Дәрісті бекіту сұрақтары:
1. Ағартушылық телевизияның принциптік ерекшеліктері.
2. Ағартушылық телевизияның шапшаң қарқынмен дамуы.
3. Патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011
2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005
3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998
4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
8-Дәріс
тақырыбы: Жарықсүргіштері (светофильтр)
Дәріс мақсаты: Телерадиодағы тікелей эфирлік бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі туралы студенттерге талдап, түсіндіру.
Дәрістің жоспары:
Тікелей эфир дегеніміз не?
Тікелей эфирге тән ерекшеліктер.
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын "Тікелей эфир дегеніміз не?" деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше, тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдапкөрейік. Тікелей эфир-радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудын, кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалык сипаттағы соны технологиялык процесс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Ал тікелей эфирде жұмыс істеген журналистің даярлығының күштілігіне, дайындығының мықтылығына қарамастан процесс кезіндегі күллі іс-әрекетін, аузынан шыққан әрбір сөзін өлшеп-кесіп, мөлшерлеп-межелеп алдын-ала анықтап алуы мүмкін емес. Сондықтан да ол эфир кезіндегі әрекетінің негізгі шарттарын есте сақтауы қажет. Оны мына төмендегідей тәртіппен белгілеуге болар еді:
1. Сөз бостандығын иелену.
2. Мемлекеттік мүддені ұстану.
3. Құкық негіздеріне сүйену.
4. Шығармашылық еркіндікті пайдалану.
5. Кәсіби шеберлікті таныту.
6. Жауапкершілік шегінен аспау.
7. Заң аясына бағыну.
Жалпы, радионың ауызекі сөйлеу тілімен, дауыс ырғағымен, техникалық мүмкіндіктерімен о бастан тікелей эфирге бейім екені мәлім. Сондықтан да, тікелей эфирдің тарихи тамыры тереңде жатыр. Бұл турасында профессор Н.Омашев "30-жылдардың екінші жартысында Қазақстан радиохабары сапалык жағынан алға басты. Эфирден берілетін тікелей хабарлар, сөз жоқ, Қазақ радиосы хабарларының ең күшті қасиеті болды. Осындай таза радиолық пішіндер кеңес радиохабарында 1925-1929 жылдары пайда болып, көп кешікпей жергілікті жерлерде кең таралды"- деп атап өтті. Демек, сол кездерде тікелей эфир пішін ретінде көрініс тапқан. Негізінен, бұрынғы уақытта тікелей эфирде студияны ашып, жаңалықтарды оқып, концерттерді жүргізетін дикторлар еді. "Әлемге аты әйгілі Юрий Борисович Левитаннан кейін 1945 жылы Жеңіс бұйрығын эфирге қазақ тілінде тұңғыш рет мен оқыдым, — деді Әнағаң асқақ үнмен тіл қатып". Бұл - Әнуәрбек Байжанбаев туралы жазылған естелік кітаптан келтірілген үзінді. Мұнда "тікелей" деген сөз айтылмағанмен, диктордың мәтінді тікелей эфирден оқығаны анық. Әйтпесе, эфирге оқыдым деген сездің орнына "запись" жасалды деген тіркес айтылар еді. Өйткені, тікелей эфирден оқылмаған хабарлардың бәрі таспаға түсіріліп, монтаждалып берілетін. Сонымен қатар, тікелей эфирден концерттер де беріліп тұрған. 1944-45 жылдары Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарған Қазақ ССР-нің халық артисі Ермек Серкебаев сол жылдардағы тікелей эфирді былайша есіне алады: Тыңдаңыздар! Алматыдан сөйлеп тұрмыз" деп сөйлейтінім есімде. Уақытты айтып, жаңалықтар оқитынбыз. Соның ішінде ең алдымен, соғыстың хабарын айтамыз. Содан соң музыка береміз. Антон Макеимович Москаленко өзіміздің "Хор" және симфониялық оркестр бар Радиодағылар менің музыка мектебін бітіргенімді білген, микрофон алдында ән айтқызып көрді. Сөйтіп, менің әнші ретінде қалыптасуым республикалык эфирден қазақ композиторларының шығармаларын орындаудан басталды". Сондай-ақ, алаңдарда өтетін мерекелік шерулерден тікелей трансляциялар берілетін. 7-ші карашада Ұлы Октябрь мерекесіне, 1-ші мамырда еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күніне арналған салтанатты шерулердегі мерекелік ұрандарды ер және әйел дауысына бөліп дикторлар оқитын. Бұл тікелей эфир болғанымен, трансляциялық жолмен берілгендіктен, шығармашылық емес, техникалық сипат алды. Оның үстіне дикторлар микрофон алдында дайын мәтінді оқитын. Демек, бұрынғы тікелей эфирдің функциясы толық мәнге ие болған жоқ. Сондықтан да болуы керек, көбінесе, пішін ретінде қарастырылды. Ал, цензура жойылып, журналистердің сөз бостандығын иеленуі шын мәнінде жүзеге асқан кездегі тікелей эфирдің ауқымын пішінмен қамту әсте де мүмкін емес. Журналистикадағы бұл жаңа құбылыстың негізі ел өміріндегі саяси маңызы бар өзгерістермен бірге орныққаны мәлім. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабында "Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады" деп, тайға таңба басқандай ашық айтылған. Осындай заң аясындағы нақты мүмкіндіктер радиожурналистикадағы жаңаша әдістің кең қанат жаюына жол ашты. Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: радиоүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу, т.с.с. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақсы сипат алмайды. Тікелей эфир - аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі болып табылады. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуімен алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л.Цвик мынадай тұжырым жасады: "Жүргізуші - журналистің тікелей эфирдегі табысы - кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі". Ол рас, тек бұл тұжырымда тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескертілмеген. Микрафондағы сөйлейтін жүргізуші болғанмен, оның аржағында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сазбен көмкеретін, телефон қоңырауын эфирге қосатьш бір топ қызметкерлер бар екені белгілі. Сол түрғыдан келгенде. тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істін басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатъш іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жүмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден. қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға. келесі бір бөлігі студияға жазылып бір рет таспаға (пленкаға) түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып содан кейін тұтасымен рет-ретімен жиналып үшінші рет қайтадан көшірілетін. Сол жинақталған хабарды дыбыс операторы эфирге қосатын. Уақыт та, адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген -осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм /ендігі жердегі шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, тыңдарман психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-техникалық прогресс аясында қолданысқа енген соны технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, радиожурналистикадағы хабар тарату әдісі деуімізге негіз бар. Ал әдіс дегеніміз не? "Әдіс, яғни, метод (грек тілінен аударғанда әдіс - бір нәрсеге жетудің жолы) көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі", Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында әдіске осындай анықтама беріліпті. Сол тұрғыдан алғанда, тікелей эфир дәстүрлі радиожурналистика негізінде, радионың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келтірілген қызмет жүйесі деген тұжырым жасай аламыз. Демек, тікелей эфир радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық түрғыда жүйедеу арқылы айқындай аламыз.
"Эфир" - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе "жоғарғы ауа" деген мағынаны береді, Ал ғылыми тұрғыда "эфир - радиотолқындар таралатын кеңістіктің жалпылама атауы".
Достарыңызбен бөлісу: |