /бірінші бөлігінде/, 117 бабында /бірінші және екінші бөлігінде/, 121 бабында /бірінші бөлігінде/, 135,139 баптарында, 187,189,200 баптардың /бірінші бөліктерінде/ 327-бабында /бірінші бөлігінде/ тағы басқа да қылмыстық кодексте көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық іс бойынша қозғалмайды.
Прокурор жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқығы бар. Ол заң бойынша мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1. егер, жәбірленуші әрекетке дәрменсіз немесе басқаға тәуелді болған жағдайда;
2. өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүддесін қорғаған жағдайда;
3. қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қорғайтын болса.
Егер, прокурор жәбірленушінің шағымы болмаған ретте өз қалауы бойынша қылмыстық іс қозғаған болса, онда қозғалған қылмыстық іс жариялы сипатқа ие болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 8-тарауында көзделген әрекеттер мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын болса, тек қана коммерциялық немесе өзге де ұйымның мүдделеріне зиян келтірсе және басқа да ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ, азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Аталған тараудағы қылмыстарға мына төмендегі қылмыстар жатады:
өкілеттіктерді теріс пайдалану;
жекеше нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы;
жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы;
коммерциялық сатып алу;
міндеттеріне адал қарамау т.б. қылмыстар.
Осы аталған істер бойынша қозғалған қылмыстық істер жеке-жариялы түрде жүзеге асырылады. Осы қылмыстар бойынша айыпталушыны қылмыстық жауапқа тарту үшін мына аталған жағдайлар міндетті түрде қарастырылуы тиіс:
1. мекеме, мемлекеттік болмауы тиіс;
2. басқа ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келмеуі тиіс.
Осы жағдайларға қарай, коммерциялық және басқа да ұйымдар еркін түрде заң шеңберінде өздерінің мүдделерін анықтап алады. Ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы қылмыстық істі қозғауға уәкілеттігі бар немесе қылмыстық ізге түсу органына бере алады. Арызда тек қана болған оқиға жайында ғана емес, сонымен қоса айыпталушы жақты міндетті түрде қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы өтініші болу керек. Бұл аталған қылмыс түрлеріне байланысты қозғалған қылмыстық іс жалпы тәртіпте жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |