122
алатынын терең түсіну үшін түрлі дерек көздерінен
ақпаратты жинақтау және
талдау процесі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда төмендегідей бақылау
түрлері қолданылады:
1)
күнделікті
(сабақ сайын) – нақты сабақтың
оқу материалын меңгеру
нәтижелерін қадағалау;
2)
тақырыптық
– оқу бағдарламасының түйінді тақырыптары бойынша
білім мен біліктерді білім алушылардың меңгеру нәтижелерін қадағалау;
3)
жалпылай
– тоқсан соңында немесе
жартыжылдық жеке оқу курсы
бойынша білім алушылардың пәндік білімді және іс-әрекет тәсілдерін (біліктер
мен құзырлықтарды) меңгеру нәтижелерін қадағалау.
Жалпы орта білім беретін мектептерге соңғы кезеңде критериалды
бағалауды енгізу төмендегілерге мүмкіндік берді:
-
оқушылардың оқу жетістігін бағалауда
бірыңғай стандартталған
тұрғыдан қолдануға, ол бағалаудың анықтығын және айқындығын қамтамасыз
етуге;
- оқушының дамуын жылдар динамикасында бағалау үшін салыстыратын
деректердің болуына.
Бақылау
– бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың
танымдық іс-әрекетін меңгертудің функциясы.
Бақылаусыз жеке адамның
дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық-
педагогикалық мәні оқушыға дер кезінде көмек беру, олардың шығармашылық
күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп
орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.
Оқу-тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде
бақылаудың мазмұны,
оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке ынталандыру және олардың
белсенділігін дамытуы тиіс. Бақылау процесінде
мұғалім оқушылардың жаңа
білімді игеру сапасы бойынша мағлұмат алады.
Бақылау
– мекеме жұмысының соңғы нәтижесіне сандық әрі сапалық
баға беру.
Бақылау төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
- білім беру мекемесінің әртүрлі жүйесінің жай-күйін
бағалаудың норма,
стандарт, критерийлерін белгілеу;
- бақылау объектісінің белгіленген нормасының сәйкестік дәрежесі
бойынша ақпарат жинау;
- қол жеткен нәтижені белгілеп, стандартпен салыстыру;
- фактілерді талдау, сәйкессіздікті болдырмау жолдарын іздестіру;
- қол жеткен нәтижемен төменгі
отырғандарды хабардар ету, ақпаратты
жеткізу және тарату;
- нәтиже бойынша ақпаратқа баға беру;
- алдында қабылданған жоспар мен шешімге түзетулер енгізу,
коррекциялау.
Жиналатын ақпараттардың мазмұны мен көлеміне қарай бақылау түрлері:
кешенді (жүйелі); тақырыптық.