Ортаның атауы
|
Қолдану аясы
|
Ортаның құрамы
|
Иглдың МЕМ
(minimal essential
medium)
Иглдың BME қоректік орталары
|
Жануарлар жасушаларын дақылдау үшін стандартты орта
|
Орта негізі – Эрл ерітіндісі, минералды заттар, 13 алмастырылмайтын аминқышқыл, 6 суда еритін дәрумен, холин, инозит. Тек сарысумен қолданылады, биотин, витамин В 12, Fe иондары жоқ.
|
Дульбекко
DME немесе DMEM ортасы
|
Әртүрлі типті жасушаларды, соның ішінде трансформацияланған және гибридомаларды дақылдаған кезде қолданылады
|
Сарысусыз орталардың негізі болып келеді.
Құрамында аминқышқылдардың қосарлы концентрациясы, глицин, серин, пируват, темір болады. СО2
концентрациясы 10% болатын инкубаторды қажет етеді.
|
Исков
IMDM ортасы–
Дульбекко ортасының модификациясы
|
Лимфоциттер мен қан түзуші жасушаларды дақылдау үшін қолданылады
|
Сарысусыз орта. Алмастырылмайтын аминқышқылдар, биотин, витамин В12, натрий селениті қосылған. Ортаға HEPES қосылған және NaCl мен NaHCO3 концентрациялары төмендетілген.
|
МакКой 5А ортасы
|
Уолкер 256 карцинома жасушалары мен басқа біріншілік өсірінділерді сарысу болатын жағдайда клоналды өсуін қамтамассыз ету үшін жасалған.
|
RPMI ортасы
|
Сарысу болған жағдайда лейкоциттерді дақылдауға арналған және гибридомаларды дақылдау үшін қолданылады.
|
Қоректік заттардың кең спектрімен сипатталады.
|
199 ортасы
|
Тауық балапаны эмбрионының жүрек фрагменттерін дақылдау үшін жасалған.
|
Қоректік заттардың кең спектрі мен олардың төмен концентрациясымен сипатталады. Әдетте феталды сарысудың 5-20% қосылады.
|
Сарысу
|
Қоректік орта үшін қоспа ретінде қолданылады.
|
Құрамында жасушалардың өсуі мен функцияларына ықпал ететін гормоналды факторлар, жасушалардың бекіну мен «жалпию» факторлары болады.
|