«Журналистика» мамандыѓына арналѓан



бет11/21
Дата12.10.2020
өлшемі259 Kb.
#66556
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

7. РАДИОЖАРНАМАНЫҢ

ЖАСАЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Радиоролик жасау – қызықты іс. Ол адамды қызықтырып күн өткен сайын тарта береді. Бұл үшін жарнама ролигінің жасалу технологиясына қанық болған абзал. Сондай-ақ, бұл процесс едәуір қарапайым және арзанға түседі.

Радиожарнама жасауда үш элементтен тұратын жұмысты бастан өткересіз. Олар:диктор дауысы, музыка және арнайы эффектілер. Радиороликті радиостудиясында немнсе кез-келген үн жазу студияларында өндіруге болады.

Жарнама ролигінің тұрақты ұзақтығы 30 немесе 60 секунд. 30 секундтық роликке негізінен 60-70 сөз, ал минуттықтарға 140 сөзге дейін сияды.

Радиороликегі дауысқа байланысты екі жайды еске алар болсақ, біріншіден радиожарнама ролигінде тыңдарман көңілін бұзбайтын дауыс болуы шарт. Екіншіден, ол баяндалатын ақпарат басын жақсы біріктіруі керек. Радиороликке радиостанса қызметкерлерінің, кәсіби емес әуесқойлардың, профиссионал – дикторлардың дауыстарын пайдаланған жөн. Сондай-ақ, әйел, бала дауысы тыңдарман естимін-ау деп күтпегендіктен олардың назарын өздеріне аударуы мүмкін.

Әрдайым радиотыңдаушы жарнама заставкасы басталғанына 3-5 секунд өткенде оны ары қарай тыңдау керек пе, жоқ па деген ойға келеді. Зарттеу қорытындысы көрсеткендей бұл жерде ең жоғарғы ролді тауар дәрежесі ойнайды екен. Сондықтан, радиотыңдармандарды тарту үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады.

Жақсы радиосценарий жазу үшін мынаны еске ұстаған ләзім:

- заставканың басында жарнама берушінің (кәсіпорын, мекеме, фирма, т.с.с.) атын атау керек. Сосын жиі-жиі кем дегенде 3 рет қайталаңыз;

- егер оның атауы жеңіл болмаса, бір рет болса да, тыңдарманға түсінікті етіп жеткізіңіз;

- ауыз екі стильді сақтаңыз; жай сөздер мен қысқа сөйлемдер қолданыңыз; жаңылтпашты қолдану мүлде қажет емес;

- әртүрлі нұсқада тауардың тиімділігін жиі-жиі қайталаңыз;

- суретшінің орынды бояуындай етіп, мәнерлі сөйлеуге тырысыңыз; метафора қолданыңыз.

Жарнама заставкасының сөз көлемін анықтаудағы ережесі төмендегідей:

10 секундта -------------------- 20 – 25 сөз;

20 секундта -------------------- 40 – 45 сөз;

30 секундта -------------------- 60 – 70 сөз;

60 секундта -------------------125 – 140 сөз аралығында қолдану қажет. Және де тапсырыс жасауды, ұсынуды ұмытпаңыз. Радиотыңдарманның эфирден өткен жарнамадан кейін тауарға деген қызығушылығын оятып, іс-қимылға көшіруге тырысыңыз. Әрине, мұның бәрі жеткізуші мен радиожарнаманың сценарийіне тікелей байланысты.


1

6,7,9





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет