Жшс «academy of golden kids» Тәрбие сағатының тақырыбы: ана өмірдің шырағы сынып жетекшісі. И. С. Жуматаева



Дата25.04.2023
өлшемі24,29 Kb.
#175392
түріСабақ
Байланысты:
тәрбие сағат


ЖШС «ACADEMY OF GOLDEN KIDS»
Тәрбие сағатының тақырыбы:


АНА ӨМІРДІҢ ШЫРАҒЫ
Сынып жетекшісі. И.С.Жуматаева
2022-2023жыл

Ана - өмір шуағы.
Сабақтың мақсаты: Аналар мейрамы.
Адамда не қасиет болса да,бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған. Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы аналарға деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ақ жаулықты аналарды құрмет тұтып, адал да парасатты ұлы мен қыздары болуға тәрбиелеу. Балалардың жүрегіне « Ана» деген есімді мәңгі ұялату мақсатын көздедім .
Сабақтың көрнекілігі: «Алып – анадан туады» стенді, шарлар,плакатқа жазылған қаннатты сөздер.
« Ана – ұлы адам!
Ана – құдіретті жан!
Ана – өмір шуағы
Ана – барлық өміріміздің бастауы.»
Тәрбие сағатының барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе
сөз сойлеу, мақсатын түсіндіру.
ІІІ. Енді тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл бөлсек.
Мұғалім.
Ана.
Өмірде ана-бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол- біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы – Отанды да
« Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
1913 жылы 8 наурызда Санкт-Петербургте тұнғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді.Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. Міне, аналар мейрамы біздің сыныпта да аталып өтілгелі отыр. Халқымызда « жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі «ана». Ақын ананы ән-жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады.Сәулетші оны тастан қашап жасайды. Ана- барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен – ақ әр нәрестенің ең жақыны- анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен –ақ басталады. « Ана» сөзі де ыстық. Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен дарыған.
Ал, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап жіберейік:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймыз, анашым.
Әлемде өзгермейтін үш – ақ зат бар,ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.
Ана мен бала арасын көзге көрінбейтін тілсым сырлы жіп жалғап тұрады. Міне, сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының титтай қуанышын да бар болмысымен сезінеді.
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып, білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Нәзіктік атаулының жиындығы ананың алақаны, сондықтан ол- сәби үшін ең жылы ұя.
Бүгін - наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі - адамның,
Анаға айтар лебізі.
Ана –өмір шырағы,
Ана- өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр- әні,
Жүрегімде тұрады.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Ән: « Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау 3- әріптен құралған қасиетті сөздің түп- төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!
Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.
Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан
Бөбегі де кетпейді.
« Менің балам» ойыны. Мақсаты: Ана мен бала арасындағы қарым- қатынас. Түрлі- түсті шарлардың ішінде сұрақтар бар. Сол түрлі- түсті шарларды әрбір ана өзіне ұнаған түсті таңдап алып, сол шарды жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.Әрбір таңдаған шарлардың түстеріне қарай психологиялық сипаттама беріледі.
Түстер жайлы:
Ақ түс – Бейкүнә жан.
Қызыл түс - Өткір тіл, басқара білу, қабілетті жан.
Сары түс – Байлық, сән салтанат.
Қоңыр түс – Көндіру.
Сұр түс – Үміт.
Жасыл түс – Данышпандылық пен ойлау.
Апельсин түстес сары – бейімділік.
Көгілдір күлгін түс – достық, еске түсіру, тұрақтылық т.б. түстер.
Шарлардың ішіндегі сұрақтар.

  • Сіз балаңызды қалай еркелетесіз? - - - - - - - - - -

  • Балаңызбен сырласасыз ба? – - - - - - - - - -

  • Балаңыздың ең жақсы көретін түсі қандай? - - - - - - - - - -

  • Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді? - - - - - - - - - - - - -

  • Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз? - - - - - - -

  • Балаңызға кімді үлгі тұтасыз? - - - - - - - - - - -

  • Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс ба?- - - - - - - - - - -

тағы басқа да сұрақтар.
Ана –ол өмірдің тірегі, перзенттің жүрегі, отбасының ұйтқысы. Қандай ана болмасын, ол мақтауға, марапаттауға, құрметтеуге лайық жандар! Ендеше балалар, Ана туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?
1-оқушы: Атадан- өсиет, анадан – қасиет.
2-оқушы: Ана баласын арыстанның аузынан алады.
3-оқушы: Мылқаудың тілін анасы біледі.
4- оқушы. Қызымның баласы, балдан тәтті анасы.
5- оқушы: Ұлымның баласы, қара жылан анасы.
6- оқушы: Ананың сүті – бал, баланың тілі-бал.
Ән: Е.Хасанғалиевтің « Анаға сәлем» әні орындайды .
Мұғалімнің сөзі: Анам менің жасыл бағым жайнаған. Сол бағында асыр салып ойнағам. Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің ,- демекші осымен 2-сынып оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасын жабық деп жариялаймыз. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет