Жүз жасаған бәйтерек Жүз жасаған - бәйтерек кім? Әңгіме кім жайында? Әрине жүз жасаған - бәйтерек ақын жыршы Жамбыл бабамыз екенін әңгіменің түркінінен- ақ біле беріңіз.Бәйтерек деген теңеу қазақта тамырын тереңге жайған, көп жыл жасаған саялы, қасиетті ағашты айтады. Яғни бүгінгі,, Жүз жасаған - бәйтерегіміз де, көпке сая болған қасиетті ағаш сынды қазақтың бірі де бірегейі, жыр сүлейі-Жамбыл ақынымызға берілген тамаша теңеу деп ойлаймын. Шыңырауда өскен Шынар ағашындай талай қиын да күрделі кезеңдерден өтіп, берік діңі, терең тамырымен ұзақ жылдарға көгеріп, көктеп жапырақ жая білген жыршы ақынымыз қиын кезеңдерде дүниеге келген. Дана данышпан Жамбыл бабамыз суықта тоңып, ыстықта күйіп жүрсе де, қазақ поэзиясын заңғар биік деңгейге дейін көтерген ерекше тұлға. Бабамыздың еңбектерінің бүгін ғана емес ғасырлар бойы ұрпақтарына қалдырған аса құнды бағалы қазыналарының маңызы өте зор. Өйткені, бұл тақырыптың маңыздылығы сол,, Жүз жасаған- бәйтерек" бабамыз қарапайым халықтың өкілі, әлем әдебиетінде қазақ елін жырға кенелткен танымал тұлға болуында. Бұл тақырыптың өзектілігі де сол, баба мұрасын бір жазба немесе бір шығармасымен ғана көпшілікке таныту мүмкін еместігі тайға таңба басқандай бесенеден белгілі. Оның себебі; Біріншіден:Халық арасында Жамбыл баба тек қана жырау емес, ол айтыскер ақын екенін,, Пірім менің-Сүйінбай,
Сөз сөйлеме сыйынбай", деген тіркестерінен білуге болады. Ал Сүйінбайдан бата алып, ақындыққа бет бұрғаннан соң, тіпті ақындықтың биігіне шығып мықты айтыскер болғандығы, ең мықты Доспанбет жырау, Сарбас, Құлманбеттерді жеңіп шыққанының өзі бір төбе. Екіншіден: Жамбыл бабамыз тек айтысып қана қоймай, қоңыр әдемі дауысымен ән де айтатын өнер иесі болғанын біреу білсе, біреу білмес. Үшіншіден:Жамбыл атамыз жан - жақты өнерлі адам болған, өзі 20 шақты күй шығарған екен. Төртіншіден:Ұлы адамдардың киесі, пірі болатыны сияқты Жамбыл атамыздың киесі-қызыл шұбар жолбарысы болған еді деген сөз бар халық арасына. Ал, ол жолбарыс үнемі қиналғанда атамызға демеу бере білген екен. Иә, айта берсек жыршы бабамыздың таңғаларлық оқиғалары мұнымен ғана бітпейді. Ақынның өлеңдерінен қуаты күшті, ақын теңеулерінің өзі ерекше өрнекті, әрбір сөзін інжу - маржан тізгендей қайталанбас зергерлігін байқауға болады. Жамбыл өлеңдерінің маңыздылығы қоғамға әсері мол, ерекше болғанын,, Ленинградтық өрендерім"өлеңінен байқауға болады. Жамбыл жырларының маңыздылығын өзге елдің ақындары да жоғары бағалаған.Орыс ақыны Василий Лебедев - Кумач ,, Жамбыл жырлары арқылы қазақ халқы өзі сөйлейді"Сондықтан да оның творчествосы мәңгі жасайды,,- деп атап көрсетсе, екінші орыс ақыны Николай Тихонов ,,Жамбыл өз халқының ақиқат шындығы ,ар -намысы болды. Ол халық пен поэзия сықылды мәңгі жасайды,,-деп баға берген.Қорытындылай келе, сөз басында айтылған Жүз жасаған-Бәйтерегіміз теңіз түбінде шашылып жатқан маржан жырларымен мәңгі жасай бермек.Ұлы жазушы С.Сейфуллиннің сөзімен айтсам ол маржандарды жинап алып халықтың қолына беру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.Көшпелі сөз зергері Жамбыл бабамыздың жырлары туған жердің тау мен даласын ұзақ жылдар бойы аралап ,тарихта ұрпақтан -ұрпаққа жалғаса берер мәңгілік жырлар екені сөзсіз деп ой түйдім. Ендеше,Жүз жасаған -Бәйтерек Жамбыл баба жырлары мәңгі жасайтынын естен шығармайық ,ағайын!