1. ЖАРНАМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Жарнама латын - тілінен аударғанда reclame - айғайлау деген мағына береді.Шет тілдер сөздігінде тауар туралы ақпарат тұтынушыға мағлұмат беруші деген мағына береді. «Нарық тілі» сөздігінде жарнама былай деп аударылады тауар туралы ақпарат, оған сұранымды өсіру үшін және оған қызығушылықты өсіру үшін, тауарды сату үшін аткарылатын шара.Ф.Котлердің жарнамаға берген түсініктемесі шындыққа жанасады.онда былай делінген : «жарнама – байланыс құралы, БАҚ арқылы таралатын ақпарат». И..А.Голман, Н.С.Добробобенко жарнама комерциялық ойды алға қарай жылжыту үшін және белгілі-бір тапсырыс берушінің қаржысына жасалады.Егер бір жаңалық ашушы газетке келіп өзінің ашқан жаңалығы туралы ақпарат берсе, ол жарнама болдып есептелмейді.Тек қана бір нәрсені сатып алу үшін жүргізілетін үгіт- насихат және сол насихат үшін жіберілген қаржы жарнама болып есептеледі. Мысылы: АҚШ-та 1977 жылы Америкалық фирмалар жарнама үшін 38 млрд доллар ақша шығындады.Ал өздік жарнама үшін 100 млрд доллар шығындады.
Котлердің пікірі бойынша жарнаманың бір өндіріс орынының бет бейнесін қалыптастыру үшін жарнама жасайды.Жарнамалар мақсатына қарай былай бөлінеді:
-Бір тауар маркасын насихаттайтын жарнама.
-Рубрикалық жарнама.
-Арзан жарнама.
-Үгіттеу жарнама.
Котлер жарнаманы екіге бөледі.
1.ақпараттық жарнама.
2.салыстырмалы жарнама.
Басқада жарнама түрлеріне келсек:
Еске түсіруші жарнама – бұл жарнама тұтынушының есіне түсіру үшін жүргізіледі.
Нығайтатын жарнама - әдетте тұтынушының жақсы пікірлерін газет баспасы арқылы насихаттайды.
Сыртқы жарнама- шығын аз кетеді, көп халық көре алады.
Транспорттық жарнама – шығын аз кетеді,тұтынушылар жарнаманы күнделікті көреді.
Радиолық жарнама – көпшілік тыңдайды, үлкен географиялық аймаққа тарайды.Шығын аз , кемшілігі дауыспен шектеледі.
Телевизорлық жарнама – сурет,дауыс, арқылы көпшілікке жететіндігімен ерекшеленеді.Бірақ бағасы өте қымбат.
Газеттік жарнама – жедел, көпшілік оқып көреді.Жоғарғы сапа.Бірақ белгілі бір мерзімнен кейін сапасы төмендейді.Жарнаманы арнайы бағдарламалар арасында берген ұтымды.Радио, теледидар арқылы берілген жарнаманың жетістік жағыда кемшілік жағыда болады.
|