Оныншы тарау
ЖƏРМЕҢКЕ
Диктің шалт қимылдағаны сонша, айнала қамап тұрған адамдар
оған ара түсуге үлгірмей қалды. Бірақ сол сəтте жергілікті халықтың
бірнешеуі жасөспірімге жабылып кетті. Егер Негоро келіп
үлгірмегенде Дикті сөзсіз өлтіретін еді.
Португал оларға, тимеңдер дегендей белгі беріп еді, Дикті қоя
берді. Сосын олар Гэрристің өлігін көтеріп əкетті. Альвец пен Коимбра
Дикті сол жерде өлтіріп жіберуге қамданып еді, бірақ Негоро оларға
сыбырлап, егер өлтіруді бірсыпыра уақыт кейінге қалдыра тұрса, одан
келер-кетері жоқ екенін айтты. Сосын жасөспірімді оңаша қамап, көз
айырмай күзетіп тұрыңдар деп хавильдарға қатты тапсырды.
Кішкене отряд теңіз жағалауынан кеткелі бері Дик Сэнд Негороны
көрмеген еді. «Пилигримнің» апатқа ұшырауына бірден-бір себепші
Негоро екенін жасөспірім білетін-ді. Дик Сэнд оның сыбайласын
қандай жек көрсе, Негороны одан да бетер жек көруге тиіс. Бірақ ол
өзінің бұрынғы аспазынан жиіркенген түрмен теріс айналып, оған бір
ауыз тіл қатуды өзіне ар көрді.
Гэррис миссис Уэлдонды да, кішкене Джекті де өлді деп еді ғой.
Енді оның қайғыратын түгі де жоқ. Тіптен ол өз басының қамын да
ойламады. Оны хавильдарлар сүйреп əкетті. Қайда апара жатыр?
Қайда апарса онда апарсын, Дикке бəрібір...
Жасөспірімді қол аяғын байлады да, саңылауы жоқ бір тар сарайға
апарып қамап тастады. Бұл сарай бүлік шығарып немесе басқа бірер
қылмыс жасаған еріксіздерді өлім жазасына бұйырып қамайтын
Альвецтің түрмесі еді. Енді Дик қараңғы түнекке түсіп бүтін дүниеден
бөлініп қалды. Бірақ ол бұған өкінген жоқ. Ол өзінің жақсы көретін
адамының өшін алды, енді оны өлімнің қандайы болса да қорқыта
алмайды.
Дикті Негороның жергілікті халықтардың азаптап өлтіруінен
арашалап қалуының себебін шамалау қиын емес, оның мəнісі, өлер
алдында Негоро жасөспірімді өз қолымен əбден қинап азаптау еді.
Енді он бес жасар капитан бүтіндей кеме аспазының билігінде қалды.
Негороның кегі қайтып болу үшін енді Геркулес қана жетпей тұр.
Екі күннен соң 28 майда жəрмеңке ашылып, оған ішкі Африкадағы
барлық факториялардан
93
құл саудагерлері келді, Анголамен іргелес
өлкелерден де толып жатқан халықтар жиналды. Жəрмеңкеде құл
саудасы ғана болып қойған жоқ, адам саудасымен бірге Африканың
құнарлы жерлерінде өсетін əртүрлі азық-түліктердің де базары болды.
Таңертеңнен бастап-ақ базар алаңына ел тола бастады. Хозе-Антонио
Альвецтің құлдарын қоспағанда (мұның ішінде жолдастарымен бірге
Том да бар), базар алаңындағы сенделіп жүрген адамдардың саны
төрт-бес мыңға жетеді. Альвец базардың аса маңызды адамы болып
саналады. Ол өзінің досы Коимбрамен бірге базар алаңында жүріп,
ішкі өлкелерден келген құл саудагерлеріне топ-тобымен еріксіздерді
көрсетті. Құл алушылардың арасында бірсыпыра жергілікті халықтар
да бар. Үлкен Көл өлкесінің сауда саттық жөніндегі бас қаласы
Уджиджилік будандар мен бірнеше араб саудагерлері бар.
Европаның үлкен қалаларындағы базардың ең зоры, тіптен
жылында бір рет болып тұратын жəрмеңке де Африканың тап осы
адам саудасындай қызбайтын шығар. Жергілікті халықтар үшін базар
—үлкен мейрам болып саналады, олар осы мейрамның құрметі үшін
барын киініп «жасанып» шығады десе орынсыз болар, əйтсе де
салтанатпен шығады. Жергілікті сəнқой еркектер мен əйелдердің
сəнденіп киінуі шаштарын тарап өру. Кейбір еркектер шашына басқа
біреудің шашын қосып өріп тас төбесіне қоқырайтып түйіп қойған.
Енді
біреулері
шашын
егеуқұйрық
тышқанның
құйрығы
сияқтандырып таспалап өріп омырауына салбыратқан да, төбесіне
қызыл қауырсыннан үлпілдетіп үкі қадаған. Үшінші біреулері
шашынан кішкентай-кішкентай бірнеше мүйіз шығарып, тарқатылып
кетпесін десе керек, қызыл балшықпен сыбап тастаған да, сыртынан
қалың қылып май жаққан.
Сəндеп өрілген өз шаштары мен жалған шаштардың бəрін
темірден, сүйектен жасалған түйреуіштермен жəне таяқшалармен
түйреген. Кейбір сəнқойлар мұндай безенуге көңілі көншімей, шашын
түрлі түсті моншақтармен бунақтап, қақ ортасына оюлаған сүйек
сапты пышақ шаншып қойған. Əйелдері шаштарын безегенде,
ширатып өріп, толып жатқан тұлым, кекіл шығарады. Олардың
арасында шаштары арқасына түсіп немесе маңдайын жауып кетпеу
үшін артқа қарай қайырып тарай салған бірсыпыра сүйкімді жас
əйелдер де бар. Жергілікті халықтың еркек-əйелдері шаштарын
тегісінен қою балшықпен, сандал ағашының шайырымен жалтыратып
сылап тастайды, алыстан қарағанда жергілікті сəнқойлардың басын
қабыршақпен қаптаулы екен дейсің.
Бірақ бұл кербездердің сəнденуі тек шаштарын əшекейлеумен ғана
тынады екен деп ойламаңдар. Адамда құлақ деген мүше бар ғой, оған
ағаштан жасалған таяқша,— əдемі оюлы бақыр сырға, маис сабағынан
өрілген шұбыртпа салуға немесе шақша орнына қолданатын қабақтың
кішігірім қауашақтарын іліп қоюға жарамаса, құлақтың қажеттігі
қанша? Соншама көп жүктің салмағымен құлақтың сырғалығы
созылып иыққа жетеді, мұны сəнқойлар елең қылмайды.
Африканың жабайы адамдары қалта дегенді білмейді, сондықтан
пышақ, темекі тартатын трубка, шақша сияқты мəдениетті елдердің
қалтаға салып жүретін ұсақ-түйек заттардың бəрін олар құлақтарына
іліп жүреді.
Мойын, білек, балтыр, жіліншік сияқты адамның дене бөлшектері
жабайылардың пікірінше, бақырдан немесе қоладан жасалған
білезіктер мен сақина, əртүрлі моншақтардан құрастырылған алқа салу
үшін табиғаттың өзі əдейі жаратқан. Адамның терісін де нақ солай
сəндеу керек, ол да жаратылыстың əмірі көрінеді. Олар терісіне
инемен шабақтап ағаштың, құстың, айдың суреттерін немесе иректеп
мəнер-қал салады. Бұл мəнерлер ертедегі египет халқының суреттеріне
ұқсастығы бар депті Ливингстон. Терісіндегі мəнерлерге қарап
адамдардың қай рудан екенін білуге болады. Егер сіз өз еліңіздің
таңбасын салатын күймелі арбаңыз болмаса, төсіңізге салуыңыз керек.
Еркектерінің киімі қарадүрсін, белінен тізесіне түсетін бөкен
терісінен тігілген алжапқыш немесе шөптен тоқыған белдемше.
Əйелдері де бірыңғай киінеді: түрлі түсті жібекпен кестелеп маржан
қадаған көк белдемше киеді, белін моншақ қосып өрген белбеумен
буады. Кейбір əйелдер белдемше орнына шөптен тоқыған алжапқыш
байлап алған, мұны тоқыма ламба деп атайды, оны көк, сары немесе
қараға бояйды...
Бірақ əдемі киімді олардың байлары ғана киеді. Ал жүк
көтерушілер мен еріксіздер жалаңаштың аз-ақ алдында.
Ол елде күллі ауыртпалық əйелдерге түседі. Жəрмеңкеге келген
əйелдер талдан тоқылған үлкен кəрзеңке арқалап базар алаңына келіп
товарын түсіреді де, босаған кəрзеңкелерін қасына қойып ішіне өздері
кіріп отырады.
Құнарлы жерден алынған ең жақсы деген азық-түліктердің бəрі
багарға салынған. Онда күріш те сатылады. ол жақта күріштен аса мол
өнім алады. Майыс өсімдігін жеті-сегіз айда үш орады, жерге бір дəн
сепсе, екі жүз дəн өнім алады, бұл базада маис та, əйгілі кайен
бұрышынан да ащы бұрыштар бар, маниок пен пальма майы да сонда.
Mал базарының кең алаңына жүздеген ешкі, шошқа, жүнсіз тұқымды
қой айдап əкелген, мұнда сойылғаны, тірісі аралас толып жатқан
құстар мен балық келтірілген. Балшықтан күйдіріп жасалған əртүрлі
заттардың жалтыраған бояуын көз шағылады. Базар алаңында əртүрлі
ішімдіктердің аттарын айқайлап айтып шырылдап жүрген балалар да
бар. Олар банан шарабын, помбе тұндырмасы деп аталатын күшті
шарап пен малафу—банан мен балды судан жасаған сыра тəрізді
ішімдіктер сатады.
Бірақ Казонде базарындағы ең басты товар піл сүйегі мен мата еді;
матаның түрлері, Массачузеттегі Салемскин фабрикасында тоқылатын
боялмаған меткаль, мақтадай тоқылған мерикен жəне каник деген көк
мата, солғын-көк, кереге көз сохар, қызыл жиекті мата, Сурат жібегі
диули - бұлар жасыл, қызыл, сары түсті болады, кейде алтын зер мен
кестелеген жібектер де кездеседі.
Казонде
базарына
піл
сүйектері
Орталық
Африкадағы
акториялардың бəрінен келтіріліп, сол арадан Хартумға, Занзибарға,
Натальға жөнелтіледі.
Европа базарларын, əсіресе Англияның базарларын қамтамасыз
етуге жыл сайын бес жүз мың килограмм піл сүйегі керек, оны табу
үшін қанша піл өлтірілетінін көз алдыңа елестетуге дəтің шыдамайды.
Тек бір ғана Англияның өндіріс орындарын қанағаттандыру үшін
жыл сайын қырық мың піл
94
өлтіруді керек қылады.
Орта есеппен алғанда пілдің бір жұп азу тісі жиырма сегіз қадақ,
алайда жүз алпыс қадақ, тіптен одан да басым келетін кейбір ірілері де
болады.
Сатушылар мен алушылар саудаласып өзара келісімге келгенде,
қалай есеп айырысады? Олар ақшаның қай түрін пайдаланады? Ал құл
саудагерлерінің бірден-бір бағалы заты құл екені мəлім. Жергілікті
халықтар Венеция фабрикасында істеліп шығатын шыны моншақты
ақша орнына пайдаланады, олар ақ моншақты — качоколо, қара
моншақты — бұлбұл, қызыл моншақты — сикундереч деп атайды. Он
қатар моншақтан жасалған алқаны фундо дейді. Олардың фундо дегені
баға жеткісіз мол қазына. Ливингстон, Камерон мен Стенли
Африканың алыс түкпірін зерттеуге баpa жатып моншақ ақшадан көп
алып кеткен.
Сондай-ақ шыны моншақтармен қатар Африка базарларында
виуанга — шығыс жағалауларында болатын ұлудың қабыршағы да
ақша орнына жүреді. Бұлар ұсақ ақша ретінде пайдаланылады. Адам
жейтін рулар үшін адамның тісі де бағалы зат. Казонде базарынан адам
тісінен алқа таққан сол жақтың кейбір адамдарын да көруге болады,
бұл адам мойнына таққан тістің иесін өзі жеген деп ұғыну керек.
Соңғы жылдары ақшаның бұл түрі пайдаланудан қала бастады.
Жəрмеңке күндеріндегі базар алаңының түрі осындай. Түс əлетінде
айқай-шу əдеттен тыс күшейіп, жалпы толқушылық басталады.
Товарларын өткізе алмай сатушылар безектесе, қымбат сұрайсың деп
алушылар да бажылдайды. Даурыққан тобырдың əр жерінен төбелес
шығады, бірақ бұларды ешкім арашалап айырмайды.
Түстен кейін Альвец өзінің базарға салатын еріксіздерін алаңға
шығаруға бұйырды. Топырлап жүрген базар халқына бірден екі мыңға
жуық адам қосылды. Бұл тірі товарлардың көпшілігі бірнеше ай
барактарда қамаулы жатқан сорлылар еді. Көп уақыт тыныш жатқан
демалыс пен қанағаттана ішіп-жеген ас бұл топтағы «товарлардың»
ажарын кіргізіп, өздерінің базардағы бағасын жоғары көтертті. Жаңа
келгендердің халі басқаша еді. Бұлар ұзақ сапардан əбден шалдығып
болдырған, реңдері аурудан тұрған сияқты. Егер Альвец жаңа келген
еріксіздер тобын тағы бірер ай бақса, оларды жоғары бағаға
сататынында сөз жоқ. Бірақ құл алушы адамдар соншама көп
болғандықтан, құл саудагері бұларды асырап шығынданбай-ақ сол
күйінде сатып жіберуге ұйғарды.
Бұл жағдай Том мен оның үш жолдасы үшін барып тұрған
бақытсыздық болды. Бұларды хавильдарлар айдап əкеліп базардағы
толып тұрған еріксіздер тобына қосты.
Төртеуі де бұрынғысынша шынжырлаулы болатын, бірақ олардың
қанадан шыға ызалы екендігі көз қарастарынан-ақ белгілі еді.
— Дик қайда екен, ол мұнда жоқ қой! — деді Бат алаңды көзімен
айнала бір шолып шығып.
— Мəселе түсінікті! — деді Актеон.— Оны құлдыққа сата
алмайды.
— Бірақ оны өлтіре алады, сөз жоқ өлтіреді де! — деді Том.— Ал
біздің бəрімізді бір құл саудагері алса екен деп тілейік. Ең болмаса
бірге болар едік!
— Аһ, көкежан-ай, менен сені бөліп əкетеді деп айтудың өзі қандай
қасірет!.. Сен байғұс қартайған шағыңда құл боламысың...— деп Бат
өксіп-өксіп өкіріп қоя берді.
— Жоқ,— деп жауап қатты Том.— Жоқ, олар бізді айырып
сатпайды. Мүмкін, бізге бірер жағдай...
— Бізбен бірге Геркулес болар ма еді! — деді Актеон.
Бірақ алып негр хабар-ошарсыз кетті. Ол Дикке хат жіберген
күннен бастап зым-зия жоқ. Геркулестің өмірі кісі қызығуға тұрарлық
па? Ол бостандықта өлсе де, өз басын қорғай жүріп өледі ғой. Ол
құлдықтың шынжырлы азабын көрген жоқ.
Енді сауда да басталды. Альвецтің агенттері еріксіздің тобына кіріп
аралап жүр, сатылатын адамдардың ішінде еркек те, əйел де, бала да
бар. Ері əйелінен айрыла ма, əкесі баласынан айрыла ма немесе анасы
қызынан айрыла ма оныңмен құл саудагерлерінің ісі жоқ. Бұл адамдар
үшін еріксіздер өздерінің асыранды малы сияқты...
Томды жолдастарымен қоса саудагерден саудагерге көрсетіп базар
қыдыртты. Бұлардың алдына түсіп бастап жүрген агент Альвецтің бұл
төртеуіне қойған бағасын айқайлап жар салып келеді. Орталық
өлкелерден келген құл алушы арабтар немесе будандар жақынырақ
келіп «товарды» бастан-аяқ көріп жатыр. Құл алушылар Замбези мен
Луалаба жағалауынан айдалып келген негрлерден Томның жас
жолдастарының түрі мүлдем басқа екенін байқап таң қалысты, бұлар
күш-қуат жағынан да, дене құрылысынан да басқа құлдардан
анағұрлым шоқтығы биік еді. Сондықтан да бұларға жоғары баға
қойылған-ды. Алыпсатарлар еріксіздердің бұлшық еттерін қысып,
ауыздарын ашып қарап шыр айнала көріп жүр, мұндағылардың
жəрмеңкедегі жылқы алып сататын жалдаптан бірде-бір айырмасы
жоқ. Олар сатылатын адамның жүрдек немесе шабан екендігін байқау
үшін таяқты лақтырып жібереді де, оның артынан саудаға түскен
еріксізді жүгіртіп сынайды. Құл алушылар саудалаған еріксіздерінің
бəрін осылай тексеріп жатыр. Мына қорлықтан сатылушылардың
ешқайсысы құтылмады. Еріксіз сорлылар бұл кемсітуді елемеді, оларға
ешқандай əсер етпеді деп шамалауға болмайды. Мəселе мүлдем
басқаша! Өздерінің адамгершілік қасиетінің қорланғанын сезерлік
сезім оларда да бар, кім де болса мұндай қорлыққа намыстанады,
ұялады, өздерін қалай қорлап жатқанға тек балалар ғана түсінбейді.
Бұл аз болғандай еріксіздерді ұрып-соғып балағаттап жатыр.
Дүмбілез мас Коимбра мен Альвецтің агенттері базарға салынған
құлдарға өздерінің ең жек көретін малындай қарайды. Құл сорлылар
өмірдің барып тұрған ащы қорлығын, өздерін піл сүйегіне, матаға,
моншаққа сатып алған жаңа қожайынынан көруі де мүмкін.
Құл саудагерлері бірінен бірі айрылып бара жатқан жұбайларды,
баласынан айрылып бара жатқан аналарды бірімен бірін
қоштастырмады да. Ол сорлылар бірін-бірі базар алаңында көрді де,
мəңгі айрылысты.
Əдетте құл алып сататын саудагерлер əйелдерді байымен қоса
сатып алмайды. Оның мəнісі былай: Шығыс мұсылмандарында көп
қатын алатын салт бар, əйелдерді соларға апарып сататын саудагерлер
ғана алады. Сондықтан күңдікке сатылатын əйелдер Африканың
солтүстігіне жөнелтіледі. Ал еркектер Испан отарларына, Маскат пен
Мадагаскарға апарып ауыр жұмыстарға пайдаланылады. Соның үшін
еркектер батысқа немесе шығыс жағалаудағы факторияларға
жөнелтіледі. Ерлі-зайыпты жұбайлардың бірінен бірі айрылысардағы
қоштасуы жан түршігерлік аянышты көрініс, өйткені олар мəңгілік
айрылысып бара жатыр, олар өлетінін, бірін бірі енді қайтып
көрмейтінін біледі.
Томдардың тілегі қабыл болды. Олардың төртеуі де бір қолға
сатылды. Бұл базарда осы төртеуіне алушы көбейіп еді. Уджиджилік
бірнеше саудагерлер бұларға таласып керісіп те қалды. Хозе-Антонио
Альвец бұған қуанып алақанын уқалаған. Американдардың бағасы
көтерілді. Бұдан бұрын Казонде базарынан ұшырамаған мұндай
қайратты құлдарға бірсыпыра саудагерлер таласып тіптен төбелесіп
қала жаздады. Альвец бұларды қайдан түсіріп алғанын əрине, айтқан
жоқ, американдық төрт негр жергілікті тілді білмегендіктен ешнəрсе
түсіндіріп айта да алмаған.
Ақырында бұларды бір бай араб саудагері сатып алды. Жаңа
қожайын бұларды бірнеше күннен соң Танганьика көліне жөнелтпек
болған, саудагердің көздеген мақсаты, ол жерден Занзибар
факториясына аттандыру еді.
Бұлар межелеген жерге тірі жете ала ма? Өйткені Томдар Орталық
Африканың бықып жатқан аурулы да ең қатерлі өлкелерін аралап мың
жарым миль жол жүрулері керек.
Мұндай ұзақ жолға кəрі Томның халі жетер ме екен немесе бұл
азапты көтере алмай, Нан сияқтанып жолда өле ме?..
Дегенмен, төрт дос бірінен бірі айрылмады. Осы қуаныштың
арқасында белдерін басқан ауыр шынжыр жеңілейіп кеткендей болды.
Бұлардың жаңа қожайыны — араб өзінің сатып алған еріксіздерін
бөлек баракқа апарып қаматты. Ол Занзибар базарына сатып мол пайда
түсіремін деп үміттенген «товарларын» аман сақтаудың қамын
жасады.
Томды, Батты, Остин мен Актеонды сол сағатында базар алаңынан
алып кетті. Сондықтан да бұлар Казонде жəрмеңкесінің күтпеген
уақиғамен аяқталғанын көрген жоқ жəне білмеді де.
Достарыңызбен бөлісу: |