Журалиева Шынаргүл Дәрібайқызы Батыс Қазақстан облысы



Дата07.05.2017
өлшемі255,5 Kb.
#15679
Журалиева Шынаргүл Дәрібайқызы Батыс Қазақстан облысы,

Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы ЖББОМ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
“Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайда­ланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт­аралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық, экономикаға ойда­ғыдай кірігу тілі”

Н.Ә. Назарбаев


Жоспар:


  1. Кіріспе «ҮШ ТІЛДІЛІК ТУРАЛЫ»

  2. “Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының мақсаты.

  3. «Үш тілді білу – елге үлгі болу» сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Негізгі бөлім

  1. «Талғалдыра таныстыру»

  2. «Адасқан сөздерге жол сілте..»

  3. «Сұрақ – жауап»

  4. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

  5. «Үш тілді білу – заман талабы»

  6. «Ана тіліме мөлтек сыр...»

  1. Қорытындылау

  2. Бағалау

  1. Қорытынды



Сабақтың тақырыбы: « Үш тілді білу – елге үлгі болу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу, сауатты жазып, оқу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Өзіндік пікірін еркін жеткізуге ықпал ету, ойын жүйелі, қисынды жүйелеуге баулу. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Тапсырма, мысалдарға арқау болған сөйлемдер арқылы ана тілінің әр сөзінің қадірі мен қасиетін танып, ана тілдерін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ой тастау, жүйелеу, шығармашылық ізденіс тапсырмаларымен жұмыс

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, бейнелеу өнері.

Жұмыс формалары: топтық, жекелей.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Тіл туралы заң», тілге қатысты ой – толғаулар жинағы, түрлі түсті қағаздар мен қаламдар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру. Сынып екі топқа бөлу. Сабақты бағалайтын топ басшыларын тағайындау.

  2. Негізгі бөлім:

  1. «Таң қалдыра таныстыру» тренингін өткізу. Әр оқушы есімін айтып, таңданарлық іс – әрекет немесе өнер көрсетеді, не өзі туралы қызықты мәлімет береді.

  2. «Адасқан сөздерге жол сілте...» Бұл кезеңде оқушылар адасқан сөздердің қисынын тауып, ана тілі туралы ой құрастырады. Құрастырған сөйлемді интерактивті тақтаға жазады. Жауабы: 1. « Ана тілім – арман қанатым» 2. « Өнер алды – қызыл тіл» 3. Тіл – өмірдің айнасы» 4. « Тіл – қоғам үні»


Тіл

Ана

Қоғам



Қанат




Айна



Өмір




Өнер



Алды




Қызыл




Арман

Үн



  1. Сұрақ – жауап кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 10 – сұрақтан оқылады. Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10- ұпай беріледі

І топтың сұрақтары.

  1. Междометие является частью речи? (да)

  2. В предложений глагол бывает сказуемым? (да)

  3. Омонимы одиаково пишутся и однаково звучат? (да)

  4. Англияның астанасы Гастинг қаласы ма? (жоқ)

  5. Ағылшын тілінде 44 – дыбыс бар. (иә)

  6. « Раst Simple» - дегеніміз осы шақ. (жоқ)

  7. «Pen – friends» сөзінің аудармасы « қаламдас достар» (иә)

  8. Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар (жоқ)

  9. – лау, - леу, - дау, - деу, - тау, - теу салыстырмалы шырай жұрнақтары ма? (иә)

  10. Шылау сөйлем мүшесі бола ма? (жоқ)


ІІ топтың сұрақтары.

  1. Фонетика изучает состав слова? (нет)

  2. К главным членам предложения относятся подлежащее и сказуемое? (да)

  3. Антонимы слова противоположного значения? (да)

  4. Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар? ( жоқ)

  5. – ған, - ген, - қан, - кен есімшенің жұрнақтарыма? (иә)

  6. «Әлдекім, кейбіреу» белгісіздік есімдіктері ме? ( иә)

  7. Англияның астанасы Лондон (иә)

  8. Ағылшын тілінде 30 әріп бар? ( жоқ)

  9. «Parents» дегеніміз достар? (жоқ)

  10. «Past continuous» дегеніміз созылмалы осы шақ? (ия)

4 « Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа жұмбақтар жасырылған ұяшықтар беріледі. Оқушылар ұяшықты таңдап, жұмбақтың шешуін тауып оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек. Толық әрі дұрыс жауапқа 50 – ұпай беріледі.
Жұмбақтар:

  1. Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат, байлауынан бір босамас қызыл ат. (Тіл, язык, language)

  2. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга, book)

  3. Жаза – жаза жалықпаған, жазу жазып арықтаған. ( бор, мел, chalk)

  4. Тілдерімен жүреді, уақыт біледі. (Сағат, часы, clock)

  5. Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріп, буква, letter)

  1. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың. (Мектеп, школа, school)


  1. Жылт – жылт еткен, жылғадан өткен,

Базарды басқан, кентті кешкен (Су, вода, water)

  1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ, қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады (Қар, снег, snow)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың (Тұз, соль, salt)

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. ( Қоян, заяц, rabbit)


  1. «Үш тілді білу – заман талабы» тақырыбында жарнама жасау.

Шығармашылық тапсырма. Әр топ өз қиялдарымен, тапқырлықтарымен жарнама жасап шығарады. (интерактивті тақтада орындайды.)

  1. «Ана тіліме мөлтек сыр... Оқушылар топтасып тақтада берілген фигуралардың ішіне ана тілдеріне деген жүрек жарды лебіздерін, тілектерін жазады.

Қорытындылау. « Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл» деп халық даналығында айтылғандай, бүгінгі сабағымызда үш тілдің ерекшелігін тоқталып,

« Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» екеніне көзімізді жеткіздік. Үш тілді білу – заман талабы, әйтсе де қанша тіл білсек те өз тілімізді ұмытпайық.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Үш тілді білу-елге үлгі болу» тақырыбында эссе жазу.

Е.Ш.Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп


«Үш тілділік» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген сабақ жоспары

Тақырыбы:

«Үш тілді білу-елге үлгі болу»

Сыныбы: 7б



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ш.Д. Журалиева

2013 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет