4. ТЕЛЕДИДАРДАҒЫ ЖАРНАМА
Халыққа деген сұранысы оның қоғамда атқарар қызметіне, мемлекеттің көлемі мен өзге де жайттарға тікелей байланысы, технологиялық өрендеуіне байланысты «жарнама» электронды ақпарат құралдарына келді.
Теледидардың аудиториясы үлкен болғандықтан жан-жақты жұмыс істейді. Тұтынушы көп тауардың ішінен өзіне қажетті өнімді таңдап алуына жарнаманың көп пайдасы бар. Теледидардан берілетін жарнама құны өте қымбатқа түседі, сондықтан санаулы минуттар ішінде тұтынушыға өнімді таныстырып, сіз бен бізді қармағына қаптырады. Теледидардан берілетін жарнаманың ешкімге ұқсамайтын бір ерекшелігі бейне мен дыбыс арқылы көрерменін, яғни тұтынушысының қызығушылығын оятады. Оның бәрі осы экранның пәрменділігіне байланысты. Теледидардан берілетін жарнама арқылы өнімін беріп отырған фирма өзінің беделін де көтереді. Әр жарнаманың көрермен назарына ұсынуда белгіленген сағаты, минуты, секунды болады. Ол аудиторияның көп жиналған уақытына орайластырылады.
Тауарды ауыстыру, сату жүйесіндегі ең басты ролде – жарнама тұрады. Оның басты мақсаты – фирма шығарған өнімнің жоғары сапалылығы, жаңашылдығы, қолдануға ыңғайлылығы және қолайлы бағасы туралы тұтынушыға таныстыру. Сондықтан, жарнамаға аз қаражат жұмсалмайды, бірақол әр қашан күткен қорытынды әкелмейді.
Жарнама – бұл барлық нарықта қолданылатын құрал. Дамыған нарықтық қатынаста бәсекелестік қоса жүреді, және әр бір сатушы тұтынушысына өнімін ұсынады, ал, оның қаншалықты маңыздылығы жөнінде бақталастықтар арасында күрес туындайды. Жарнама жасырын формасында белгілі бір өмір салтын және шындықпен қарым-қатынас сияты идеологиялық міндеттерін атқарады. Ол бұқарамен өзара байланыста әрекет ете отырып, қоғамдық саяси сананы тиімді жаулайды.
Жарнама адамдарға затты сатып алу қажеттілігі жөнінде ой тастап қана қоймайды. Ол өндірісшілерге, коммерсанттарға тауарларын өткізуге көмектесумен қатар, өмірге қияли көзқарастарды таратып, орнықтыруға да үлкен әсерін тигізеді.
Жарнама идеологиялық қару ретіндегі күшінің арта түсіп отырғандығы бүгінгі таңда ешбір дау тудырмайтындығы ақиқат. Оны таратуға бұқаралық ақпарат құралдары жұмыла кірісіп отыр.
|