Ұйқы механизмін, оның физиологиялық мәнін тұңғыш рет академик И. П. Павлов ашып берді. Ол ұйқы – мидың барлық орталықтарын қамтитын кең тараған тежеу екенін анықтады. Ұйықтаған кезде бұлшық еттер босаңсиды, тыныс алу сиреп, жүрек соғуы бәсеңдейді, дене температурасы, қан қысымы, зат алмасу төмендейді, қысқасы организмнің бүкіл қызметін реттейтін нерв орталықтарының белсенділігі құлдырайды. Адамның сергек кезінде нерв клеткалары үздіксіз істейді, мұның өзінде олардың химиялық құрамы елеулі түрде өзгереді, энергетикалық қорлар сарқылады. Біздің организміміздің ұлы сақшысы, тыным беріп, күш-қуатымызды қалпына келтірушісі – ұйқы болмаса, жүйке клеткалары тез құрып, қатардан шығар еді.
Жас және дендері сау адамдар ауырып-сырқағанда немесе қатты күйзелген, мазасызданған, қажыған күндері болмаса, басқа уақытта ұйқы қашу дегеннің не екенін біле қояр ма екен. Алайда жас ұлғая көптеген әйелдер мен еркектер ұйқыдан айырыла бастайды. Бірақ қаншама таңқаларлық көрінсе де, мұндай әуреге көбіне дені сау, пәлеңдей сырқаты жоқ адамдар да тап болады. Оның басты себебі... адамдардың дұрыс ұйықтай білмеуінде.
Терең, алаңсыз ұйқының негізі – нерв жүйесінің сабырлы күйде болуында, оны шаршау мен тынығудың дұрыс кезектесуі, басқаша айтқанда, тұрмыстың дұрыс режимі қамтамасыз етеді. Ұйықтауға үнемі белгіленген бір уақытта жатуға дағдылану – ұйқының берік болуының сенімді құралы. Сағат 10-да жатасыз ба, жоқ болмаса 11-де жатасыз ба, мұның пәлендей маңызы жоқ. Ең бастысы бұл мерзімнің тұрақты болуында, ағза алдын ала тынығуға «икемделеді», сондықтан қандай жағдайда да, тіпті жанұя мүшелерінің бәрі бір мезгілде жатпаса да, кейбіреулерінің істейтін шаруасы болса да, сіз ұйықтай бересіз.
Ұйқы бұзылуының алғашқы белгісі – ерте ояну, ешбір себепсіз, таңертеңгі сағат 4 – 5-те оянып, көпке дейін ұйықтамай жатасыз. Әрине, бұған қатты уайымдасаңыз, немесе одан да бекер берекеңізді кетіретін өмірлік мәселелерді ой елегінен өткізсеңіз, бірдеңе оқысаңыз немесе бөлмеде арлы-берлі жүріп алыңыз, таң атпай ояну дағдыға айналып, соған машықтанып кетесіз. Бұл дағдыдан ертерек құтылуға тырысыңыз. Оянысымен жамылғыны ашып, денеңіз аздап салқындай бастаса – бұл көбінесе қайта ұйықтап қалуға көмектеседі. Немесе ұйықтап жатқан адамның тыныс алғанындай терең ырғақты тыныстаңыз – нерв клеткаларын тежейтін сыннан өткен әдіс. Ең бастысы, өз ойыңызды жанға жайлы тиетін, көңілді жұбататын бірдемеге аударыңыз. Мұның айтарлықтай көмегі бар.
Басы жастыққа тие ұйқысы ашылып кететіндер де болады. Бұларға беретін кеңесіміз: өзіңізді ұйықтауға күні бұрын әзірлеңіз, жауапты істерді, тебірентетін әңгімелерді, ауыр жұмысты түнге қалдырмаңыз. Әрине, үнемі осылай істей беру де кейде қолдан келмей қалады, бірақ сонда да «жақсы ой таң ата келеді» дегенді естен шығармаған жөн. Күннің екінші жартысынан бастап организмнің жалпы белсенділігі бірте-бірте төмендейді, ми клеткаларының қозғыштығы әлсірейді, сондықтан кітаптар мен чертеждерге ұзақ уақыт үңіле беруге болмайды. Айтпақшы, жұмыс істеуді ойын-сауықпен алмастыру нерв жүйесіне түсетін салмақты жеңілдетеді деп ойламаңыз. Тым кеш болатын киносеанстар, теледидар хабарлары, би, шуылдаған топтар – мұның бәрі миға үлкен салмақ болып тиеді. Ұйқы онсыз да бұзылып жүрсе, артық әсерлерден аулақ болған жөн.
Ойын-сауықты шектеп, кешке қарай үйде болыңыз, ұйықтауға жатудан бір жарым-екі сағат бұрын телевизорды сөндіріп, кесте тоқыңыз, сабырлы әуенді музыка тыңдаңыз. Жатар алдында 10 – 15 минут жарықты күңгірттеп отырған жақсы.
Қайсы біреулер қолына кітап алмай төсекке жатпайды және көпке дейін кітап оқып жатады. Әрине, кітап оқуға болады, айтпақшы, кейбір әйелдердің кітап оқуға басқа уақыты да бола бермейді. Иә, көз жұмыла бастағанға дейін ғана. Осы мезетте кітапты былай қойып, шамды өшіріңіз. Тағы да екі-үш бетті оқымақ болып, ұйқымен күреспеңіз, өйткені мұның өзі нерв клеткалары тежелуін кейінге шегіндіріп, олардың әлсіреуіне себін тигізеді. Төсекте жатып маңызды мақаланы оқуға, шетел сөздерін жаттауға және т. т. мүлде болмайды. Осылай оқу процесінің барысында сіздің миыңызға үлкен салмақ түседі, іс жүзінде сіз жұмыс үстіндесіз, бірақ соның өзінде ұйқымен алысып жатқаныңызды өзіңіз де сезбей қаласыз. Егер осы шаруамен шұғылданатын басқа уақытыңыз болмаса, төсекте жатпай, үстел басына отырып оқыңыз. Қаншама ұзақ отырып қалсаңыз да оның зияны төсекте жатып қалғаннан әлдеқайда кем болады. Жалпы есіңізде болсын: төсекте ұйықтамай жату, ұйқыңыз келгенде оған қарсылық жасау – зиянды, оған машықтанбаңыз.
Тез ұйықтауға жатардан бұрын серуендеу себін тигізеді, ал кейбіреулерге қысқа мерзімді, 3 – 5 минуттық адамды бей-жай тыныштық күйге бөлейтін ванна (судың температурасы дене температурасынан жоғары емес) көмектеседі.
Төсекке жатарда көңілге қонымды, әдемі көріністерді көз алдыңызға елестетіп, соған ой аударуға болады. Ал бейнелі ойлау қабілеті оншама дамымаған адамдардың мынадай жаттығу жасауына болады: көзді жұмып жатып ақ бояумен ақ фонға 3 санын баяулап және бірнеше рет қайталап ойша жазыңыз. Мұның да ұйықтап кетуге тигізетін себі бар.
ЖШС «Рауан» балабақшасы
Баяндама
Тақырыбы: «Балалардың денсаулығын
нығайтамыз»
Дайындаған: әдіскер З.А.Ажибаева
Құрық селосы
қараша, 2014ж Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай:
- балалардың негізгі қыймыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындары үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру.
Бұл мақсатта қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары және ғасырлар бойы сұраптылып келген озық тәжіребелер де ескерілген.
Өйткені, ата - бабаларымыз балаларын ат құлағында ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа үйреткен. Осындай мәнді де мағыналы тіршілік пен еңбек түрлерін игеру әрекеттері арқылы балалардың денесі шынығып, шымыр да тұлғалы бітім қалыптасқан, алып күштің иесі де шыққан. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру мақсатында біздің балабақшада қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық нақыштағы қимыл – қозғалысына арналған жаттығуларды әр топтағы балаларға жасатып үйрету жұмыстары жүргізілуде.
Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.
Қазіргі уақытта біздің ЖШС «Рауан» балабақшасында талапқа сай, жақсы жабдықтылған топтар, аулада спарт және ойын алаңдары бар. Оларда түрлі жарыстар, әр бағыттағы спорттық ойындар жиі жүргізіліп тұрады. Күнделікті ертеңгілік балалармен дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Осы сабақ барысында балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасып, іс қимылдары жетіліп, бұлшық еттері қатаюына көңіл бөлінеді.
Түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін балалар бірнеше дене жаттығуларын жасайды. Дәрігерлер тарапынан балаларға әртүрлі емдік қасиеттері бар шөптерден сусындар (фито - бар) жасалынып ішкізіледі. Сонымен қатар балабақшада ата – аналардың қатысуымекн түрлі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан – жақты жетілуіне әсер етеді. Дене тәрбиесіне байланысты балабақшада «Шымықсан шымыр боласың», «Көңілді достар», «Кім жылдам», деген топ арасындағы эстафеталық жарыстар өткізіледі. Әр сабақ жан – жақты толқыланып, кем – кетігі болса толықтырылып, баланың толыққанды өсіп - өнуі мұқият қадағаланады.
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай:
- балалардың негізгі қыймыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындары үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру.
Бұл мақсатта қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары және ғасырлар бойы сұраптылып келген озық тәжіребелер де ескерілген.
Өйткені, ата - бабаларымыз балаларын ат құлағында ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа үйреткен. Осындай мәнді де мағыналы тіршілік пен еңбек түрлерін игеру әрекеттері арқылы балалардың денесі шынығып, шымыр да тұлғалы бітім қалыптасқан, алып күштің иесі де шыққан. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру мақсатында біздің балабақшада қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық нақыштағы қимыл – қозғалысына арналған жаттығуларды әр топтағы балаларға жасатып үйрету жұмыстары жүргізілуде.
Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.
Слайд № 1Педагог портфолиосы
Слайд № 2 «Портфолио» термині-педагогика саласына саясат пен бизнестен келген сөз.
Портфолио (portfolio-ағылшын сөзі )-маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни адам туралы ақпарат,бизнес саласында ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіріледі.
Слайд № 3 Педагог портфолиосы жеке кәсіби жетістіктерін, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі және дамытудағы нәтижелерін, педагогтың білім беру саласына қосқан үлестерін біріктіретін жеке папкасы болып табылады.
Портфолио педагогқа тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге, өзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Портфолио- тәрбиешінің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Педагог портфолиосын жасау қайдан пайда болған?
Жауап: Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге болады.
Слайд № 4 Портфолионың негізгі мақсаты:
Педагогтың кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту. Портфолио педагогтың өз қызметіндегі әр түрлі оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.
Слайд № 5 Портфолионы жасақтау қиындықтары:
төмен мотивация, жұмысқа қызықпау;
тәжірибенің аздығы,біліктіліктің төмендігі;
өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы;
рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы.
Слайд № 6 Портфолио бағалаудың тиімді нысаны болып қана қоймай, сонымен бірге мынадай маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
Педагогтардың шығармашылығын қолдау;
Педагогтардың рефлексиялық әрекеті дағдыларын дамыту;
Кәсіби шеберліктерін қалыптастыру;
Өз іс-әрекетін жоспарлап, ұйымдастыру.
Слайд № 7 Педагог портфолиосын дайындау технологиясы. Педагогтарды ынталандыру: аттестатциядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз.
Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы.
Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында немесе мерзімді көрсету.
Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.
Педагог портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни уақыты көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио әр педагогтың немесе әдіскердің алдына қойған мақсат-міндеттері негізінде жасалады.
Педагог өз порфолиосының мазмұнымен ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі болады.
Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқау хат ретінде қолданыла береді.
Педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен оқытуға; (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау)
Педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын жұмыс жетістіктерін талдау, марапаттау)
Педагог портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (педагогтың кәсіби дамуының деңгейі туралы)
Слайд № 9 Педагог портфолиосының негізгі бөлімдері.
Бұл бөлімде тәрбиешінің түрлі саладағы жетістіктері мен жеке кәсіби даму үрдісі енгізіледі.
*Үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттар, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдарының көшірмелері;
* Жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмелері;
*Білімі туралы диплом көшірмесі;
*ғылыми атағы туралы дипломның көшірмесі;
*Бұрын берілген біліктілік санатының көшірмесі;
*Мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;
Слайд № 12
3 бөлім: «Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет»
Бұл бөлімде педагогтың кәсіби әдістемелік жинақтары, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны қолдану материалдары, әдістемелік бірлестіктегі жұмысы, кәсіби және шығармашылық байқауларға қатысуы, пәндік және әдістемелік апаталықтарға қатысуы, үздік тәрбиеші, дөңгелек үстел, семинарларды ұйымдастырып өткізуі, авторлық бағдарламалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі, баяндама, реферат, шығармашылық есеп дайындауы, баспа материалдар.
Слайд № 13
4 бөлім: Тәрбие жұмыстары
Тәрбиешілердің шығармашылық жұмыстары, рефераттары, байқау, сайыстар, тәрбие сағаттарының сценарилері, бейнематериалдары ,үйірме бағдарламалары.
Слайд № 14
5 бөлім:«Оқу-материалдық база»
Бұл бөлімде тәрбиешінің әдістемелік үлесі: пәндер бойынша әдістемелік материалдардың тізімі, көрнекі құралдар тізімі, техникалық құралдар, компьютер, аудио, бейнематериалдары, дидактикалық материалдар тізімі.
Слайд № 15
6 бөлім: Ата-аналармен жұмыс:
Ата-аналармен жұмыс жоспары, ата-аналар жиналысының материалдары.
Слайд № 16
7 бөлім: «Пікірлер»
Бұл бөлімде балабақша басшыларының, тәрбиешілердің, ата-аналардың жазған пікірлері жинақталады.
Слайд № 17
Ал әдіскер портфолиосы 4 бөлімнен тұрады:
1. Құжаттар портфолиосы
2. Жұмыс портфолиосы
3. Жетістіктер портфолиосы
4. Пікірлер портфолиосы
Құжаттар портфолиосы-жетістіктер портфелі.
Осы нұсқаға кірген материалдар: диплом, марапат қағазы, куәлік, сертификат және мұғалімнің жетістігін растайтын басқа да құжаттар.
Жұмыс портфолиосы- әдіскердің әртүрлі шығармашылық, жобалау, зерттеу жұмыстарының жинағы.
Осы нұсқаға кірген материалдар: үлгілер, жобалар, зерттеу жұмыстары, шығармашылық есептер, баяндамалар, кітапшалар.
Жетістіктер портфолиосы - Өзі ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Табыстары мен ынталану жолдарында жасаған материалдары.
Пікірлер портфолиосы- әріптестер,ата-аналар, мектепке даярлық тобының мұғалімдерінің, балалардың пікірлері.
Осы нұсқаға кірген материалдар: пікірлер, түйіндемелер, ұсынымхаттар және т.б.
Слайд № 18 Портфолио әдісін енгізу әр педагогтың жеке траекториялы кәсіби дамуының маниторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.
Мектеп жасына дейінгі
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтар білуі тиіс?
І. Педагогикалық білімді
Баланың даму заңдылығын және олармен қарым-қатынасқа түсу технологиясын
Баланың даму деңгейін анықтау әдістерін
Жас ерекшелігіне сай мемлекеттік стандарт талаптарын
5-6 жастаға балаларға құрылатын педагогикалық үрдісті басқару негізін білу
5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістерін білу
Балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту туралы ғылыми әдебиетке сүйену
Мәселені тауып, оның маңыздылығын көрсете білу, зерттеудің мақсатын, міндетін, болжамын таба білуі, эксперименттік жұмыс әдістерін және оның нәтижелерін қолдана білуі
ІІІ. Талдаушылық дағдыларды
Баланың білік дәрежесін анықтай білу
Педагогикалық ықпалдың әлсіздігінің себебін, өзінің жұмысындағы кемшіліктерді таба білу
Талдау негізінде өз қызметінің жаңа мақсаттары мен міндеттірін қоя білу
ІV. Түзету дағдыларын
Жүйелі диагностика нәтижесін ескере отырып педагогикалық үрдісті ұйымдастыра білу
әр баланың жеке білімдік бағытын жасап, жеке дамыту бағдарламасын құра білу
Баланың іс-әрекетін басқара білу
V. Диагностикалық дағдыларды
өз кіәсібін жетілдіру мен өз білімін көтеру бағдарламасын жасай білу
өз іс-тәжірибесін қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылым жетістіктерімен салыстыра білу
VI. Оқыту қызметтерін
Балалардың жыныстық ролдік айырмашылығын есепке алу
Білім беру қызметінің мақсатын, білім мазмұны мен іскерліктерін білім беру ісінің кезеңдері мен балалардың мүмкіндіктеріне, оладың даму қарқынына сәйкес нақтылау
Білім мен шеберлікті қалыптастыру кезеңдеріне, міндеттері мен мазмұнына сәйкес оқытудың формалары мен әдістерін іріктеу
Балалар мен ересектер арасындағы әлеуметтік қатынасты қамтамасыз ету
Даралықты, дербестікті, жауапкершілікті, белсенділікті, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқаруын дамытатын жұмыстардың мазмұнын, формасы мен әдістерін таңдап алу
Нақты баланың жеке тұлғалық даму деңгейіне сәйкес педагогикалық үдірісті ұйымдастыру
VIII. Ұйымдасту-педагогикалық жұмыстарын
Педагогикалық үрдісті үш негізгі бірлікте: ұйымдастырылған оқыту, балалармен бірлескен іс-әрекет және олардың өз бетімен жасауына құра білу тәсілдерін меңгеру
Балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың фронтальді, топтық және жеке түрлерін білуі
Балалардың өз білімдері мен шеберліктерін белсенді қолдануға ынталандыратын жағдай туғызу
Барған сайын барынша күрделі міндеттер қойып, балалардың қиындықты жеңу ынтасын қолдау
ІХ. Жоспарлы-болжамды іс-әрекетті
өз жоспарын жалпы даму жоспарымен және стандарт жоспарымен байланыстыра, сәйкестендіре білу
Баланың ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс түрлерін, әдістерін және тәсілдерін қолдана білу
Ішкі және пән аралық байланысты жүзеге асыра білу
Х. Жеке қасиеттерді
Балалармен жұмыс істеу жоспарының болуы
Балаларға деген парасатты махаббат
Жұмыста қажырлылық
Танымдық дамуға деген қызығушылық
Эмоционалды тұрақтылық
Креативтілік
Эмпатияға деген қабілеттілік
Сауалнама
1.Ата –ананың аты –жөні
2.Балаңыз сізге көп сұрақтар қоя ма? Қандай сұрақтар қояды? (табиғат, техника, өнер, адамдардың өзара қарым – қатынасы, спорт).
3.Сіздің балаңыз қиялдағанды жақсы көре ме? Ол қандай тақырыптарда қиялдайды?
4.Ол әңгіме, өлеңдар шығара ма? Өзінің ойлаған о йымен, алған әсерлерімен, көрген түсімен бөлісе ме?
5.Отбасында кім балаға көп назар аударып, онымен жұмыс дасайды?
6.Балаңызға жиі кітапоқып бересіз бе? Сіздің балаңызға қандай кітептар ұнайды?
7.Сіз балаңыздың шығармашылық қабілеті бар деп ойлайсыз ба?
8.Сіз өз балаңызды болашақта қалай елестеткіңіз келеді?
Әңігіме. 3 – 4 жасарларға арналған сұрақтар.
Сенің атың кім? Сені кім деп еркелетеді?
Сен қандай ойындар ойнағанды ұнатасың?
Сен балабақшадағы досың кім?
Сен ұйқы кезінде ұйықтайсың ба?
Жиі жылайсың ба? Сені біреулер ренжіте ме?
Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты түгел ішесің бе?
Сен біреуден немесе бір нәрседен қорқасың ба?
Сенің жақсы көретін ойыншығың бар ма? Қандай?
Саған балабақшаға келу ұнайды ма?
Сен балабақшаға келе жатқанда нелерді көресің? Үйге қайтқанда ше?
Сен басқа балаларға өз ойыншықтарыңды бересің бе? Кімге бересің? неге?
Балалармен төбелесіп қалатын кездерің болады ма?
Саған балалармен ойнаған ұнайды ма, әлде жеке ме?
Қатты ашуланғанда не істейсің?
Сен біреу ренжіткенде не істейсің?
Балабақшада таңертең болған ұнайды ма, әлде кешке ме?
5 – 6 жасарларға арналған сұрақтар.
Сен не істей аласың: оқу, жазу, санау?
Қалай ойлайсың, сенің мінезің қандай (жееткші сұрақатар қою: көңілді, жабырқау, бір беркей т.б.)?
Сен біреулерден қорқасың ба (немесе бір нәрседен)?
Сенің кіммен жиі ойнайсың? Неге?
Сенің кіммен жиі ренжісесің? Неге?
Саған балабақшада не ұнайды?
Мектепке барғың келе ме ? Неге?
Сен қалай ойлайцсың сенің тәрбиешің қатал ма, әлде мейірімді ме?
Сен нені көп армандайсың?
Сен кімге көп ренжисің?
6 - 7 жасарларға арналған сұрақтар.
Балабақшада 10 жасқа дейін болғың келе ме? Неге?
Қалай ойлайсың үлкен болған жақсы ма? Неге?
Үлкендер саған жиі ұрыса ма, әлде мақтайды ма?
Сен қалай ойлайсың, балалар көбенесе не үшін ренжиді?
Сен қалай ойлайсың, балаларға не үшін ұрысуға болмайды?
Неге балалр кейде алдайды?
Қай кезде көңіл – күйің болмайды?
Егер сенің ғажайып таяқшаң болса, сен барлық адамдар үшін онымен қандай ғажайыптар жасаушы едің?
Сен қандай адамдармен дос болмас едің?
Сені көбінесе не қуантады?
Егер бала әңгіме барысында мазасызданып, тепкілене бастаса, бұл – ұялшақтық. Сіз диагностика барысында баланың сөйлескісі келмеу себебін түсінесіз: невроз, тілінің дамуындағы проблемалар. Егер бала қорқыныш, үлкендермен қарым – қатынас жасаудағы проблемалар, тамақтанағысы, ұйықтағысы, ойнағысы келмеу сияқты жағдайлар кездессе, міндетті түрде тәрбиеші мен ата – анаға ескерту керек. Әңгіме барысында сізде шағын психологиялық портрет (нақтырақ айтқанда, сипаттау) қалыптасады.