Өсімдіктердің жер үсті бөлігін
(жапырақтары, шөптер) тек құрғақ ауа райында,
күннің ортасында (өсімдік шықтан құрғаған кезде) жинайды. Ең жиі шикізат дайындау
гүлдену кезеңінде жүзеге асырылады, себебі жоғары әсер етуші заттары бар өсімдік
массасын алуға болады. Көпжылдық өсімдіктердің жер асты бөлігін зақымдамау үшін
(өсімдіктердің өсуінің қалпына келетін жері) жер үсті бөлігін абайлап жинайды. Жуан,
бөртпе сабақтарын жинауға болмайды, себебі олар биологиялық белсенді заттардың аз
10
мөлшерін қамтиды. Жапырақтар толығымен дамыған жасыл күйінде бутонизация
басталғаннан бастап гүлдену аяқталғанға дейінгі аралықта дайындалады.
Өсімдіктердің жер асты бөлігін
(тамырларын, тамыршаларын, түйнектерін)
ылғалды ауа райында да жинауға болады, өйткені оларды қысқа мерзімде құрғатқаннан
кейін мұқият тазалайды, шағын бөліктерге орайды, кептіреді және оларды бөгде
қоспалардан толық тазарту үшін бірнеше рет ауыстырып, содан кейін ұсақтайды. Ең жиі
күзде жинау жүзеге асырылады (осы уақытта жер асты бөлігінің үлкен массасы жиналады
және оған жер үсті бөлігінен заттардың ағуы болады). Кейде тамырлар мен
тамыршаларды дайындау ерте көктемде, әсіресе жабайы өсетін өсімдіктерен жинау жүзеге
асырады, өйткені осы кезеңде өсімдіктерді олардың жер үсті бөлігі бойынша табуға
болады, ал күзде олар өледі. Батпақты өсімдіктердің тамыршалары су түскеннен кейін
жиналады.
Гүлдерді
(және гүл шоғырын) өсімдіктердің гүлденуінің басынан (мысалы,
түймедақ, жөке, арника) олар себілгенге дейін, гүл түсінің сақталуына әсер етуші
заттардың ең көп мөлшері болға кезінде жинайды.
Жемістерді
(жидектерді, тұқымдарды) ерте таңда немесе кеште құрғақ ауа
райында пісіп жетілу кезеңінде жинайды.
Қабықты
көктемде және оны ағаштан оңай бөліп алу үшін шырынды қозғалу
кезінде жинайды. Медициналық мақсаттар үшін жас ағаштардың қабығын пайдаланады.
Бұталар(почки)
ерте көктемде пайда болған кезеңде жиналады.
Алайда өсімдіктерді (немесе олардың бөліктерін) дәрілік объектілер ретінде
пайдалануға рұқсат алған кезде нормативтік құжаттармен қатар, олардың емдік әсерін
айқындайтын қолданыстағы немесе белсенді заттардың құрамын ескере отырып,
оларды дайындау мерзімдері бойынша ғылыми негізделген деректерді ұсыну қажет.
Шикізатты бастапқы өңдеу оларды жинау кезіндегі кемшіліктерін жоюдан тұрады,
яғни ақауы бар бөліктерді, қоспаларды және т. б. жою болып табылады.
Жапырақтарды ақауы бар жапырақтардан, сондай-ақ бөгде қоспалардан жою
мақсатында іріктейді. Гүлдерден, ең алдымен, тиісті бояуын жоғалтқан, гүлдің немесе гүл
шоғырының қажетсіз бөліктері, жапырақтары түскен гүлдерді алып тастап іріктейді. Егер
жөке ұштары кесілсе, онда гүл шоғырынан да алады (жапырақ тәріздес түспен бірге).
Түймедақ себетінің ерекше "нәзік" болуына байланысты тек қана абайлап сұрыптауға
(ұқсас түрдегі себеттерді іріктеуге) рұқсат етіледі.
Тұқымдар мен құрғақ жемістер үшін жиналған шөпті өсімдіктерді кездейсоқ түскен
басқа өсімдіктерді алып тастау мақсатында іріктейді және содан кейін оларды байлайды.
Шырынды жемістер жеміс шырындарынан, гүл өсінділерінен, піспеген
жидектерден, жапырақтар мен бұтақтардың тілімдерінен тазартылады.
Тамырлар мен тамыршалар жер үсті бөліктерінен мұқият бөлінеді. Қосалқы
тамырлары бар тамырларды суда жерден тез жуады немесе олардан ысырап болмау үшін
оларды мұқият шайқайды және сүртеді. Кептіру үшін оларды кесектерге кеседі, бірнеше
рет қайта орайды және бұл ретте шикізатты құрғату кезінде бөлінетін топырақты немесе
шаңды үнемі тазалығына көз жеткізе отырып алып тастайды. Стержендік кесілген
11
тамырлар мен қашулардағы суда еритін заттары жойылмауы үшін оларды суға салмай
өңдейді.
Дәрілік өсімдік шикізатын кептіру оның сапасын қамтамасыз етеді, себебі
шикізаттағы биологиялық белсенді заттарды консервациялау жүргізіледі. Кептірудің
оңтайлы режимі дәрілік шикізаттың нақты түрлерін дайындау және кептіру жөніндегі
нұсқаулықтарда келтірілген.
Кептірудің жалпы ережелері кептірудің температуралық режимін сақтауды
қамтиды. Дайындалған өсімдік шикізаты қолданыстағы заттарды сақтау үшін нақты
температурада кептіріледі. Мысалы, құрамында эфир майлары бар шикізат, 25-30
0
С
температурада кептіріледі; құрамында гликозидтер бар шикізат, 25-30
0
С температурада
кептіріледі, бұл гликозидтерді бұзатын ферменттерді тез белсендіруге мүмкіндік береді;
құрамында алколоидтер бар шикізатты 60
0
С температурада кептіреді; құрамында
аскорбин қышқылы бар шикізат, 80-90
0
С температурада кептіреді.
Дәрілік шикізатты кептірудің барлық әдістері кезінде жарықтың және жаңбырдың
тікелей сәулелерінен қорғалған, жақсы желдетілетін жерлерде жұқа қабатпен (эфир
майының булануын болдырмау үшін 10-15 см қабатпен жайылатын эфир майы
қоспасынан басқа) орналастырады. Шикізатты кептіру кезінде ұсақтау дәрежесін
арттырмау үшін оны үнемі айналдырып отырады.
Тамырлар, тамыршалар, қабықтар мен сабақтар бүгілген кезде майыспай, сынатын
болса, онда кептіру аяқталды деп саналады; жапырақтар мен гүлдер ұнтақталады,
шырынды жемістер бір түйірге жабыспайды, ал қысқан кезде шашылмайды.
Дәрілік өсімдік шикізатының технологиялық параметрлері:
Дәрілік өсімдік шикізатының үлестік массасын анықтау
абсолютті ұсақталған
шикізат массасының өсімдік шикізатының көлеміне қатынасын білдіреді. 5,0 г шикізатты
(дәл ілме) сыйымдылығы 100 мл өлшеуіш колбаға салады, 2/3 көлемде
тазартылған
сумен
құйып, 1,5-2 сағат бойы қайнаған су моншасында ұстайды, ауаны шығару
мақсатында мезгіл-мезгіл араластырылады, содан кейін колбаны 20
0
С дейін салқындатады
және көлемін
тазартылған сумен
белгіге дейін жеткізеді. Колбаны өлшейді және оның
массасы шикізат пен су арқылы анықталады. Алдын ала суы бар колбаның салмағын
анықтайды. Үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
,
Мұндағы:
Р-абсолютті құрғақ шикізаттың салмағы, г;
G-суы бар колбаның салмағы, г;
F-суы және шикізаты бар колбаның салмағы, г;
d-судың тығыздығы, г / см3 (d = 0.9982 г/см3).
Көлемдік массаны
ауамен толтырылған тесіктерді, жарықтарды және
капиллярларды қамтитын белгілі бір ылғалдылықта оның толық көлеміне дейін
ұсатылмаған шикізаттың қатынасы ретінде анықтайды. 100 мл өлшеуіш цилиндрге 50 мл
тазартылған су құйылады. 10,0 г өңделмеген шикізатты тазартылған суы бар өлшеуіш
цилиндрге салып, шикізат алатын көлемін анықтайды.
12
Көлемдік массаны мынадай формула бойынша есептейді:
, мұнда
P
0
- белгілі бір ылғалдылықта ұсатылмаған шикізаттың салмағы, г;
V
0
-шикізат алатын көлем (көлемдердің айырмашылығы), см3.
Үйінді массаны
(dH) бөлшектің тесіктері мен олардың арасындағы қуыстарды
қамтитын толық көлемдегі шикізатпен айналысатын табиғи ылғалдылықта ұсақталған
шикізат массасының қатынасы ретінде анықтайды. Өлшеуіш цилиндрге ұсақталған
шикізатты орналастырады, шикізатты теңестіру үшін сәл шайқайды және ол алатын толық
көлемді анықтайды. Осыдан кейін шикізатты өлшейді. Үйінді массаны мынадай формула
бойынша есептейді:
, мұнда
Р
H
-белгілі бір ылғалдылық кезінде ұсатылмаған шикізаттың салмағы, г;
V
H
-шикізат алатын көлем, см3.
Кеуектілік
(Пс)
шикізат бөлшектерінің ішіндегі қуыстың шамасын сипаттайды
және үлес салмағы (тығыздығы) мен көлем салмағы арасындағы айырманың үлес
салмағына қатынасы ретінде анықталады. Шикізаттың кеуектілігі мынадай формула
бойынша есептеледі:
, мұнда
d
у
– шикізаттың үлестік салмағы, г / см3;
d
0
-шикізаттың көлемдік салмағы, г / см3.
Кеуектілік (Пж)
өсімдік материалының бөлшектерінің арасындағы қуыстың
шамасын сипаттайды және ол көлемдік және үйінді массалар арасындағы айырманың
көлемдік массаға қатынасы ретінде анықталады:
, мұнда
d
0
-шикізаттың көлемдік салмағы, г / см3;
dн-шикізаттың үйінді массасы, г/см3.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Синтетикалық препараттардың өсімдік тектес препараттардан әсерінің
айырмашылығы себептері, соңғылардың тірі ағзаға әсерінің артықшылығы.
2. Қазіргі уақытта ҚР фармацевтикалық өнеркәсібінің жағдайына және оның даму
перспективасына шолу жасаңыз.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының құрылымы мен
мазмұны.
4. Жабайы өсетін, өсірілетін және импортталатын дәрілік өсімдіктер арасындағы
айырмашылық неде?
5. Дәрілік өсімдік шикізатын жинау, кептіру, сақтау шарттары.
13
6. Дәрілік өсімдік шикізатының әртүрлі бөліктерін жинау, оларды өңдеу, кептіру
және сақтау мерзімдерін белгілеуге арналған әдістемелік негіздемелер.
7. Дәрілік өсімдік шикізатының технологиялық параметрлерін атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |