Бұл сайыста тапсырманы дұрыс және жылдам орындаған команда 3 ұпаймен бағаланады.
2) Қатарды аяқта.
Тапсырма. Сандар тізбегінің орындалу заңдылығын анықтап, қатардың келесі үш санын анықтаңдар.
2, 4, 8, 16, 32, ... (64, 128, 256)
3, 6, 4, 7, 5, ... (8, 6, 9)
Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
(Әр команда осы тапсырманы орындағанша, жанкүйерлермен ойын өткізейік)
Көрермендерге жұмбақ есеп
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары? (6)
3) Практикалық есеп.
Тапсырма. Қағаздан көз мөлшерімен 10 см кесіп алу керек. Кім дәлдеу, жақындау кессе, сол команда ең жоғарғы 3 ұпаймен бағаланады.
4) Криптограмма.
Мұнда әр топқа бір–бірден криптограмма беріледі. Қай топ өздеріне берілген криптограммаларынан ең көп сөз тауып жазады, сол топқа ең жоғарғы 5 ұпай беріледі.
Н
|
Ш
|
Е
|
Е
|
Ң
|
Д
|
Ү
|
К
|
Ң
|
Т
|
Ө
|
Е
|
Р
|
Т
|
Б
|
Е
|
Р
|
У
|
А
|
Е
|
Ұ
|
Ш
|
Т
|
Б
|
Д
|
И
|
Р
|
Ы
|
М
|
Е
|
С
|
У
|
А
|
Л
|
О
|
С
|
А
|
Н
|
Т
|
У
|
Д
|
А
|
Жауабы:
нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең, бұрыш, алым, алу, мода, сан, теңдеу, бес.
(Әр команда осы тапсырманы орындағанша, жанкүйерлермен ойын)
ІV-тур. Капитандар сайысы.Әр команданың капитандары ортаға шақырылады. Капитандар сайысы 2 конкурстан тұрады.
1) «Кім жылдам?»
Бұл сайыстың шарты әр топ 1 минутта барынша сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс берілген жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ұпайы аз командадан бастаймыз.
1-топқа арналған сұрақтар:
1-ге көбейтілген сан ... (сол санның өзі)
Төрт қабырғасы және төрт бұрышы тең фигура. (квадрат)
Квадраттың периметрінің формуласы. (Р=4а)
Арақашықтықтың төрт өлшем бірлігі. (км, м, см, дм)
100-ің ½-і. (50)
Киелі сан. (7)
ЕҮОБ сөзін толық айт.
7-ні 6-ға көбейт. (42)
Кесіндіні өлшейтін құрал. (сызғыш)
6 нөлі бар ондық сан. (1000000)
2
-топқа арналған сұрақтар:
Қосудың нәтижесі. (қосынды)
Нөлге көбейтілген сан ... (0)
Квадраттың ауданының формуласы. (S=а2)
9 нөлі бар ондық сан. (млрд)
Ең кіші натурал сан. (1)
ЕКОЕ сөзін толық айт.
7-ні 8-ге көбейт.
Массаның төрт өлшем бірлігі. (кг, г, т, ц)
Жай да, құрама да сан емес. (1)
Түзулер екі нүктемен шектелген бөлігін не деп атайды? (кесінді).
2) «Арифметикалық жұмбақтар»
1. Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (8)
3. Түйе, бота маң басқан.
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)
Жанкүйерлермен ойын.
2. Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан,
Айтшы санын балақан. ( 8 )
12 бұтағы бар алып емен
52 шыбық тарап өсіп өнген
Шыбық сайын жетіден жапырағы
Бар ма сондай ағашты көзің көрген?
( Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 тәулік)
3. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан?
Жан – жағыңа қарамай. ( натурал сан )
Көлден ұшты 40 қаз, 11 түйе, бес жылқы
Қайтып қонды 15 қаз. 2 сиыр, бір ешкі
Қонбады оның нешеуі, 2 қоян, үш түлкі,
Кәне, кім тез шешеді? 40 – 15 = 25 Неше болды барлығы? (24)
Қорытындылау. Әділқазылар алқасы және санақ (ұпай) комиссиясы қай команданың жеңгенін анықтайды. Жеңімпаз топ мүшелері марапатталады.
Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Клгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет.