84
-
білім берудің жалпыға бірдейлігі;
-
білім берудің зиялылығы;
-
білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
-
білім берудің демократиялық сипатта болуы.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады.
Оның атқаратын функциялары мен жұмыс
мазмұны жалпы білім беру
мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы
факторлармен,
қызмет
көрсету
жағдайларымен,
құрылымдық
және
функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Жүйе құраушы
факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету
жағдайлары – әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын
жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым)
және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен,
педагогикалық іс-әрекет
мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық
компоненттер – педагогикалық талдаумен,
мақсат қою және жоспарлаумен,
ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады.
Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру
оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен
олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар
ұжымдарын қалыптастыру
жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы
мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға
мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе
мақсаттылығын сақтай
отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді.
Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе
құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін-
өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған
мұғалімдер мен оқушылардың біріккен іс-әрекет мақсаты болып табылады.
Мектептің мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, құлықтық,
эстетикалық,
еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық
мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе құраушы ретіндегі нәтижелер – жекелеген оқушылардың да,
тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да тәрбиелік деңгейін анықтауды
қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты және
нақты өлшемдер жиынтығымен
анықталады. Мұндай өлшемдердің болуы қойылған мақсатты оның жүзеге
асырылу күйімен салыстыра отырып, мұғалімнің, педагогикалық іс-әрекетке
қатысушыларың іс-әрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйенің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын жалпы
және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге болады. Жалпы жағдайларға:
әлеуметтік,
экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық жағдайлар; ал
арнайы жағдайларға: оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы,
мектептің тұрған жері, материалдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған
жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады.
Педагогикалық
процестің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер – педагогикалық және
85
оқушылар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуал, ата-аналар мен
оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.
Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым
және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің
іс-әрекеті негізінде
анықталады.
Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда
басқарудың екі деңгейін анықтауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: