К. Д. Бузаубакова


Әлеуметтік-психолоғиялық ахуал



Pdf көрінісі
бет395/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Әлеуметтік-психолоғиялық ахуал
 
ұжым мүшелерінің бірлескен іс-
әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-
психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді

Әлеуметтік-психологиялық 
ахуалды осылай түсіне отырып, оның төмендегідей негізгі қызметтерін атауға 
болады.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың басты 
көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда 
көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, 
құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық 
әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына баса мән беріледі. 
Ондай сипаттамаларға жататындар: 
-
ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен 
нәтижесіне қанағаттануы; 
-
ресми жөне бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;
-
ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй; 
-
ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға 
қатысуының жоғары деңгейі; 


277 
-
ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы; 
-
саналы тәртіп; 
-
еңбектің өнімділігі; 
-
кадрлардың тұрақтылығы. 
Қолайлы 
әлеуметтік-психологиялық 
ахуалдың 
бұл 
белгілерін 
педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады. 
Әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан жағдайда ол ұжым 
мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл
ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім 
бірлескен қуаныш табады. Ал, немқұрайылық, селқостық немесе қысым
үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түседі, бұл жағдай оның 
қосымша қызмет іздеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға 
ауысуына апарып соғады. 
XX ғасырдың 60 жылдары соныңда әлеуметтік және педагогикалық 
психология ғылымдардың тоғысында «педагогикалық қарым-қатынас» ұғымы 
пайда болды. 
XX ғасырдың 70 жылдары Т.Н.Мальковский қарым-қатынастың
коммуникативті аспектісін, А.В.Мудрик мектептің өзара әрекеттесуімен 
тәрбиелеуші әсерлерін, В.В.Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын 
ерекшеліктерін зерттеді.
XX ғасырдың 80 жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық 
қарым-қатынасты педагогика ғылымының жаңа саласы деп көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет