120
рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың білім алу-
жетістіктерін бағалауды қамтиды.
Педагогикалық мониторингісін білім беру ортасының жағдайы туралы
деректерді дәлелдеу процесі ретінде қарастыра отырып, А.С.Белкин
мониторингтік
зерттеулер
барысында
жүзеге
асырылатын
негізгі
функцияларды анықтады:
1) тұспалдаушы;
2) конструктивтік;
3) ұйымдастырушы-әрекеттік;
4) түзету;
5) бағалау-болжамдық.
Мониторинг білім беру мекемелер жүйесінде, бірінші кезекте, ақпаратты
жинақтау, өңдеу, сақтау мен талдауды реттеу және стандарттау арқылы
ақпараттық ағыстарды ұйымдастыруға ерекше көзқарастарды көздейді.
Осының салдарынан мониторинг межелерінің тізімі білім берудің
қадағаланатын сапасына қатысты валидтік талаптарына жауап беруге тиіс;
ақпаратты ұсыну түрі уақыттың белгілі кезеңі бойында жеткілікте түрде нақты
және тұрақты болуға тиіс. Бірақ бұл мониторингтік зерттеулерді өткізуде
қаталдықты білдірмейді, өйткені бірқатар жағдайда таңдалған межелердің және
оларға барабар ақпаратты сараптау-синтетикалық әдістерді түзету қажетті болу
мүмкін.
Сонымен, мониторинг барысында алынған ақпарат келесі сапалық
сипаттамаларға ие, тиісті педагогикалық шарттар сақталыну керек:
1)
шынайлылық
– алынған нәтижелер істердің нақты жағдайын
көрсетуге, ал тұлғалық фактор төмендетілуі тиіс;
2)
дәлділік
– өлшемдердің дәлелсіздіктері жарамды нақтылықпен дәл
көрсеткіштердің мәндеріне кепілдік беретіндей болуға тиіс;
3)
толықтылық
– ақпарат дереккөздері нәтижелерді алудың ықтимал
өрісін жабуға тиіс немесе түзетіп қайта тұсауын кесу керек;
4)
жеткіліктілік
– ақпарат көлемі басшының қажеттіліктеріне сәйкес
келуге және қандай да болсын шешімді қабылдау үшін жеткілікті болуға тиіс;
5)
Достарыңызбен бөлісу: