Жүсіп Хас Хаж и б Баласағұн түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне аты шыққан, данышпан ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемелкет қайраткері
1 Өмірбаян Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне аты шыққан, данышпан – ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемелкет қайраткері.Жүсіп Баласағұн кезінде Шығыспен Батыс елдеріне орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, философия, математика, медицина, астрономия, тарих, тіл білімі әдебиеттану т.б. ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ретінде жақсы мәлім болған. 2 Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшыл, энциклопедист- ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Табиғаттану, риезиет (математика), фәләкият (астрономия), тарих, араб- парсы тіл білімі, т.б. ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама- ғалым ретінде жақсы мәлім болған. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни - өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Қолдағы бар мәліметтерге сүйенсек, Жүсіп- Құз-Орда деген атпен белгілі, орналасқан жері әлі толық дәлелденбеген, Баласағұн қаласында дүниеге келген. Яғни бұл қаланы Жетісудан, анығырақ айтқанда, Шу өңірінде Тоқмақ қаласының маңынан іздеу керек. Белгілі қазақ тарихшысы У.Х.Шалекеновтің пікірінше бұл қала Жамбыл облысында Ақтөбе төмпешігінде орналасқан
3 Жүсіп Баласағұн біздің ғасырымыздан 1015-1016 жылдарында туған. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қарахан мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады.Жүсіп Баласағұн Омар Хайям, Навои, Насими, Рудаки, Фирдоуси сияқты атақты ақындардың философиялық шығармаларынан нәр алған.Араб, парсы тілдерін жетік меңгерген ол білімнің әр-түрлі салаларында философиялық ғылыми еңбектер жазған. Сол кездегі зиялы қауым көп нәрседен хабардар болып, пәлсафа мен ғылым, поэзия және саясатпен айналысқан, шахмат ойнауды білген. Түркі тілдес халықтар поэзиясын зерттеген. Өзінің әйгілі еңбегін ол Қараханид әулетінен шыққан Табғаш Боғрахақан Абу Хасанға арнап жазып, осы еңбегі үшін хасс-хаджиб – «сарай министрі» немесе «бас кемеңгер» дәрежесін алған. Өкінішке орай, Жүсіп Баласағұнның қандай адам болғандығы, ұстаздары, серіктері мен жақындары, сол кездегі шығармашылық эволюциясы мен идеялық көзқарастары жөніндегі мәліметтер өте аз, көпшілігі бізге жеткен жоқ. 4 Жүсіп Баласағұның есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы – «Құтты білік» дастаны. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық-саяси өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген.Өмірде кең көлемде мол тәжірибе алған ол Қашқарға келеді де, осы жерде 18 ай болып, бас алмай поэтикалық шығарма жазып бітіргенде 54 жаста болған. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. 5 Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі – Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп аталады.Қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін Вена нұсқасы дейді. Қолжазбаны Герат нұсқасы деудің себебі, 1439 жылы Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адам есімі-Хасан Қара Сейіл. Екінші – Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген.Каирдағы кітапханасында сирек кездесетін қолжазбалар қорына 1896 жылы неміс ғалымы Б.Мориц тапқан. Үшінші – Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А.Валитова Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан екен. Датан араб әрпімен көшірілген.Толық нұсқасы Өзбекстан Республикасының Ғылым Академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы «Азия» журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. Радлов жиырма жыл бойы үзбей айналысты. «Құтты білік» дастанын К. Каримов өзбек тіліне, Н. Гребнев пен С. Иванов орыс тіліне, Асқар Егеубаев қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне тәржіма жасады.
6 Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра. «Құтты білік» поэмасы түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма. Оны жазуда автор саяси сарынды басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол Қарахандар жоғары дамыған Мәуреннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады.Сонымен бірге