Сабақтың тақырыбы Жүз жасаған бәйтерек Жалпы мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі45,68 Kb.
#10902
түріСабақ
Әдебиет 10 сынып Күні:20.02.2015ж

тексерілді:________________________

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы

Жүз жасаған бәйтерек

Жалпы мақсаты

Жамбыл өмірі мен шығармашылығы жөнінде білімдерін тереңдету,өлеңдерінің тақырыбын, идеясын меңгерту., шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету

Оқыту нәтижелері

Жамбыл өмірі мен шығармашылығы жөнінде білімдерін тереңдетеді,өлеңдерінің тақырыбын, идеясын меңгереді, шығармашылықпен жұмыс жасай біледі

Кіріктірілген модульдер

«АКТ»,СТО»,Білім берудегі жаңа тәсілдер»,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

Әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы,рольдік ойын,топтық жұмыс,сұрақ-жауап, Диалогтық оқыту

Көрнекіліктер, қажетті ресурстар

Кеспе қағаздар,флипчарт, маркер,мәтіндер,суреттер,слайдтар

Сілтемелер , дереккөздер

Интернет желісі, Оқулық, Мектеп журналы, «Ustaz KZ» сайты

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық дайындық

Оқушылар ортаға шеңбер жасайды.Бір-біріне сәттілік тілейді

Оқушылар шеңберге тұрып,бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу, қажетті құралдарының дайындығын сұрау.

1-топ-«жас жазушылар»

2-топ-«жас ақындар»

3-топ-«жас айтыскерлер»

Топ ережесі:Уақытты тиімді пайдалану,тыныштық сақтау, кезектесіп сөйлеу, топ басшысын сайлау


Оқушылар қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді.Жұмыс істеуге қажетті құралдарын жұмыс үстеліне дайындайды

Топ ережесін сақтайды.





Білу

Үй жұмысын сұрап-бағалау:




Үй жұмысын сұрап-бағалау:

«Сыр сандық» әдісі бойынша түрлі-түсті қағаздарда сұрақтар беріледі



1.Жамбыл Жабаев қайда және қашан өмірге келді?

2.Жамбыл кімнен қашан бата алды? Үзінді айтып беріңіз.

3. Ақын, айтыс ақыны, жырау, жыршы дегенді қалай түсінесіздер?

Жамбыл осылардың қайсысына жатады?

4.Жамбылдың өлеңдерін атаңыз . Ақынның өлеңдері жас ұрпақты неге үндейді?

5. «Кәдірбайдың төбеті» өлеңіндегі байдың қылығын қалай түсінуге болады?

6.Жамбылға мемлекеттік сыйлық қай жылы берілді?

7.Жамбыл айтысқан ақындарын атаңыз?

8.Жамбылдың шоқтығы биік айтысы? Үзінді айтып кетсеңіз

9.М.Әуезов Жамбылды қалай суреттеді?


Оқушылар «Сыр сандық» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.





Түсіну

Интерактивті тақтадан бейнебаян көрсету



Интерактивті тақтадан бейнебаян көрсету.Бейнебаяннан көргендерін топпен үш тілде айтып беру.



Интерактивті тақтадан бейнебаянды көреді.Бейнебаяннан көргендерін үш тілде айтып береді.Әр топ жеке жұмыс жасайды.




Қолдану

Топтық жұмыс



Топтық жұмыс.Әр топқа мәтін беріледі.

1-топқа «Өтеген батыр» дастанын композициялық құрылысына талдау

2-топқа «Кедей күйі» өлеңнің құрылысына талдау

3-топқа «Жамбыл мен Айкүміс» айтысын талдау.


.

Әр топқа мәтін беріледі.Әр топ берілген шығарманы талдайды.

Әрбір шығармаға постер жасап, оны қорғайды.






Талдау

Фишбоун әдісі




Мұғалім плакаттағы «балық қаңқасын» дұрыс жауаптар арқылы толтыруды ұсынады.Әр топқа қима қағаздардағы шығармалардың сәйкестерін табу арқылы қорытынды жасауды ұсынады.



.Оқушылар плакаттағы «балық қаңқасын» дұрыс жауаптар арқылы толтырады және қорытынды жасайды.





Жинақтау

Кері байланыс



Кері байланыс «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында бүгінгі сабақта алған

білім туралы эссе жазу(3-4 балаға оқыту).



Оқушыла «Жыр алыбы -Жамбыл» тақырыбында бүгінгі сабақта алған білім туралы өз ойларын түйіндеп, шағын эссе жазады


Бағалау

Мұғалім сабақ кезеңдері бойынша топ басшыларына критериалды бағалауды ұсынады.


Топ басшысы критериалды бағалау парағына қорытынды бағасын қойып, таныстырып өтеді




Үй тапсырмасын беру. «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында реферат жазып келу


«Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында реферат жазып келу

ОҚО. Түркістан қаласы. Бабайқорған ауылы.



«Бабай- Қорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі:

Пердебаева Ұлбосын 3-деңгей бағдарламасымен сертификатталған.
Каталог: materialy -> kazak%20adebieti
kazak%20adebieti -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kazak%20adebieti -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Жамбыл өмірі мен шығармашылығы. Сабақтың мақсаты
kazak%20adebieti -> Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
kazak%20adebieti -> Сабақ мақсаты: Кіріспе сөз
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Далада» өлеңі 1 2 3
kazak%20adebieti -> Сабақтың мақсаты: білімділік
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет