Мақсаттыайқындау –
бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің соңғы
нәтижесін болжап, ой-санада нақтылау.
Мекеменің миссиясы – бұл әлі қол жетпеген, мекеме жетуге ұмтылатын
күйі. Мектеп миссиясы мектептің 5-10 жылға даму бағытын көрсетеді.
Миссияға жету үшін жоғары оқу орнының мақсаты, міндеті анықталынады.
Мектептің әкімшілік жүйесі –
оқу
процесін
басқару;
тәрбие жұмыстарына жетекшілік; әдістемелік жұмыстарға жетекшілік.
Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас
тәсілі, нәтижесі адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің
ерекше формасы.
Менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп
уәждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі.
Менеджмент – бұл басқару ғана емес, кез келген маманға қажет
білімдердің жиынтығы.
Менеджмент – білім беру процесін басқарудың принциптері, әдістері,
ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық тәсілдер кешені.
Менеджмент – өз еңбегін пайдаланып, интеллектісін және басқа да
адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатына жете білуі.
Басқаша айтқанда бұл ғылым саласы және адамдар мен әлеуметтік процестерді
басқару өнері.