Жүсіпбек Аймауытов- жақтаушы (1889-1931) Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылту болысының Бірінші ауылында өмірге келген.Жастайынан білімге құштар болып,алдымен ауылдағы молдадан,кейін Баянда,содан соң қалада дәріс алған.1914 жылы Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясына түседі де,оны 1919 жылы бітіріп шығады.Сауатты жас азамат сол XX ғасырдың бас кезіндегі үлкен-үлкен саяси-экономикалық өзгерістер мен төңкерістерді тек газет бетінен оқып қоймай,оларға тікелей қатысады.Халықтың өркендеуін жеделдетуге қатысқаны келді,өзі байқаған дағдарыстардан шығу жолдарын да іздеді.Елеулі екі үлкен романы- «Қартқожақ» пен «Ақбілегі» оған куә бола алады.Күрескер жазушы,ақын,драматург Жүсіпбекті біз қазақ философиялық ойын дамытуға тікелей қатысқан адам деп бағалай аламыз. Оның шығармашылық мұрасы- философиялық толғауы терең рухани қазынамыз:қазақ болмысы,ұлтаралық қатынастар,дала шаруасының санасы,әйел теңдігі,адамгершілік нормалары,таптық қоғам өмірі,өтпелі кезеңдегі биік нысаны сияқты күрделі теориялық мәселелер көркем әдебиет құралы мен тілі арқылы сөз болды,өзіндік шешім тапты.Ал «Психология» аталатын оқулығы осы күнге шейін маңызды жойған жоқ.
Абайдан сусынданған,оның жан-жақты да күрделі дүние танымын өз заманында өте жақсы түсінген,ұлы абайтанушы М.Әуезовпен көп мәселелерді түсінуде терезесі тең Жүсіпбек өзінің шығармашылығы мен қоғамдық қызметін,Абай өсиетін жүзеге асыруға қолынан келген бар мүмкіншілдіктерін өмірінің ең соңғы күндеріне дейін аянбай қолданды.
Абайды өзінің бас ұстазы санаған Жүсіпбек ұлы ақын тағылымының қазақ елінің ертеңгі үшін әлі де берері көп екенің жақсы түсінген.Абайдың шығармалары мен асыл сөздерінен алған сабағын былай түсіндіреді: «Ақынды дана,рахымды әділ,шынға сусаған,қыңырды жөнге,қисықты тезге салмақ болған,бұзықтылықпен алысып өткен Абай еді.Қазақтың әдебиетіне жан берген:сөздің сырын сырлап,ішін терлеген,өлеңнен өрнек шығарған,ақындық,сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. «Өнер тап,оқы хәрекет қыл,тәрбие ал,ынсапты адам бол»,-деп қақсап өткен Абай еді. «Халықты» қамып же,адам боласың бауыр тұт,адамшылыққа қызмет ет»,-деген Абай болатын.Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз.Ақыл білім,сезім,терец ойлығына қарағанда,Абай-қазақтан шыққан философ данышпан».
Абайды философ деп,хакім деп енді-енді ғана танып,біліп жатқанда,бұдан 75 жыл бұрын Абайдың кім екенін тап басып тұрып бірінші болып айтуы-Жүсіпбек Аймауытовтың да ойлау дәрежесінің жоғарлығын,көзқарасының жан-жақтылығын,білімнің тереңдігін анық білдіріп тұр.
Абайдың этикалық өсисттері «адам бол» деген гуманистіс идея еді. «Адам болам десеңіз:бес нәрседен қашық бол,бес нәрсеге асық бол»,-деп,оның үлгісін берген Абай өз шығармаларында адам болудың біртұтас кодексін жасады.Олардың негізгілері:ақылды дұрыс пайдалану,талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым, білім алу,дүние тану,әрнәрсенің өлшемін білу,өз арының алдында жауап беру,күрес,әділ,сыншыл болу,жамандықтан бойын аулақ ұстау және тағы басқалары.Ал Жүсіпбек бар болмысымен осы көзқарастары түгелімен қабылдап,өзінің өмірлік өсиетін айналдырды.
Ғылымсыз білім сыңаржақ:ғылым білімді ұлғайтады;ғылымсыз білім тым құрғақ,білімді орнына жұмсау керек.Білімді орнына жұмсайтын не?Ол-тәрбие. «Сонымен,білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы,жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен.Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де,сорынада оңды-солды жұмсай беруі мүмкін.Тәрбиелі адам,яғни иманды адам,толық адам ондайға бармақ емес,ол білімін өз орнына,игілікке,адамзаттың гүлденуіне жұмсайды... «Міне,осындай-осындай ізгі ойларға жетелейді.Жүсскеңнің кезінде «Тәрбиеге жетекші» (Орынбор,1926 ж.) «Психология»(Ташкент,1927 ж), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (-М.,1929ж.), «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» (Қызыл Орда,1926 ж.) секілді оқулықтар жазылуы тегін емес.Педагогикалық көзқарастары адамға,оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімінен басталады.Өзінің «Тәрбие» деген мақалаларында Жүсіпбек,адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып,адам бойындағы ұнамсыз мінез-қылықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды.Оның айтуыншы,адам табиғаттың емес,тәрбиенің құлы болуы керек.Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиесімен байланыстыра отырып,былай деп жазды: «Алғашқы екі ғасырдай афиняндар мәдениетті,ғылымды күшті жұрт болған,неге?Данышпан Солонның жасаған ережесімен тәрбиелегендіктен.Рим халқын атақты,күшті қылған кім?Аристотельдің тәрбиесі.
Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дәрігермен ғана салыстырады,тіпті,одан да жоғары қояды: «Адамдық көзбен тереңнен тексерсе,дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық.Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса,тәрбиеші адамның ақылын,мінезін,жанын сауықтыратын»,-дейді.Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін жете түсініп: «Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады,себебі,тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе-Отанның күзетшісі,қорғаны»,-деп атап өтеді.
Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу,оларға білім беру процесін сол халықтың мінезі-құлқымен тұрмыс-салтын,әдет-ғұрпын еске ала отырып жүргізудің қажеттігіне Жүсіпбек аса зор көңіл бөледі.
Абайдың көрнекті шәкірттерінің бірі болған Жүсіпбек өзінің туған халқын қатты сүйсе,дәл солай оның кемшіліктерін декөрсетіп, қатаң сыеға алып отырады.мысалы, «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында өз халқының бұрынғы уақыттарда «ұйымшыл,елі жаунгер,биі әдісі,намысқор,адамы әрі бітімді,қайратты,сауықшыл,досымен достасып,жауымен жауласуға табанды» болғанын айта отырып,отаршылдық езгінің әсерінен осы мінездер өзгеріп, «ұрлық,зорлық,өтірік,өсек,алдау,қулық,айдату,байлату,кісі өлтіру,өтірік мақтану,ынсап сыздық,тұрақсыздық,жалқалық,сияқты жағымсыз қылықтар» көбейгеніне қынжылады, сөйтіп, «ұсақтап келіп жаужүрек батырларымыздың батырлығы ауыл үйдің малың ұрлауда.Бұрынғы билердің жұрнағы кішкене дөңгелек жер болып қалды»,-дейді.Ал енді осы жағымсыз қылықтардан құтылудың ең басты құралы,Жүсіпбек түсінігі бойынша,тәебие,оқу,білім.
Жүсіпбек ағаның біздің ұрпақтарға қалдырған бай мұраларымен танысқанда бірден көзге түсетін ерекшелік-автордың адам психологиясынжете, әрі терең білуі. Ендеше,оның «Психология» кітабының арқалаған жүгі ауыр.Осы пәннен қазақша жазылған алғашқы оқулық та сол.
Жүсіпбер Аймауытовтың психологияны зерттеп,көтерген мәселелері-одан басқа қазақ тоңырағында ешкім де көтермеген мәселе. Осы мәселелердің баяндалуынан қазақтың психолог мамандары қазірдің өзінде айтарлықтай ақау таппайды.
Бұл бағыттағы еңбегің тереңдете түскен «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген кітабы оның осы салада іздністерінің қортындысы іспетті. Соңғы кездерде ғана Қазақстан қоғамдық ғылымында орың ала бастаған социологиялық зерттеулер,анкета жүргізу сияқты әдістерді Жүсіпбек сол кездің өзіңде-ақ өте шебер қолдонған.Ал сарапкер тапқан сарабдал ойлардың бір парасы төмеңдегідей. «Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге,қызметке икем болып туады.Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап,ыңғай,қабілет,яки зеректік болуға,біреу мал бағуға, біреу әскерлікке,біреу жазушылыққа,біреу дәрігерлікке,біреу саудаға...ыңғайланып жаралады... Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай,өз жолымен жүріп,қызмет етсе,өз басына да,әлеуметкеде үлкен пайда келтірмек...қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адам сирек болады. Бас мақсатын біржола ұмытып,әлеумет қызметіне түгел берілетін адам болуы мүмкін емес!Ондай адам кемде-кем.Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды.Біреу бойын тежеп, бас мақсатын көбірек сағалайды.Айырма жалғыз осында... Қайткенде әрі жеке адамның,әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Қай уақытта әлеумет тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады? Әр адам табиғатына біткен қаблетіне,зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады».
Қазіргі қоғам қажеттіліктерін алып қарасақ та, азды-көпті қиыншылықтарға шыдаймай,ғылымнан,білім беру жүйесінен,денсаулық сақтаудан саудаға кетіп жатқан мамандарды көруге болады. Жүсіпбектін бұл ойлары осы өзіміз өмір сүріп отырған қоғам мәселелеріне де жақын екнін көреміз.
Барлық шығармашылын жұмыр басты пенделердің жан дүниесін зерттеуге арнаған Жүсіпбек өз кезеніңдегі қоғамдық қажеттіліктерді шешуге келгенде,әр дәуірде өмір сүрген адамдар дүниетанымыныңәртүллі екендігіне тоқтала келе, оған мынандай түсініктеме береді: «Бұрыеғы оқығандардың алған тәрбиесі,көрген-баққаны, көсеген мақсаты, еткен қызметі қандай, қай заман еді?Олардың тәрбиесі надан, соқыр қазақтың ортасы еді.Көргені Николайлың төрелері еді. Еткені тақтан, қорыққаннан, не пайда табу үшін жасаған қызмет еді. Олардың басынан кешіргені қаранғы тар заман еді.бұлай болса,бәріне бірдей «ақжүрек болмадың деп,әділ қызмет қылмадың деп кінә қоюға да болмайды». Бұл тұжырымнан «әркім де өз уақытының перзенті» деген көне қағида көлденең дейді. «Жауқазып ерте көктеп шыққанменен,олдағы қалбынанаса алмайды» деген Абайлық пәлсанамен астасып жатыр. Өйткені,адамзат баласы қоғамның шылауында өседі емес пе...
Адамның рухына еркіндік беру керек. Егер рухы еркін болса, жан дүниесі бай болса,адам құлдық психологиядан тез арылып кетуге мүмкінлік алады деп сенеді Аймауытов. Сондықтан да ол халқының өте бай әдеби,мәдени мұраларын зерттеу барысында да жан аямай еңбек етті. Адамгершілікті қалыптастырып,дүниетанымды кенейтуде әдебиет пен өнердің алатын орны туралы былай дейді. «Баяғыдан қазақ кең далада күр қойын құррап, айран ұрттап жатқан жоқ екен, надан болса да, қиял, сезім байлығы бар екен. Жүрегінің терең сырын,жанының алуан-алуан нәзік толғауың ән-күй деген айнасына түсіре білген екен.Енді ол айнаны өнерлі жұрттар көрді... Адамшылықты, өнерді сүйген таза жүректе біреуді олай, біреуді былай ұстайтын тар мінез болмайды... Қазақ күнелту жағынан мәдениетінен мешеу қалса да, ақыл, қиял, сезім жағынан,білім тілімен айтқанда, рух мәдениетіне кенде емес екендігі мынау мың әннен танылып отыр. Қазақстан жерінің астында асыл қазына, кең байлығы мол деп аңыз қылысады. Сондай мол қазына қазақ елінің ішінде де жатыр. Ол не десеніз-әдебиет,ән, күй. Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге болмайды. Рух мәдениетін бөтенен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтын көкейіне көпке дейін қонбайды.Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек.
Құлды бір қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар негізінде қоғам құрын жатқан Қазақстан жағдайында тап бүгін айтылған сөз сияқты! Экономикадағы уақытша қиындықтарды пайдаланып, еркін Қазақстанның егемендігіне қайтадан қол салынып жатыр. Біз соңғы кездерде қайта күшейген қарқынмен көтерілген орыс тіліне де мемлекеттік тіл статусын беру, орыс азаматтарына екі елдің азаматтығын беру сияқты талаптарды еске алып отырмыз. Бұл талаптарды қолдайтындардың бәрі бірдей орыс азаматтары емес.
Қалада өскен қазақ баласының кеңес өкіметі кезіңдегі солақай саясат әсерінен өз ана тіліп білмей, тек қана «орысша сайрауы», егемендігіміздің етегімен тартып отырған неше нигалистін немесе ел ертеңіне сеңбейтің сатқындық көріністері «рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беру» нәтижесі екені ақиқат.
Ж.Аймауытовтың гуманистік тұрғыдағы ағартушылық көзқарастары қоғамдағы әйел мәселесін де жан-жақты зерттей қарастыруынан анық байқалады. Себебі, ойларын ол былай түйіндеген еді: «Баланы бұзуға, үзеуге себеп болмайтын бір шарт-жас күніңде көрген өнеге, ол әке-шешенің тәрбиесі болуы керек. Ата- ананың берген тәрбиесі- баланың мінезіне салған ірге. Жасынан сіңген мінезді есейгенде жоғалту, басқа бір күшпен болмаса, болмайды. «сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Бірақ бұл мақал тәрбие мен мінезді түзетуге болмайды деген емес. Балаға қайырымдалақты,қатігездікті, кішіпейілділікті,астамшылықты,әділеттілікті, әдемсізділікті,шыдамсыздық, күйгелектікті,шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол әрине,ата-ананың тәрбиесі».
«Ақбілек» романында бұл тақырыпты өзінше ашуға тырысты. Бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен,өзіндік табиғи тіршілігімен,яғни,пендешілік қателіктерімен қаз-қалпында бейнелейді.Шешесін өлтіріп,өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды Жүсіпбек психологиялық тұрғыдан терең талдап,шебер береді.Романдағы барлық оқиға Ақбілектің айналасында өтеді және оның ойы арқылы өрбиді.
Жүсіпбек Аймауытов қазақ қоғамының дамуы,өзгеру диалектикасын өте жақсы түсінген.Идиология қалыбы қанша қатты қысса да,оған бой бермей,ғылымда,әсіресе,қоғамдық ғылымда,объективтілік керек екендігін мойындаған.Өз замандасы М.Жұмабаевтың өлеңдерін «ұлтшылдыққа» теліген шақта араша түсіп,былай дейді: «Мағжанның туып-өскен,тәрбие алған әлеуметі-қазақ.Мағжан тұсындағы қазақтың әлеумет құрылысы қандай еді?Ата-анаға,ру-руға бөлініп,руды ақсақал,би болыс тілмани билеген,орысша айтсақ, «патриархат» құрылыс еді...
Жан-жағынан жау қысып,өз ішінен алауыздық шығып,қазақ берекеден айырылып,орысқа қарады.Орысқа бағынғанмен де,қазақтың бұрыңғы әлеуметтік қалпы өзгере қойған жоқ,әлі хандардың,билердің,аталы ауылдың тұқымы билейтін болды».
Сол кездегі қазақ қоғамының ерекшелігін түсіндіре келіп,Мағжанның тап туралы,тап күресінің болашағы мен ерекшеліктері туралы не себепті өлеңдер мен мақалалар жазбайтындығы жөнінде былай дейді: «Әлеумет құрушысы өзгерген жоқ: қазақтың кәсібі,шаруа түрі мал бағу болса,әлі де мал бағуда келе жатыр.Кәсіби мал баққан,әлеуметі ру басыа бағынған жұртта ғана тап жігі-байлар,кедейлер деген нәрсе анық болмайды.Міне,Мағжанның туып- өскен ортасы,ұяда көргені осы». Сондықтан да,идиологтар жасанды түрде тапқа бөлінгенмен,Мағжан өмірді,шындықты жырлаған,көргенін,білгенін жырлаған ақын болған соң,өзі түсіне бермейтін тақырыптарды қозғамағаннын алғааш айтқан Жүсіпбек Аймауытов еді.
Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетке айналған елімізде нарықтық экономикалық қатынастар қалыптасты,осыған орай біз де көптеген нәрселерді жаңа ғана біліп,жалтақтамай,ешкімнен қорықпай айта бастадық.Жүсіпбек сияқты еліміздің білімді,әрі өнерлі,әрі мәдениетті азаматтары қазақ халқына Ресей патшалығының көрсеткен зорлық-зомбылығын,одан кейін кеңес өкіметі жасаған асыра сілтеулерді сол кездің өзінде-ақ ашық айтқанды.Бұған бір ғана дәлел ретінде Аймауытовтың мына сөзіне ден қойып көрейікші:»патшаның отыршылдық озбырлық саясаты кімнің болса да арқасына аяздай батты.Қазақтың жерін тілгілеп,келімсек мұжықтарға әпере бастады,тілін бұзуға,дінін бұзуға ауылнай,школ,миссионерлер тартты,әдет-ғұрыпын, салт-санасын өзгертіп,орысқа бас июге жаңа закон,мировой судья,крестьянский начельниктер шығарды.Қазақтың ішінен тоздыруға сайлау (штат) деген шырға тастап,өзді-өзін жұлыстырды,қырыстырды».
Ресейдің отарлау саясаты тек қана жерді алып қоймай,халықтың бірлігіне ауыз сала бастап еді. Оны жақсы түсінген Жүсіпбек былай деді: «Полиция,стражник,урядник,казак-орыстардың қамшысы қазақ жерін жайлады.Қазақтың бұрынғы елдігі,берекесі кетті.Партияға кіруге,азуға,тозуға айналды...Қазақтың басына туған осындай қара күндерді көзі қарақты азамат көрмеске,сезбеске,қайғырмасқа болмайды;көрді,қынжылды,жанға батқан соң ашынды,ұлт сезімі ояна бастады.1905 жылғы өзгерістен былай қазақтың қамын ойлаймын деген азаматтар ұлт мұңын сөйлеп,ұлт мәселесін қолға ала бастады».
XX ғасырдың басында пайда бола бастаған ұлттық бостандық идеясы,тәуелсіздік идеясы,отаршылдыққа қарсы күрес идеясы,міне осылай,Жүсіпбек Аймауытовтың көрсеткеніндей дүниеге келді және одан әрі қарай өте қиын да күрделі жағдайларда дамып,жетіле бастады.Сол кездегі талпынып-талаптанып өсіп келе жатқан жас қазақ интеллигенциясының сана-сезімі мен әлеуметтік-саяси көзқарастарының қалыптасуына әсерін тигізген ықпалдарды ол былай бейнелейді: «Бір жағынан,үйіші-әкеге,әлеумет-ру басына бағынған,тапқа,жікке бөлінбеген қазақ ішінде туып-өскен болса,екінші-татар медрессеінде оқып,түрікшілік,исламшылық рухында тәрбиеленсе,үшінші-патша саясаты шымбайға батып,отаршылдық зардабы қазақтың ұлтжандылық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса,төртінші-орыс зиялыларының қаймағы бұқарашыл,халықшыл болып жатқанын сезіп білсе,бесінші-Батыстың ,қала берсе орыс ақындарының санашылдық (илеализм),дарашылдық мектебінен сабақ алса... Сөз жоқ,ұлтшыл,түрікшіл,санашыл,дарашыл ақын болып шығуы керек».
Жазушының замандастарына берген бұл анықтамасы өте нақты,ақиқатқа жақын.Себебі,оның өзінде де осы аталған көптеген қасиеттер бар,ол да-сол қоғамның,сол ортаның,сол заманның жемісі.
1905 жылдан кейін қоғамдық ой-сана ояна бастауын қазақ қауымында ұлт-азаттық идеясы пайда болуының алғашқы тұсы десек,Жүсіпбек мұның екінші кезеңін былай көрсетеді: «1916-шы жыл –қазақтың басына қара күн туған тарихи ауыртпалық жыл еді.Патша үкіметінің 25-ші июньде шығарған жарлығы бойынша қазақ сықылды бүратана халықтар соғыс майданындағы қара жұмысқа айналды.Қазақ шаңырағы теңселді,қазақ даласы қан жылап күңіренді».Ал үшінші кезеңі турасында: «1917-ші жылғы февраль төңкерісі қазақ азаматтарының ұлт сезімінің көтерілуіне зор себеп болды.Ауылда сөйленіп жүрген ұлт қамы,ұлт мұңы іс жүзінде жарыққа шығатындай көрінеді,қазақ азаматы мәре-сәре болды.Төңкерістің болғанына,бостандық туғанына қарық болып кенелді.Әлеумет жұмысына араласа бастады».Бұдан қайраткерлердің қазақтың ұлттық бостандығы идеясына бірқалыпты,тоқтап қалған нәрсе ретінде емес.өзгеріп,жетіліп,дамып отыратын құбылыс түрінде қарайтынын аңғарамыз.Аймауытов жалпы адамзаттық құндылықтарды таптық мүддеден жоғарғы қойды және өз көзқарастары үшін соңғы күндеріне дейін батыл күресті.
Ж.Аймауытовтың бұл айтқандары оның М.Әуезовпен бірігіп «Екеу» деген бүркеншік атпен жазған әдеби сын мақалаларын да өз жалғасын өз жалғасын тапты:
«Әдебиет тек сол уақытта жан-жақты дамып-жетіледі,егер де ақын-жазушылар өздерінің ойлары мен көзқарастарын еркін ортаға салуға мүмкіндік алса,жалпы мәдениет дамып-жетілсе,халықтың сана-сезімі басқа жоғарғы сатыға көтерілсе және ұлттың дамып-жетілуіне шовинистік көзқарастар мүмкіндік берсе,күш көрсету,күш арқылы мәселелерді шешуін қойса ғана жүзеге асуы мүмкін.Ал ұлтшылдықты жоюдың негізі езілген халықтардың экономикалық,саяси,құқылық,мәдени еркіндіктері теңейгенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін».
Сол кездердегі ақындық жырлар мен фольклорды талдай отырып,сыннан қандай сипатта болуының қажет екенін көрсетеді. «Сын,ең әуелі,талдап отырған шығармаға объективті баға беру керек,егер кемшілік болса,оны түзету жолдары мен әдістерін көрсету керек,сонымен қатар түзетуге көмек беру керек,сынағанда сынға жазушыны алмай,жазылған еңбекті алып,достық ниетпен көмекке дайын екендігін сыншы міндетті түрде білдіруі керек»,-деген талап-тілек бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
«Октябрь қазақ ауылын айналып өтті» деген Голощекиндік өзгерісті сынға ала отырып, «Екеу» терең әлеуметтік-саяси қорытындылар жасайды: «Қазақ ауылы үшін Октябрь революциясы үлкен кездейсоқтық,Октябрьге дейін олардың арасында коммунистер болған жоқ,халық саясаттан,саяси күрестен өте алыс болды,революцияға дейін ақын-жазушылар,зиялышылар, «таптық» мүддеден гөрі, «жалпыхалықтық» мүддеге әлдеқайда жақын болды,яғни ұлттық-демократиялық бағытта болды, сондықтан да Голощекиндікі аспаннан алынған ой-қиял ғана еді».
Бұл көзқарстарда терең әлеуметтік-философиялық қорытындылар жатыр.Кеңес мемлекеттінің кезінде,қанша ойланбай,жеңілдетіп айтамыз десек те,қазақ даласында көшпенді өмір ерекшелігінің әсерінен қалыптасқан қоғамдық қатынастарда капиталистік өмір салтына сай дамып келе жатқан Ресей мемлекетімен ешқандай да ұқсастық жоқ екендігі бас ауыртып дәлелдеуді қажет етпейтін еді.Сондықтан,қай қоғамды алып қарасақ та,оның ішкі объективті даму заңдылықтарымен санаснай,бір ұлттың немесе бір мемлекеттің,бір партияның ғана мүддесін қорғайтын қорытындылар жасап,оған барлық қоғамдық даму мен қалыптасуды бағындыруға тырысу ешқандай да жеміс әкелмейтінін Ж.Аймауытов пен М.Әуезов халқына да,ел басшыларына да жеткізе білді.Ж.Аймауытов-аз ғана шығармашылық өмірінде көптеген мұра қалдырған ойшыл,оның көзқарастарынының негізгі тақырыбы-халықтың азаттығы идеясы.Ол феодальдық –птриархалдық салтты,қалың бұқараның қараңғылығын,мешеулігін сынап,оларды оқу,білім,өнер,жолына үгіттейді.Бас көтерер адамдарды ел қорғаны болуға шақырады.Қоғамда болып жатқан өзгерістердің бәрі революция нәтижесі екенін мойындайды.
Ж.Аймауытовтың көзқарастарында адамдарды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілік құндылықтар тұрғысынан қарайтындығын көреміз.Қоғамдағы жүріп жатқан процестерді және оның болашағын жете түсінген ойшылдың көзқарастарын қарап, талап отырғанда біз нағыз халқын сүйген, сол халқы үшін жанын аямаған патриот ақын екенін көреміз.
Ж.Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында,нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды...Сөйтіп.шығармашылық өмірі өте ерте үзіліп,бергенінен бергені көп жазушының,ғылымның,философтың ой-өрісі,мүмкіндіктері кеңінен ашылмай,шегіне жетіп жарықтай алмай қалды.Соның өзінде жан-жақты,бай мұра қалдырып,үлгергені таңқаларлық жай. Заманның сан қилы іркілісі мен сіркілісі,тар жол,тайғақ кешулері « адам ойын серпілтіп,лездетіп жетілдіріп,тездетіп алға жетелеп отыра ма деп еріксіз ойлайсың... Оның сол кездегі жеткен бейлігіне (жазушылығы болсын,ғылымдығы болсын,теориялық ойынның жетілу дәрежесі болсын) қазақ зиялылары көп кейін жетті деуге болады,ал оның жан-жақты дарындылығын айтсақ,оған тең адам қазақ ортасында кемде-кем деп айтуға болады».-Атақты жазушы Ғ.Мүсіреповтің ол туралы және бір сөзі көпнәрсені аңғартады деп ойлаймын: «Өз басым қазақта мұндай білімді,жан-жақты дарынды жанды әлі кездестірмегенмін.Мен білетін Жүсіпбек – тамаша жазушы,тұңғыш роман жазған,драматург,ақын,аудармашы,режиссер,әнші,музыкант,ғалым,көркем сынның негізін салған дарын.Оның драматургиялық шығармалары да шымыр...көркемдік шоқтығы биік болып келеді...»
Бұған Жүсіпбектің ойшылдығын,философиялық ойының даму сатысы биіктігін,оның терең методологиялық және методикалық ойға негізделген ұстаздық қызметін қоссақ,Ғабекеннің «мұндай жанды әлі кездестіргенім жоқ» деуінде үлкен шындық жатқанын аңғарамыз.Жүсіпбек психолог,педагог ретінде үлкен тұлға.