12
Ы.Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) мен А.Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) әрі қарай
дамытты.
Қазіргі заманғы менеджменттің
қалыптасу тарихы мен дамуын
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қарауға болады. Алғашқы қазақ
инженер-менеджері, өндірісті ұйымдастырушысы Қ.И.Сәтпаев (1889-1964 ж.ж.)
болды. Ол бірінші кеншілердің еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген
мотивация мәселелерін, жұмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен
және Балқаш пен Жезқазғанның тау-кен байыту комбинаттарындағы еңбек
процестерімен байланысты мәселелерді шешті. Оның басқару стиліне тән ең
маңызды ерекшелік – зерттелінетін нақтылы материалдарды терең ғылыми
жүйелеу мен жалпылау. Бұл жерде нағыз білгірдің
әдеттен тыс басқару ойы
көрінеді.
Еліміздің жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан, яғни
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады.
Мемлекетте дүниежүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент
саласы бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде
білім мен ғылым саласындағы кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің
экономикалық стратегиясының құрамды элементтері болып табылады.
Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық
профессор К.Ғ.Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993 ж.) кітабы болды.
Ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып
табылады.
К.Б.Бердалиевтің
«Менеджмент
негіздері»
(1994ж.),
«Қазақстан
экономикасын басқару негіздері» (2001ж.) еңбектерінде қазақстандық
кәсіпорындарды басқару ерекшеліктері мазмұндады.
Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет ғалым
Р.С.Каренов зерттеді. Ол «Өндірістік менеджмент» (1996ж.), «Инновациялық
менеджмент» (1997ж.) атты еңбектерінде
нарықтық экономикасы
жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты
және біздің еліміздің кәсіпорындарында шетел тәжірибесін тиімді пайдалану
жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды.
Қазақстандық кәсіпорындар жағдайында өндірістік менеджменттің
теориялық
аспектілері
Ә.Ә.Әбдірешевтің
«Кәсіпорынның
өндірістік
менеджменті» (2001ж.) еңбегінде қарастырылады. Ол стратегия, жоспарлау,
еңбекті басқару, дамытудың әдістемелік аспектілерін ашып көрсетті.
Бірақ, менеджмент ғылыми қызмет саласы ретінде соңғы екі ғасыр
шегінде қарастырылады. М.А.Гончаров менеджмент эволюциясын ғылым және
басқаруға келесі көзқарастардың ауысу динамикасында кәсіби басқару
қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырады:
-
ғылыми басқару көзқарасы (1885-1920 ж.ж.);
-
әкімшілік көзқарас (1920-1950 ж.ж.);
-
адами қатынастардың ұстанымы жағынан көзқарас (1930-1950 ж.ж.);
-
тәлімдік көзқарас (1940-жылдардан бастап, ал 1950-жылдардан бастап
аса белсенді);
13
-
сапалық әдістер ұстанымы жағынан көзқарас (ХХ ғасырдың 50-
жылдары);
-
процестік көзқарас (ХХ ғасырдың 20-50-жылдары);
-
жүйелік көзқарас ( ХХ ғасырдың 60-жылдары);
-
жағдайлық көзқарас ( ХХ ғасырдың 70-жылдары).
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі әлеуметтік-экономикалық сала
тұрақсыздығының
жоғары деңгейімен сипатталады, түрлі жағдайларда
адекватты шешімдер қабылдай алатын, қойылған мақсатқа жетудің креативті
жолдарын таба алатын сауатты менеджер-маман дайындауды талап етеді.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда білім беру менеджментін
жетілдіру белсенді инновациялық процестермен, демократизация және
гуманизациямен, вариативті оқу жоспарларын енгізумен,
білім берудің жаңа
мазмұнымен байланысты менеджерлік қызметтің әлеуметтік-мәдени ортасы
кеңейіп, оның бағыты өзгерді.
Замануи менеджмент – басқару практикасының теориялық базасын
құрайтын болғандықтан басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп,
басқарудың практикалық қызметін ғылыми түсініктемелермен қамтамасыз
ететін ғылым саласы.
Менеджмент
қызметін
ұсынатын
компаниялардың
тапсырыс
берушілерінің тең жартысын, белгілі американ ғалымы П.Друкердің зерттеуі
бойынша бизнес өкілдері емес, керісінше,
білім беру, мәдениет ұйымдары
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: