Сурет-36. Мониторинг түрлерi
Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған,
сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз
ететiн керi байланыс.
Мониторингтің негізгі қызметi:
мақсатты анықтау; ұйымдастыру;
ақпаратты өңдеу; шешiм қабылдау; болжам жасау( 37-сурет).
Мониторингтік зерттеулерге жататындар: білім беру ұйымдарының
қызметін жүйелі бақылау; нәтижелерін өңдеп, талдау; ақпараттарды сақтау,
жинақтау, тарату; білім беру жүйесін дамыту үшін болжамдар жасау, басқару
тетіктерін жетілдіру және т.б.
Қазіргі ХХІ ғасырда білім беру процесін ақпаратпен қамтамасыз ету
құралы білім сапасын мониторингілеу және диагностикалау болып отыр.
Педагогикалық мониторинг дегенiмiз – бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы
ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап
отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Мониторингтiң негiзгi мiндетi – мақсат пен нәтиже арасындағы
айырманы азайту.
1
•
Достарыңызбен бөлісу: |