15
сипаттау мысалдарында қарастырамыз; оларға монографиялар ҚР МФ енгізілді, яғни
аталған өсімдік объектілері фармакопеялық болып табылады, А қосымшасы.
Шөптер макроскопиясы.
Кермек Гмелин – биіктігі 30-80см болатын жабайы өсетін
көпжылдық шөпті өсімдік. Сабақ – тік, жоғарғы бөлігі қысқартылған, екі аз, әдетте
жұптық бұтақтарында кең қалқан тәрізді сыпырғышы болады. Жапырақтары – көптеген
өрнектері бар, жасыл немесе көгілдір-жасыл түсті, сынғанда қызарады. Түстері бір немесе
бірнеше болып келеді. Гүлдері кішкентай, 1-3-4-гүл шоғыры колоскалары-жартылай,
қалқан тәрізді немесе пирамидальды гүл шоғыры пайда болады. Колоскалар ұзындығы 4-
5-6 мм, тостаған ұзындығы 4-4,5 мм, негізде және тамырлар бойымен жартысына дейін,
кейде екі ішкі тамырлар бойымен тығыз және өте ұзын түсірілген. Аяғы ақ немесе
бозғылт-күлгін, 5 сирек 10 шоқты. Жапырақтары көк-күлгін, тек кей жағдайда ақ түсті.
Тұқымдары – ұзын жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 2 мм, ені 0,6 мм, қара-күлгін-қоңыр түсті.
Тамыр және тамырша макроскопиясы
. Тұтас шикізат: ұзындығы 5 см-ге және
қалыңдығы 3 см-ге дейінгі тамырлар мен тамырша кесектері, тығыз ағашты, түйінді,
иілген, жұқа қабығы бар, ағашқа тығыз жанасқан. Тамырдың ыдыратылмаған бөліктері
дөңгелек пішінді, сыртынан ұсақ-, тегіс-, ұзына бойы мыжылған(әжімді), қоңыр, түрлі
реңдері бар толқынды (сұр, қоңыр, қызыл және т.б.). Сынған кезде және ұзына бойы
кесуде қабаттық бөлігі қара түсті, ағаш бөлігі ашық, кремді реңді, кей жерлерде қызғылт
түсті болады. Негізгі тамырдың бетінде ұсақ сүйел тәрізді түзілімдер тізбегі органы осінің
бойымен шашылған (әрбір тізбекте 3-6-7 бойынша). Негізгі өзекті тамырдың бүйірінде
қалың бүйір тамырларының қалдықтары бар, сондай-ақ олар бойлық сынықтарында
толқынды болып келеді. Иісі ащы, тұтқыр.
Достарыңызбен бөлісу: