Бөж тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану Орындаған: Алжігіт Балжан Тобы: 1301-10 Тексерген: Сағындыкова Балагүл Жоспары: Экономикалық әлеуметтану теориясы



Дата20.12.2021
өлшемі24,56 Kb.
#103972
Байланысты:
14апта. Әлеуметтану


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

БӨЖ

Тақырыбы:Экономикалық әлеуметтану

Орындаған:Алжігіт Балжан

Тобы:1301-10

Тексерген:Сағындыкова Балагүл

Жоспары:

1.Экономикалық әлеуметтану теориясы.

2.Экономикалық әлеуметтанудың қызметтері,қағидалары.

Қолданылған әдебиеттер

Экономикалық әлеуметтану.

Экономикалық әлеуметтану дербес ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды; Өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адами факторлар да әсер етеді. Экономикалық әлеуметтану экономиканы онда әрекет етуші топтардың белсенділігімен, олардың мүдделерімен, мінез-құлқымен және өзара әрекеттесуімен дамитын әлеуметтік процесс ретінде қарастырып, сипаттайды. Экономикалық социологияның іргелі ұғымдарына ең алдымен экономикалық жүрістұрыс, экономикалық әрекет, экономикалық сана мен ой, экономикалық мәдениет, шаруашылықты ұйымдастыру, экономикалық институт және басқалар жатқызылады. Экономикалық және социологиялық ғылымдардың бір-бірін толықтыруы нарықтық құбылыстарды зерттеудің өзектілігінің жоғарылау деңгейіне қарай нарықтық терминология экономикалық социологияға жақындай түседі. Олар нарықтық экономика, жақсы тұрмыс экономикасы, формальді және формальді емес экономика, жеке меншік, жекешелендіру, индивидтер мен шаруашылықтардың нарықтық жүріс-тұрысы, жұмыспен қамту және жұмыссыздық, еңбек нарығының икемділігі және т. с. С

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының, қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін теория. Бұл теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестермен тығыз байланысының негізінде пайда болған. Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды, осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда, беделде болады.

Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды. Ал, экономикалық жүйеде – өндіріс - бөлу – айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс» . Нарық дегеніміз – тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны. Т. И. Заславская және Р. В. Рывкина экономикалық социологияға “қоғамдық өмірдің екі - экономикалық және әлеуметтік салаларының өзара байланысын тиісінше екі жақты экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланыстары негізінде зерттейтін ғылым” деген анықтама береді.

А. И. Кравченко экономикалық социология - ол қоғам өмірінің түрлі салаларының (өндірісте, айырбаста, бөліп беру мен тұтынуда) үлкен әлеуметтік топтардың өнімдері ретінде адамдардың жүріс-тұрысы жайлы ғылыми білім жүйесі деп санайды. Ол экономикалық әрекеттің көрінуінің формаларын және адамдардың экономикалық мүдделерін білдіруді, сонымен қоса адамдарға экономикалық институттардың (жеке меншік, еңбек бөлінісі, тауарлар мен еңбек нарығы, қаржы институты т. б. ) ұзақ және қысқа мерзімді әсер етудің механизмдері мен құрылымдарын зерттейді.

Экономикалық социологияның негізгі міндеті - экономикалық құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін индивидтер мен әлеуметтік топтардың мүдделері, мүмкіндіктері тұрғысынан социологиялық түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін зерттеу болып табылады. Экономикалық социология бізге экономикалық дамудың әлеуметтік механизмдерін біртұтас жүйе ретінде тереңірек түсінуге жол ашады; нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен қызмет етуі жағдайында адамдардың экономикалық іс-әрекеті; шаруашылық және қаржы институттарының қалыптасуына саяси және әлеуметтік әрекеттердің, қоғамдық пікірдің, діл (менталитет) пен мәдени дәстүрлердің әсерін ашу.Экономикалық әлеуметтанудың тарихын үш кезеңге бөліп қарауға болады: ғылымға дейінгі(б. з. д. 3 мыңжылдықб. З. XVIII) классикалық(XIXғXXғ) қазіргі (XXғ соңы – XXIғ).

Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді. Олар: 1. Әрбір таптың оның ішіндегі топтың, мұңмұқтажы, мүдде, талап-тілегі тұрғысынан зерттейді. 2. Әлеуметтік топтардың, оның жіктерінің меншік формасына қатынасын, әл-ауқатының дәрежесін, өмір сүру жағдайларын нақтылы еске алып отырады. 3. Әлеуметтік факторлардың тигізетін әсерін және экономикалық қатынастардың әлеуметтік қатынастарға, процестерге тигізетін әсерін ескереді. 4. Әлеуметтік-экономикалық міндеттері шешуде әлеуметтік, яғни, адам факторына басты назар аударады. 5. Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ықпалы басым түсінетінін әр уақытта ескеруді қажет етеді 6. Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тығыз байланыста қарап, шешілетін практикалық мәселелерді де бірыңғай байланыста қарауға бағыттап отырады 7. Экономикалық және әлеуметтік саяси тығыз байланыста болатынын есте ұстау.

Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары: 1. Жалпығылыми категориялар – құрылым, жүйе, қызмет, тұрақтылық, өзгергіштік, даму және т.б. 2) Жалпы әлеуметтік категориялар, өзге әлеуметтік ғылымдардан алынған. Экономикалық теориядан – нарық, өндіріс, тұтыну, бөлу, меншік, бәсеке, айырбас және т.б. 3) Арнайы категориялар – экономикалық әрекет, шаруашылық мотивация, экономикалық стратификация, экономикалық мүдделер, стереотиптер, келісім-шарттық қатынастар және т.б.

Қорытындылайтын болсақ отандық экономикалық социологияның табысты дамуы Батыс социологиясындағы құрастырылған бай ұғымдар мен операциялық зерттеу схемаларын игеріп, қайта қорытуға байланысты. Экономика ғылымы әр бір қоғам әлеуметтік жағдайын реттеушісі болып табылады. Экономикалық әлеуметтанудың ең басты талабы қоғамның өз құндылықтарын зерттей отырып жан жақты процестерді қарастыру.

Қолданылған әдебиеттер:

www. google. kz 2. kazref. narod. Ru

Косов Г.В. Основы социологии и политологии : учебник для мед. училищ и колледжей / Г. В. Косов, Э. М. Аванесьянц. - М. : ГЭОТАР-Медиа, Кравченко А. И. Социология : Учебник для вузов / Кравченко, Альберт Иванович. - СПб. : Питер, с. 3. Кравченко А.И. Социология : учебник для вузов / А. И. Кравченко, В. Ф. Анурин. - СПб. : Питер, Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дөкенов. - 2-ші бас., толықт. - Алматы : Қарасайт, 2009

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет