Алматы қаласы, «Жаңа Ғасыр»
№175 гимназияның қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Камзина Марпуга Слямкановнаның
7-сыныпқа жазған «Шешендік
өнер» қолданбалы курсының
бағдарламасына
ПІКІР
Ұсынылып отырған тақырыптар мен тапсырмалар қазіргі заманғы білім беру жүйесіне қойылатын талаптар тұрғысынан ізгілендіру, ақпараттандыру, нәтижелендіру ағымдарына сәйкес жазылған. Бағдарламада жүргізілетін жұмыс түрлері толық қамтылған. Құрастырылған әдістемелік жинақ оқу -тәрбие үрдісінде қазіргі кезде оқыту ісінің жемісті болуына қажетті жағдай тудырады. Оқушылардың ой-өрісін, тіл орамдығын кеңейтуге жол сілтеген. Мұғалім өз бетінше күнтізбелік жоспар жасап, оқушылардың жас ерекшелігіне қарап құрастырған.
Ізденіс барысында оқырманға түсінікті болу үшін «Шешендік өнер» курсы тақырыбы мен мазмұнын, шығармашылықпен жұмыс істеу түрін нақты ашып түсіндіреді. Қазақстанның болашағын құратын – бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан олар мектеп қабырғасынан өз ана тілдерінде шешен сөйлеп, сөздің парқын білсе, көпшілік алдында ойын әдемі жеткізе білсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама-ның жаңалығы – оқушылардың шешендік сөздерді меңгеру нәтижесінде сана-сезімі мен ақыл- ой ұшқырлығы, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесін, шығармашылық қабілетін орта сыныпта да арттыруға болатыны қарастырылған.
Шешендік –жастардың рухын аспандатар, асқақтатар өнер. Ал қазақтың халықтық рухы орасан. Тек рух сақталса ғана, жастар рухын оята аламыз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, шешендік шежіре-рухани байлық көзі. Халқымызға тән шешендік өнер тәліміне кейінгі ұрпақты тәнті етер болсақ, орасан рухани шапағат, парасат сыйлаймыз. Ал рухы зор, рухани бай ұрпақ – еліміздің сенімді келешегі. Содықтан мен мұғалімнің бұл оқу бағдарламасын жоғары бағалай отырып, ұсынуға болады деп түйіндеймін.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің Қазақ филологиясы
және әлем тілдерінің факультеті,
Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Ерғожина Шаттыгүл Лесбекқызы
Алматы қаласы, «Жаңа Ғасыр»
№175 гимназияның қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Камзина Марпуга Слямкановнаның
7-сыныпқа жазған «Шешендік
өнер» қолданбалы курсының
бағдарламасына
ПІКІР
Ұсынылып отырған тақырыптар мен тапсырмалар қазіргі заманғы білім беру жүйесіне қойылатын талаптар тұрғысынан ізгілендіру, ақпараттандыру, нәтижелендіру ағымдарына сәйкес жазылған. Бағдарламада жүргізілетін жұмыс түрлері толық қамтылған. Құрастырылған әдістемелік жинақ оқу -тәрбие үрдісінде қазіргі кезде оқыту ісінің жемісті болуына қажетті жағдай тудырады. Оқушылардың ой-өрісін, тіл орамдығын кеңейтуге жол сілтеген. Мұғалім өз бетінше күнтізбелік жоспар жасап, оқушылардың жас ерекшелігіне қарап құрастырған.
Ізденіс барысында оқырманға түсінікті болу үшін «Шешендік өнер» курсы тақырыбы мен мазмұнын, шығармашылықпен жұмыс істеу түрін нақты ашып түсіндіреді. Қазақстанның болашағын құратын – бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан олар мектеп қабырғасынан өз ана тілдерінде шешен сөйлеп, сөздің парқын білсе, көпшілік алдында ойын әдемі жеткізе білсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама-ның жаңалығы – оқушылардың шешендік сөздерді меңгеру нәтижесінде сана-сезімі мен ақыл- ой ұшқырлығы, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесін, шығармашылық қабілетін орта сыныпта да арттыруға болатыны қарастырылған.
Шешендік –жастардың рухын аспандатар, асқақтатар өнер. Ал қазақтың халықтық рухы орасан. Тек рух сақталса ғана, жастар рухын оята аламыз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, шешендік шежіре-рухани байлық көзі. Халқымызға тән шешендік өнер тәліміне кейінгі ұрпақты тәнті етер болсақ, орасан рухани шапағат, парасат сыйлаймыз. Ал рухы зор, рухани бай ұрпақ – еліміздің сенімді келешегі. Содықтан мен мұғалімнің бұл оқу бағдарламасын жоғары бағалай отырып, ұсынуға болады деп түйіндеймін.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің Қазақ филологиясы
және әлем тілдерінің факультеті,
Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Ерғожина Шаттыгүл Лесбекқызы
Жалпы білім беретін орта мек-
тептердегі 5-11 сыныптар үшін
бейінді және бейіналды элективті
курстардың оқу бағдарламасының
сараптауды ұйымдастыру комитетіне
ҚАТЫСУ ӨТІНІШІ
Мен, Камзина Марпуга Слямкановна, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы 7-сыныпптардың гуманитарлық бағдарлары бойынша «Шешендік өнер» оқу бағдарламасын қарау үшін қабылдауыңызды өтінемін. Бұл бағдарламаны мен құрастырдым.
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясының 7-сыныбы 2013-2014 жыл бойы қыркүйектен мамырға дейін апробацияланған.
Автор жөнінде қосымша ақпарат: Бұл мекемеде 2009жылдан бері жұмыс жасап келеді. Жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Шығармашылық жұмыспен айналысады. Оқушылары аудандық, қалалық жарыстарға қатысып тұрады.
Аты-жөні
|
Туған жылы
|
Пед.
өтілі
|
Білімі (оқу
орнының атауы,
мамандығы)
|
Санаты
|
Ғылыми атағы
|
Мекен-жайы
|
Телефоны
|
Камзина Марпуга Слямкановна
|
1963ж 21.05
|
28 жыл
|
ҚазМУ
филолог
(қазақ тілі мен әдебиеті)
|
14
|
-
|
Мамыр/
Тагүл ықш.
12-үй,
8-пәтер
|
263-98-47
87017758286
|
Қолдары:
Аты-жөні
|
Туған жылы
|
Пед.
өтілі
|
Білімі (оқу
орнының атауы,
мамандығы)
|
Санаты
|
Ғылыми атағы
|
Мекен-жайы
|
Телефоны
|
Камзина Марпуга Слямкановна
|
1963ж 21.05
|
28 жыл
|
ҚазМУ
филолог
(қазақ тілі мен әдебиеті)
|
14
|
-
|
Мамыр/
Тагүл ықш.
12-үй,
8-пәтер
|
263-98-47
87017758286
|
Жалпы білім беретін орта
мектептердегі 7-сыныптар үшін
бейіналды элективті
курстардың оқу бағдарламасының
сараптауды ұйымдастыру комитетіне
ҰСЫНЫС
Қазақ тілі мен әдебиет, тарих кафедрасының әдістемелік кеңесінде біздің мектеп мұғалімдерімен құрастырылған және апробацияланған бейіналды элективті курстардың оқу бағдарламалар саны құрастырылды және байқауға жіберілуге ұсынылды. Қарау үшін келесі материялды қабылдауыңызды өтінемін.
р/с
№
|
Бағдар
|
Бағдарлама
аты
|
Сынып
|
Бет
|
Саны
дана
|
Дис-кет
|
Ендіруге
кепілдеме (аты-жөні, қызметі
және жұмыс орны, ғылыми дәрежесі)
|
Мұғалімнің
аты-жөні
(толығымен)
|
1
|
гуманитарлық
|
Шешендік өнер
|
7
|
6
|
2
|
2
|
Ш.Л.Ерғожина.
Қаз Мем. ҚПУ. Қазақ филология-сы және әлем тілдерінің факуль-тетінің Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.
|
Камзина Марпуга Слямкановна
|
«Жаңа Ғасыр» №175
гимназия директоры: Мәнекеева Г.Б
Жалпы білім беретін орта мектептердегі
бейінді және бейніалды элективті курстардың
оқу бағдарламаларын сараптауының I кезеңінің
ХАТТАМАСЫ
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның комиссия шешімімен келесі бағдардың және элективті курстардың оқу бағдарламалары талаптарға сәйкес деп танылуы және сараптаудың II кезеңіне қатысуына ұсынылады.
р/б
№
|
Бағдар
|
Бағдарлама атауы
|
Сынып
|
Мектеп
|
Мұғалімнің аты-жөні
(толығымен)
|
Қосымша
(әрбір бағдарлама үшін құжаттарды және басқаларын көрсету керек)
|
1
|
|
Шешендік өнер
|
7
|
«Жаңа Ғасыр»
№175 гимназиясы
|
Камзина Марпуга Слямкановна
|
|
Комиссия төрайымы: Директордың ғылыми іс жөніндегі орынбасары Қаратаева Ж.А
Комиссия мүшелері: Филология кафедрасының жетекшісі Умарова Н
Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының жетекшісі Құлмаханбетова Ә.С
БАҒДАРЛАМА
оқушы компонентерінің курстары
ШЕШЕНДІК ӨНЕР
7-сынып оқушыларына,
аптасына1сағат, барлығы 34 сағат
М.С. Камзина
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы
Пікір жазған: Ш. Л. Ерғожина, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қазақ филологиясы және әлем тілдерінің факультетніңі Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.
Түсініктеме хат мазмұны
Мәтіні
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
Мәтіні
Нормативті бөлім
Мәтіні
Р/С
|
Тақырыптың аты
|
Сағат саны
|
Өткізілу түрі
|
Білімдік қазынасы
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
Ақпараттық- әдістемелік бөлім
Мәтіні
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мәтіні
Қосымша
Мәтіні
1.Түсініктеме хат мазмұны
Шешендік сөз өнері (риторика) мектеп қабырғасындағы оқушының көптеген ғылымдармен (философия, психология, лингвистиа, логика т.б) тығыз байланыста бола отырып, оқушының сөз саптау шеберлігін дамытады. Әр түрлі сөз мәтіндерін құруды, логикалық қағидалар келтіретін грамматика ережелерді меңгертеді, әдебиет теориясына, халық ауыз әдебиетіне, тіл мәдениетіне, тіл, әдебиет пәніне қызығушылығын арттырады. Қазіргі қазақ тілі әдістемесінде риториканың жеке талаптары пайдаланып жүр. Мысалы: мәтінді суреттеу, пайымдау, баяндау деп бөлу, индуктив және дедуктив пайымдау құру ерекшеліктері, дәлелдеу ережелері, оқушылардың дұрыс сөйлеуін дамытуда түрлі жанрларда жұмыс істеуге дағдыланады.
Таңдау курсының мақсаты:
-шешендік сөз өнері арқылы шәкірттерді сөз құрылысын (композициясын);
- сөйлеу мәдениетін меңгеруге, сөз саптауға, сөз жарыстыруға, жазба және ауызша іскерлік және ғылыми тілде сөйлеуге, бұқаралық ақпарат тілін нақты игеруге, құжаттарды дайындауға, іскерлік диалогтарды, проза тілін сараптауға үйрету.
Шешендік өнер пәнінің міндеті:
шешендік сөз өнерін үйрету
шешендік сөздердің нақышына келтіріп айта білу
шығармашылық жұмыста көркемдегіш құралдарды кеңінен пайдалану
сөздік қорын байыту
сөз қолданыс мәдениетін қалыптастыру
тірек сөздер арқылы мәтін құрастыру
суырыпсалма сөз және риторикалық жаттығулар орындау
сыныптан тыс оқу
ізденіс, зерттеу жұмыстарына көбірек мән беру
шешенге қойылатын үш талапты: нені айтуды, қайда айтуды, қалай айтуды үйрету;
Жалпы, шешендік сөз өнерінде қарастырылады:
сөздің пайда болуы ( ой мен сөздің қарым-қатынасын пысықтау, әлдебір ниеттің пайда болуы және оның сөз жүзінде бейнеленуі, сөзге айналуы);
сөздің әлеуметтік сипаты мен әдеби тілдің сыртқы қағидаларына орайластыра жіктеу
(ауызша және жазбаша тілдің құрамын белгілейтін ережелер);
сөз этикасын білуге тәрбиелеу, сөзге талдау жасау арқылы оның пәндік мазмұнын, сөзді тудырушының мінезін және стилін анықтау, бүгінгі күні сөйленген сөздің кең ауқымын оны құрушылардың мақсатына орай, сөздің негізгі мазмұнын, жұртты қызықтыратын, қобалжытатын тақырып пен мәселенің сипатын анықтау; риторикалық классика мен үлгілі сөздерге талдау жасауға үйрету.
Ойды нақышына келтіріп сөйлеу құралдары: ым-ишара, мимика, интонация жасау техникасын меңгерту. Логикалық, психологиялық, граматикалық кідірісті дұрыс қоя білуге де көңіл бөлу. Сауаттылығы мен сөйлеу техникасын меңгерту үшін қызықты тапсырмалар орындау.
2.Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім
Кіріспе сабақ – 1сағат
Шешендік сөздің дүние жүзі халықтарының өміріндегі орны мен мәні.
Қазақ шешендік сөздердің үлгілерін оқыту – 19 сағат
Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері. Оның ауызекі айтылып таратылуы. Ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздің үлгілері «Аяз би», «Қырық өтірік», «Тазша бала» ертегілеріндегі тапқырлық жайттар. Мақал-мәтелдердің шешендік өнердегі орны. Жұмбақтың, ауыспалы мағыналы сөздердің көркемдік ерекшеліктері. Тұрмас-салт жырларындағы шешендік: «Сыңсу», «Қоштасу», «Жар-жар», «Жарапазан» жырларында кездесетін қанатты сөздер. Мұндағы тапқырлық пен этикалық мәселелер.
Орхон-Енесей жазбаларындағы эпикалық сипат. Батырлар жыры, Қазіргі кездегі шешендік сөздін қолданысы. Ақындардың сөз саптауының тәрбиелік сипаты. Шешен-билердің нақыл-ақыл сөздерінің терең сыры, астарлы ой, жұмбақ өсиет түрінде келуі. Шешендік өнердің айтыс жанрына ұқсастығы мен өзгешелігі.
Ақындықтағы тапқырлық пен сөз шеберліктері –4 сағат М.Шаханов «Отырар» поэмасы. Бұқар, Махамбеттердің әрі ақын, әрі жырау екендігі. М.Мақатаев «Райымбек» поэмасы. А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағындағы мысал сөз кестесі.
Қазақ шешендік сөздерінің мазмұнына қарай бөлінуіне арналған жаттығу жұмыстары – 7 сағат
Шығармашылық тапсырмалар – 4 сағат
Шешендік өнердің құдреті туралы шығарма жазу. Тіл туралы шығарма жазу.
Абай шешендігі туралы презентациялық слайдтар даярлау. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Қорытынды сабақ – 4 сағат
«Шешендік өнер сабағынан алған әсерім» ой бөлісу. Шешендік сөз бойынша композициялық қойылым әзірлеу
М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасындағы «Билер» сценалық көрініс көрсету.
сынақ тапсырма мен тест жұмысын алу.
«Шешендік өнер» таңдаулы курсында мынандай тақырыптар қамтылады: 1) отбасылық және тұрмыстық диалог, 2) фольклор; 3) жеке және іскерлік хат алмасу; 4) іскерлік диалог, 5) ауызекі сөйлеу түрлері:
а) құтықтау сөзі; б) бұқаралық шаршы топтағы сөз (бүгінгі күн мәселесі т.б.); в) соттық сөз (айыптаушы, қорғаушы); г) оқу тілі (сұхбат, дәріс, семинар, емтихан);
6) ғылыми жазбалар және ғылыми әдебиет; 7) көркемдік әдебиет; 8) журналдық әдебиет (ғылми-публицистикалық, әдеби-сын); 9) бұқаралық ақпарат (баспасөз, радио, теледидар, әр түрлі жанрдағы жарнамалар).
3.Нормативті бөлім
(7-сынып, аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат)
р/с
|
Тақырыптың аты
|
Сағат саны
|
Өткізілу түрі
|
Білім қазынасы
|
бар-лығы
|
лек-
ция
|
прак-тика
|
лекция
|
Шешендік өнер жайлы мағлұмат алады
|
1
|
Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеті, шешендік өнер туралы түсінік.
|
1
|
1
|
|
лекция
|
Шешендік өнердің мәні ұғындыры-
лады
|
2
|
Риторика - өнер падишасы..
Қазақ шешендік өнерінің ерекшелігі
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Сөз өнері туралы қанатты сөздер мен мақалдар жаздыру
|
3
|
Орхон-Енесей жазуындағы көркемдік шешендік сөздер
|
1
|
1
|
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп оқу, ізденіп оқуға тапсырма беру
|
4
|
Тұрмыс-салт жырларындағы шешендік
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп оқу тәсілін меңгерту
|
5
|
Қазақ ертегісіндегі шешендік сөздер
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Кейіпкер рөліне еніп, кейіпкер тілімен сөйлеуге дағдылану
|
6
|
М.Шаханов «Отырар» поэмасы
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Шығарма мазмұнын игеруге, мәнерлеп оқуға жаттығу
|
7
|
Алғыс, рахмет сезімдерін білдіру шешендігі
|
1
|
|
1
|
пысық-тау жат-тығуы
|
Жатқа тілек сөз айту, алған білімдерін тәжірибеде қолдану
|
8
|
«Тілім менің – досым менің»
|
1
|
|
1
|
шығарма
|
жаттығу жұмысы
|
9
|
Бата шешендігі
|
1
|
|
1
|
|
Мәнерлеп жатқа айту
|
10
|
Тілек шешендігі
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Алған мәліметтерін тәжірибеде пайдалана
білу
|
11
|
Туған күн мерекесін өткізуге дайындық («жүргізуші» қабілетін сынау)
|
1
|
|
1
|
пысық-тау жаттығу-лары
|
Мәнерлеп жатқа айту
|
12
|
Шешендік өнерге тән басты сипаттар:
1) Ұшқырлық, тапқырлық, шешендік
|
1
|
|
1
|
пікірта-лас
|
Төле бидің шешендік сөздерін жаттау
|
13.
|
2) Сөздегі мағына тура және ауыспалы, астарлы сөз
3) Сөздегі ұйқас
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Қазыбек,Әй-теке бидің шешендік сөзін жаттау
|
14
|
Тапсырмалармен жұмыс
|
1
|
|
1
|
тест
жұмысы
|
Шешендік сөздің түрін ажырата білу
|
15
|
Сөздегі жұмбақ. «Ақтайлақ бидің шешендігі»
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Шығарма мазмұнын меңгерту
|
16
|
Батырлар жыры мен лиро-эпос жырындағы шешендіктің шебер үлгісі
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
«Ер Тарғын» жырын рөлмен оқу
|
17
|
Аңыз әңгімедегі шешендік қисын
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Қорқыт ата туралы аңыз- ды білу, талдау
|
18
|
Ақындықтағы тапқырлық, сөз шеберліктері. Бұқар, Махамбеттердің әрі ақын, әрі жырау екендігі.
|
1
|
1
|
|
Ішінара зерттеу, өзіндік жұмыс
|
Ақын-жыраулар-дың шығар-машылы-ғына тоқталу
|
19
|
Абай шешендігі
|
1
|
1
|
|
Жоба-лар, тақырыпты қор-ғау
|
Абай әлеміне тереңірек үңілу, презентация-лық слайдтар әзірлеу
|
20
|
«Бір ауыз сөз»
|
1
|
|
1
|
шығарма
|
Өз ойын, тіл көркемдігін жеткізе білу
|
21
|
М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасындағы «Билер» сценасын оқып үйрену
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Үзіндіні жатқа айтқызу, саханалық қойылым көрсету
|
22
|
Шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Оның ақындық, жыраулық поэзияға тән үндестігі (Қазбек пен Қалмақ ханы, Абылай ханның шешендігі)
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Саханалық қойылым қоюға, түсініп, мәнерлеп тапқыр сөйлеуге машықтану
|
23
|
М.Мақатаев «Райымбек» поэмасы
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп оқу
|
24
|
Айтыстағы тапқырлық, аталы сөз үлгілері. «Жар-жар», «Жарапазан», «Жұмбақ» айтысы және оның зерделікке тәрбиелеудегі мәні.
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Жатқа айту
|
25
|
Естірту мен көңіл айту. А.Байтұрсынов
23 жоқтау өлеңдерін оқу және талдау.
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп оқу, өзіндік пікірін айтуға үйрету
|
26
|
Жас нәрестеге тілек айту
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Алған тәжірибесін қолдануға үйрету
|
27
|
Жолаушыға, оқуға түскенге т.б. тілек, құттықтау сөз айту
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Алған мәліметін пайдалану, сөз сазын келтіріп сөйлеуге дағдылан-дыру
|
28
|
Дауыс мәнеріне қарап, көңіл-күйді ажырату
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Мәнерлеп сөйлеу дағдысын үйрету
|
29
|
Сөйлеушінің жүріс-тұрыс мәдениеті және оның сөз өнерінің түрімен байланысы
|
1
|
|
1
|
пікірта-лас
|
Жеке тұлғаның қалыптасуы-на бағыт беру
|
30
|
Қазақ тілінің беделі мен болашағы (Тілге жасаған «реформалар» т.б.)
|
1
|
|
1
|
пікірта-лас
|
Өзіндік еркін ойын айтуға машықтан-дыру
|
31
|
А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағындағы мысал сөз кестесі
|
1
|
|
1
|
жаттығу жұмысы
|
Теория мен практиканы ұштастыру
|
32
|
«Шешендік өнер сабағынан алған әсерім» ой бөлісу. Шешендік сөз бойынша композициялық қойылым әзірлеу
|
1
|
|
1
|
жинақ-тау, қорыту
|
Ойын қағаз бетіне түсіріп, шығармашы-лықпен айналысады.
|
33
|
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
|
1
|
|
1
|
сайыс
сабақ
|
Шешен сөйлеуге машықтана-ды
|
34
|
Жылдық қорытынды
|
1
|
|
1
|
сынақ
|
Тест жұмысын алу
|
|
Барлығы:
|
34
|
|
|
|
|
4.Ақпараттық-әдістемелік бөлім
7-сыныпқа арналған «Шешендік өнер» таңдау курсы түсінік хатта көрсетілгендей, мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламадағы тарауларға орай, тақырыптар ақын шығармашылығын меңгеруге, шешендік өнердің құдіретін, шешендердің сөз саптауын түсініп оқуға, танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы теориялық білім мен тәжірибені өзара байланыстырып қарастыруға, «Шешендік өнер» курсын толық меңгеруге көмектеседі. Шешендік өнерді меңгеру үшін арнайы тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар, шешендік сөзден үзінді жаттау, ізденіп оқу жұмыстары беріледі. Тапсырмалар берудегі мақсат :
1) Алдымен шешендік сөз ұғымын оқушы санасына жеткізу. Шешендік сөз – халқымыздың өмір сүрген ортасы, тұрмыс-тіршілігі, ой елегінен, өткізген, ұрпақ санасына сіңімді, теңдесі жоқ көркем сөз қазынасы екенін ұғындыру;
2) Шешендік сөздерді айтушылар кімдер? Олар - билер, шешендер, көпті көрген өнегелі адамдар, сөз зергерлері. (Мысалдар арқылы бұрын білетіні еске түсіріліп, түсініктерін кеңейту);
3) Шешендік сөздердің мазмұны мен оқиғалары. Шешендік сөздер үлгілері, оны талдау;
4) Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні. (Бүгінгі өмір көріністерімен байланысы);
Оқушылардың білім мен білік дағдыларына қойылатын басты талаптар:
оқудың негізгі түрлері – сөздерді, сөйлемді тұтас оқу, шапшаң оқу, пайымдап (түсініп) оқу;
әр түрлі мәтіндердегі сөздің мәнін түсініп, өзіндік пікірін, болжамын, ой-тұжұрымын өзіндік; сөз өрнегімен жеткізе білуге үйрету;
актерлік өнерге бейімдеп, сахналық қойылым түрін қоюға жаттықтыру;
жеке тұлғаның өзін -өзі тануына жол ашу;
Білім деңгейін анықтайтын өлшеуіштер
Қорытынды сабақ сынақ сабақ негізінде құрылады.
Сынақ сабағында әзірлік мынандай негізде құрылады.
Сынақтың міндеті мен мақсатын саралау;
Оқушыларға тапсырма мен сөйлейтін тақырыптарын бөліп беру;
Оқушылардың пікір-таласын тудыратын сұрақтарды әзірлеу;
Сынақ сабағы оқушылардың білімін тереңдете түседі, жауапкершілігін арттырады, берілген сұраққа тез арада толық және дәйекті жауап беруге дағдыланады.
«Шешендік өнер» курсын игертуде таным-қабілетін бағалау үшін «5» балдық жүйені пайдалануға болады.
«5» бағасы – курс барысында игеруге тиіс материялды толық меңгеріп, дәл, логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
«4» бағасы – курс барысында игеруге тиіс материялды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
«2» бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады.
Бағалауда төмендегідей ерекшеліктерге назар аударған жөн:
оқушының шығарманы түсініп, мәнерлеп оқуына;
талапқа сай, нақышына келтіріп айта білу шеберлігін қалыптастыру;
шешендік өнерді толығымен игеруіне;
қосымша әдебиеттер мен көркемсөз оқу байқауына қатысуына;
шығармашылық, ізденіс жұмыстарымен айналысуына баса назар аударған жөн;
Ауыз әдебиетінің бай мұрасы тұрмыс-салт жырларындағы аталы сөзге тоқтау, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты шешендік сөздерді, халық педегогикасы пәнімен, жұмбақтап айтылатын шешендіктің түйінін шешуді логика ғылымымен байланыстыруға болады.
5.Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1992
2. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1999
3. Негимов С. Шешендік сөздер. Алматы,1996
4. Адамбаев Б. Халық даналығы. Алмат, 1996
5. Аристотель. Риторика. Москва, 1981
6. Қ азақтың би-шешендері. Алматы, 1995
7. Есхожин І. Шешендік шиырлары. Алматы, 1993
8. Шешендік сөздер жинағы Алматы 2000ж.
9. Қазақ тілі мен әдебиеті №5 2001.
10. Қазақ тілі мен әдебиеті №1 2000.
6. Қосымша
«Бір ауыз сөз», «Тілім менің – досым менің» шығармашылық жұмысы және Бұқар мен Махамбет ақынның сөз шеберлігі туралы зерттеу жұмысын, Абай шешендігі туралы жобалар байқауы өтіледі, шешендердің сөзін саханалық қойылым арқылы көрсету де қарастырылған. Жыл соңында сынақ тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |