Журасова А. Ш. Тарихты оқыту


Педагогикалық технология және инновация



бет19/36
Дата07.02.2022
өлшемі339,16 Kb.
#82289
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі

Педагогикалық технология және инновация


Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беру ісі Юнеско ҧсынған халықаралық стандартқа сай 4 деңгейде дамып келеді. Олар: мектеп жасына дейінгі тәрбие берумен оқытып - ҥйрету, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі білім беру. Халыққа білім беру ісінде жоғары сапалыққа жету ҥшін оқу-тәрбие процесінің қҧрылымдық желісі қайта қалыптасуда. Бҥкіл оқыту саласы тҥбегейлі ӛзгерістерге ҧшырады. Онда жаңашылдық әдістер маңызды орын алуда.
Жаңашылдық яғни “Инновация”- жаңашылдық, ӛзгеріс деген ҧғымды білдіреді. Инновация – «қҧрал, әдіс, процесс» ретінде әлде бір жаңалықты енгізу деген сӛз. Педагогикалық процесте инновация оқудың тәрбие тәсілдері, тҥрлері мақсаты мен мазмҧнына мҧғалім мен оқушының бірлескен қызметін ҧйымдастыруға жаңалық енгізу деген ҧғымды танытады.
Жаңашылдық адамның кәсіптік қызметінің бәріне тән болғандықтан ол зерттеу мен талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналған. Жаңашылдық ӛздігінен пайда болмайды, сондықтан ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мҧғалімдер мен тҧтас ҧжымның әрекетінің барысында жҥзеге асып және ол нәтижені басқаруды қажет етеді.
Тҧтас педагогикалық процестегі жаңалықтарды алға апарушылар ретінде мектеп директоры, пән мҧғалімнің рӛлі арта тҥсуде. Дегенмен оқыту процесінің кӛп қырлығына қарамастан жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мҧғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу тәрбие процесінде қазіргі заман технологиялардың енгізілуіне байланысты мҧғалім ӛзінің міндетті қызмет салаларын одан әрі тереңдей игеруде. Сондықтанда мҧғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогикамен психологияның оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан жан- жақты ізденісті талап етеді. Осы негізде педагогикалық жаңашылдықта қабылдау, бағалау және іске асыру дағдылары қалыптасады.
Қазіргі заманғы оқу орындарында жаңа технологияларды енгізу, шәкірттердің білім сапасы және мақсаттары оқыту
процесінде Ильинше айтсақ “ Әрбір сабақ- жаңалық” болуы шарт дегенді меңзейді. Яғни ӛзгеріске, жаңалыққа толы бҥгінгі заман мҧғалімге «сегіз қырлы бір сырлы» ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Дамытудың әлемдік деңгейімен иықтасу ҥшін ҧстаздың барлық қырлары тҥгелдей дерлік алмас қылыштай жарқырап тҧруы ләзім. Ҧстаз алдында отырған бірі шапшаң болу, енді біреулері тӛмен, зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жҥрегіне жол табу, кҥрделі қҧрылым екені даусыз. Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы ірі ӛкілі, белгілі ағартушы Аймауытов Жҥсіпбек ҧстаз қызметін былай сипаттады “Балаларға сабақ берумен, білім ҥйретумен мҧғалімнің қызметі тәмам болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, ҥгіттеуге, міндетті басқаша айтқанда мҧғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттерінің алдағы ӛмірін кӛз алдына келтіріп, ӛз басынан кетірген тәжірибесіне таянып оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, ӛмірден соққы жеп ӛкінбеске кҥні бҧрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры”.
Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер инновациялық тәжірибе бҧл жаңалықты ӛндіру емес, бҧл педагогикалық шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп тҥсіндіреді. Әлемде ӛмір сҥру кҥрделенген сәтте және демократиялық қҧрылым тараған сайын жастар кез-келген қиыншылықтарды жеңуге, ӛз мәселелерін ӛздері шешуге, әр тҥрлі ҧйғарым - пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім жасауға ҥйрену қажеттігі айдан анық болып тҧр.
ХХ ғасырдың соңына қарай әлемнің тҥкпір-тҥкпіріндегі білім берушілер жҥзеге асатын нақты мақсаттардың алдын- ала ойластырылған нақты жобасын айқындай бастады. Яғни, белгілі педагогикалық жҥйенің тәжірибедегі жҥзеге асатын жобасын “жаңа технология” тҥрінде қарастыра бастады.
Бҧл орайда педагогикалық технологияны «тың әдістеме» немесе «науқандық», «ӛтпелі» деп қарастыру қате болар еді. Классикалық педагогиканың озық ҥлгілерін, тиімді ізденістерінің оң нәтижелерін жалғастырып жаңа заман талабына сай дами беретіндігін ескерген жӛн.
Педагогикаға жаңа жол салып, ал ғылымға мықтап енген педагогикалық технологияға тҥрлі әдіскерлер әр тҥрлі ҧғымдар
беріп жҥр (Б.Т. Лихачев,В.П. Беспалько, И.П. Волков, В.М.Шепель, М. Чапанов, В.М. Монахов, М.В. Кларин, Г.К.Селевко, Ш.Таубаева және т.б.). Дегенмен барлық анықтамалардағы ортақ ҧғым педагогикалық технологияны оқушының және мҧғалімнің іс-әрекетімен оқу процесіне тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыратын біртҧтас жҥйелі ой алгоритмі ретінде қалыптастыруда. “Алгоритм” ҧғымын бағдар жол деп тҥсіндіреді Қ.Бектаев.
Ал Г.К.Селевко педагогикалық технологияның практикада қолданылатын 3 деңгейін атап кӛрсетті.

  1. Жалпы педагогикалық (дидактикалық)

  2. Жеке методикалық( пәндік)

  3. Логикалық ( модульдік).

Логикалық ойды алгоритмдеу В.Безрукованың жіктеуінде 3 сатыдан тҧрады: жобалау, ҥлгісін жасау, конструктілеу.
Сонымен педагогикалық технология тек қана техникалық оқу қҧралдарын дамыту немесе компьютерлендіру емес, жоғары нәтижелерге бағытталған біртҧтас ӛзара байланысты әдістер, тәсілдер, мазмҧнның жиынтығы деп қарастыру болады. Ертеден келе жатқан дәстҥр бойынша адамзат баласы ӛз ҧрпағын оқыту, тәрбиелеудугі ең озық тәжірибелерін, тиімді ізденістерін дамытып келеді. Дамудың жалғасуын педагогикаға жҥйелі ойлау тәсілдерін ендіру деп қарастырған жағдайда педагогикалық технологияның ӛзегі - оқу тәрбие процесін жҥйелеу қажеттігі туады.
Осылайша оқыту технологиясының пәні арқылы адам қызметі жҥйесіндегі проблемалардың туындауын-“білімді жҥйелеу” “оқытуды жҥйелеу” процесіндегі жҥйеліліктің жетіспеушілігін, ал бҧл тҧйықтан шығу ҥшін ”технологияландыру” былайша айтқанда білім беру ісін толық басқару, ең алдымен оқу процесін толық басқарудың мәні ашылады. Ғылыми негіздері тҧтас жҥйе болып қалыптасқан ӛз тәжірибелерінің тиімділігін, нәтижелігін ақиқатқа айналдырған Ш.М.Амоношвилидің “Білім беруді ізгілендіру технологиясы, В.Ф Шаталовтың” Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы”, С.М. Лысенкованың “Тҥсіндірме»
«басқарып оза оқыту технологиясы» Дж, Дьюдың” Проблемалық оқыту технологиясы” Л.В.Заньков, Д.Б.Элконин- В.В Давыдовтың” Дамыта оқыту технологиясы”
М.М.Жанпейісованың “Модульдік оқыту технологиясы”, Қ.Бітібаеваның атаулы мектебі - қай-қайсысын алсақта ғылыми негіздері тҧтас жҥйе болып қалыптасты және педагогикалық жҥйенің тәжірибеде ҥлкен екі міндетке дидактикалық мақсат пен оқыту технологиясына сҥйене отырып қалыптасатындығын дәлелдеді.
Педагогикалық технологияны сипаттайтын екі қағида: соңғы нәтижелердің нақтылығы және оқу процесінен кҥтілетін нәтижелерді жобалау В.П. Беспалько еңбегінде педагогикалық технологияның методологиялық негізін зерттей келіп 3 компонентті атап кӛрсетті.

  1. Ҧйымдастыру формасы

  2. Дидактикалық процесс

  3. Мҧғалімнің біліктілігі

Педагогикалық технологияны білім беру жҥйесіндегі жаңаша қолданудың қҧрылымын, методологиялық сапасы, ғылыми негізін, жіктелуін зерттей келіп талдау жасаған Г.К. Селевко, педагогикалық жҥйелеудің компоненттерін кәсіптік этика, жалпы және дара қасиеттері, кәсіпке лайық орта, кәсіптік біліктілік, дағды және кәсіптік техника туралы зерттеген ғалымдар В.И.Шнецинскии, М.В. Кузьмина, технологияны пайдалану кезіндегі оқушының іс-әрекетін бағалаудың жаңа әдістемесін зерттеген Ж.Қараев, Ж.Кобдиковалардың зерттеулеріне баға бере отырып Ш. Таубаева технологияны қолданыс кезіндегі педагогикалық әсер ету қағидаларын былайша сипаттады:
1қағида. Нәтижелігі алдын-ала жобаланған кҥтілетін нәтижелерге ҧмтылу
2қағида Тиіділігі қысқа уақытта кӛп шығынсыз белгіленген нәтижеге жету

  1. қағида Обьективтілігі- кӛп салалық пәндерден жинаған білім негізінде оқу-танымдық іс-әрекетті ҧйыдастыра білу:

  2. қағида Тҧлғалық бағыттылығы ең соңғы кҥтілетін нәтиже жеке тҧлғаның қалыптасуы, дамуы болуы шарт

  3. қағида Талап қоя білу-обьективиік мазмҧны бағытындағы педагогикалық іс әрекет немесе обьект туралы білім тҧлғаның белгілі бір ҧстанымдарын білдіеді.

  4. қағида Рефлексия-педагогиканың ӛзін-ӛзі тану қажеттігі.

  5. қағида Ҥйлесімдігі- жеке тҧлғаның жан-жақты дамуы ҥшін бірыңғай педагогикалық әсер ету немесе іс-әрекеттің орындалуы.

Американдық ғалым Блум оқу процесін ҧйымдастыруды 6 сатыға бӛледі: білу, тҥсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау. Академик В.П. Беспалько педагогикалық технологияны ең алғаш жіктеді, дидактикалық процестің 3 элементін ҧсынды.

  1. Оқушыны қызықтыру:

  2. Оқу-таным әрекетін ҧйымдастыру

  3. Басқару тексеру.

Оқу танымдық әрекетін мақсат пен танымдық қызметті 4 деңгейде ҧйымдастыруда да ӛзінің оқыту технологиясында да ғалым В.П. Беспалько оқу материалын игерудің 4 деңгейі деп атады.

  1. Оқушының деңгейі

  2. Алгоритмдік деңгейі

  3. Эврикалық деңгейі

  4. Шығармашылық деңгейі.

Қазіргі заманғы жаңа сипатты мектептерде дәстҥрлі сабақтарды жанама ҧйымдастырудың кілті табылғандай. Американдық ғалым Джон Дьелон- балаларды оқыту керек емес, жағдай туғызу керек, нәтижесі баланың білімі болу керек деп кӛрсетеді. Жоғары нәтижеге бағытталған әдіс, тәсіл, мазмҧн жиынтығын қҧрайтын технологиялардың негізі бірдей десек қателеспейміз. Ӛйткені педагогикалық жҥйе дегеніміз методологиялық жҥйемен дидактикалық процестің жиынтығынан тҧрады. Методологиялық жҥйе мынадай 5 компонеттен тҧрады: мақсат + мазмҧн + әдіс + форма + қҧрал + жабдықтар. Ал дидактикалық процесс
Дид ═ М+Т+Б М-мотив
Т-танымдық іс-әрекет Б-басқару.
Бҥгінгі жаңашыл педагогикалық қҧрамдас салалары боп ӛмірге енген инновация технология ҧғымдарының, жеке тҧлғаның дамуының ӛзегі екендігіне ешкім кҥмән келтірмейді. Ӛйткені оқытудың тәсілдері, әдістері жетерлік. Тәжірибе кӛрсеткендей, оқытудың жекелеген жҥйелері мен әдістері
емес барлық дидактикалық мақсаттарды қуаттайтын технология қажет.
Ол қажеттілік терең теориялық та емес, жалаң практикалық та емес, былайша айтқанда педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің жетістіктерінен туындайтын жаңа технология керек. Дәстҥрлі оқыту-арбаға ҧқсайды, ал әдістері мен тәсілдердің жҥйесі реактивті қозғалтқыштар, ал енді біз сол арбаға реактивті қозғалтқышты орнатып, дыбыстан жоғары жылдамдықпен ҧшуды мақсат еткендей боламыз-дейді Г.Воробьев. Әрине арбаны қойып ҧшақ жасау керектігін әркім тҥсінеді, яғни жаңа технологияның қажеттігі осындай. Жаңа педагогикалық инноватика ілімі негіз болатын, педагогикалық кибернедагогикалық толығымен орын тебетін және Я.А.Коменскийдің сабақтық-сыныптық жҥйесін ескеретін жаңа технология керек.
Жалпы дәстҥрлі оқытудан жаңаша оқытудың айырмашылығы дәстҥрлі оқытуда мҧғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады, онда мҧғалім мен оқулық маңызды роль атқарады, олар біріге отырып оқушыларды білімге жетелейді. Ал жаңаша оқытуда оқушы мҧғалімнің тҥсіндіргенін ғана меңгеріп қоймай, мҧғаліммен тікелей пікірталасқа кӛшеді. Оқушы белсенді роль атқарушы емес, жетекші позицияны ҧстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға ӛзі жауап іздейді. Мҧғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптасады.Оқушы да, мҧғалім де субьектіге айналады. Екеуі бірлік одақта қызмет етеді. Олардың арасындағы байланыста мҧғалім мен оқушы қарым- қатынасы байланыс кӛрсетіледі.
Жаңаша оқыту дәстҥрлі оқытуға қарағанда кҥрделі де, әрі тиімді процесс. Мҧғалім білім мен оқушы арасында тҧрмас ҥшін барлық стратегияларды жақсы меңгеріп, оқыту технологиясын қайта қҧруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет