Үйсін тайпасының материалдық жағдайы



бет4/6
Дата11.07.2020
өлшемі1,92 Mb.
#75084
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
uisin taipas n n materiald k zhagdai

Ертедегі кезеңнің қорымдарына обалардың солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле немесе қосарласып тізбектеле орналасуы тән. Әдетте олардың әрқайсысында үйінді үстіне және үйінді сыртына оны айнала дөңгелете белдеулеп тас қаланған 5—10, ал кейде 25-ке дейін оба болады; белдеулер онша ірі емес тастар жағалата қойылған 1—2 немесе 3—4 қатардан тұрады.[1]

Бұрыштары сәл дөңес қабір шұңқырлары шығыстан батысқа қарай қазылған. Шұнқырлардың қабырғалары тік, беті ағашпен жабьшған. Өлік шұңқырға созыла жатқан күйінде, шалқасынан, қолын қапталына созып, басы батысқа қаратылып қойылған. Өліктің бір қолын шынтағынан бүгіп жерлеу өте сирек кездеседі. Шұңқырдың батыс бөлігіне, өліктің бас жағына қыш ыдыс қойылған. Марқұм тамақпен — қойдың сан етімен «жабдыкталған». Қабірге өлген адамның немесе әйелдің өзінің тұтынып жүрген заттары — темір және қола пышақтар мен түйреуіштер, моншақтар, алтын, күміс және қола сырғалар, металл айналар, кейде жебелердің темір ұштары салынған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет