15
Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы – басқару субъектісі басқару
объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасауы.
Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты
нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық
шарушылығының әлеуметтік
жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің
лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық
экономикаға оңтайлы енуді қамтамасыз ету болып табылады.
Өндірісті басқарудың өзі дербес ғылым болып табылады. Оны жеке
ғылымға бөлу факторлары:
1)
басқарудың әлеуметтік маңызы;
2)
эмпирикалық білімді жинақтау;
3)
ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады: ғылымның
пәні, әдісі, теориясы.
«Басқарудың ғылыми негіздері» және «басқару теориясы» (ғылым) деген
ұғымдарының ара жігін ажырата білуі керек.
Басқару теориясы басқару практикасында объективті заңдарды саналы
пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен
біртұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың
барлық бөліктерін
тұтас етіп (белгілі жүйеге) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс.
Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың
біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен
қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық
теориясы деп аталады. Екіші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты
тәжірибе негізінен алынған тәжірибелік қорытындылар
арқылы басшылардың
белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген
жиынтығын қалыптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.
Басқару ғылымның пәні экономиканы басқару процесінде пайда болатын
қызметкерлердің қатынасы болып табылады. Басқару қатынасын басқару
ғылымының пәні деп анықтауға болады.
Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік-экономиклық категория
болып табылады. Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше
орын алу себебі: оның зерттейтін пәні
басқару қатынастары болуына
байланысты.
Басқару қатынастары төмендегідей ұйымдастырушылық түрлерге
бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: