1 топ « Тапқырлар » Біздің тобымыздың аты: « Тапқырлар »
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімді қару етіп, серік етіп,
Болашақтың есігін біз ашамыз!»
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
2 топ « Алғырлар» Тобымыздың аты: «Алғырлар»
Біздің тобымыздың ұраны : « Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.»
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
ІІ-тур. Сергіту сайысы. Әр команда дұрыс жауап берсе 1 ұпаймен бағаланады.
Алғырлар тобы Отбасында 4 қыз және әр қыздың бір–бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? -5 бала
Екі оқушы тоғызқұмалақ 4 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?- 4 сағат
Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 8 шақырым жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? - 8сағат
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? –түйеқұс ұшпайды
Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден отырса, бір бұтақ жетпейді. Ал, екі-екіден отырса, бір бұтақ артылып қалады. Неше бұтақ, неше торғай бар?
Тапқырлар тобы Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ?
Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
Қайында 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма?